Сайтқа кіру Тіркелу

Ананың тілі – жүректің үні

Тақырыбы: Ананың тілі – жүректің үні.(2 - сынып тәрбие сағаты).
Мақсаты: Ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту, сөйлеу тілдерін дамыта отырып көркем, шешен сөйлеуге баулу. Кітапханамен байланысты жақсарту.
Ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: тіл, кітап туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер жазып ілу. Балаларға арналған басылымдар, кітаптар көрмесі.
Қонақтар: Оқу ісінің үздігі, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Метбаева Құралай Омарқызы және ауыл кітапханашысы Жиеналиева Марал Құрымбайқызы
Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Тәрбие сағатына шақырылған қонақтармен және жоспарымен таныстыру
Тәрбие сағатының жоспары:
1. Кіріспе сөз
2. «Орамал тастамақ» ойыны.
3. Қонақтар сөз алғанда.
4. Әдеби – музыкалық қойылым.
5. Зерделі болсаң биік шыңға жетесің.
6. Қортынды.

Сүйемін туған тілді анам тілін
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген тыныс үнін. –
деп С. Торайғыров жырлағандай бізге бесікте жатқан күннен бастап
құлағымызға сіңген қандай үн?
Бұл әрине, бесік жыры, бізді әлдилеген анамыздың үні, анамыздың тілі. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Бүгін міне, 22 – қыркүйек Тілдер мерекесі. Мерекелеріңіз құтты болсын!
«Орамал тастамақ» ойыны
Оқушылар дөңгелене отырып, «Орамал тастамақ» ойыны арқылы тіл туралы
мақалдар мен нақыл сөздер айтады.
1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Тәтті де – тіл, ащы да – тіл.
3. Тіл қылыштан да өткір.
4. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
5. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.
Нақыл сөздер.
1. Жақсы сөз бейне шамшырақ,
Орнаған мықтап көңілге. /Ж. Жабаев/
2. Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады
Сөз – ойдың айнасы. /Ғ. Мұстафин/
3. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. Құлаққа жағымды, ойға қонымды келеді. /Б. Момышұлы/

Қонақтар сөз алғанда..
Тәрбие сағатына қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, оқу ісінің үздігі
Қ. О. Метбаева мен ауылымыздың кітапханашысы М. Қ. Жиеналиева қонаққа келді, енді қонақтарды тыңдасақ.
- Құралай Омарқызы, сіз 25 – жылдан бері оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, қазақ тілінің қыр – сырын ұқтырып жүрсіз.
Шәкірттерге тіліміздің маңыздылығы мен мәртебесі жайлы айтсаңыз?
Құралай Омарқызының сөзі тыңдалады. Тәжірибелі ұстаз өнегелі сөздері арқылы ана тілін ардақтауға үндеді.
Ауылымыздың кітапханашысы М. Қ. Жиеналиеваға
Кітаптың бала өміріндегі рөлі жөнінде және балалар кітаптары, басылымдары туралы айтсаңыз?
Кітапханашы: Кітап - алтын сандық, Іші толған қазына құт, оқы, оқы ойыңа тұт. Кітап оқысаң таным көкжиегің кеңейеді, тіл байлығың дамиды. Барлық білім кітапта. Көп білу үшін кітапты көп оқу керек екендігін айтып, жаңадан келген кітаптармен, балаларға арналған басылымдармен таныстырды.
. Кітапханамен үнемі байланыста болуға шақырды.
Әдеби – музыкалық қойылым.
Ән; «Ананың тілі – аяулы үні»
1. Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2. Ақыл – ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
3. Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
Қойылым: Ең қымбат қазына.
4. Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
5. Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
6. Жүзімнің нәрлі нәзік сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақта көзіңнің жанарыңдай,
Ән: Үш бақытым
Зерделі болсаң биік шыңға жетерсің.
Ойын «Әрқашан күн сөнбесін!»
Күн сәулесіндегі сұрақтарға жауап беру.
1. Тіл не үшін керек?
2. Тілдер мерекесі қашан?
3. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
4. Орыс тілін білу қажет пе?
5. Қазақ тіліндегі балаларға арналған қандай басылымдарды білесің?

Қортынды. Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл жеткізе алмасақ, мұны тіліміздің орамсыздығынан көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет. Қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршін жастардың бір үлкен қателігі бар. Ол мынау: сөйлесе кетсең көпшілігі – ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдердің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбарала келетіні бірден байқалады. Мұның өзі әрине, тілін ұстартуға зер салмағандықтың белгісі. Тілімізді ұстарту үшін әдеби кітаптарды көп оқып, теледидардан, радиодан сөйлеген дикторлардың сөзіне, ақын, жазушылардың сөз қолданысына назар аударыңыздар.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп, тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қ. Мырза Әлі жырлағандай ана тілімізді құрметтей білейік!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тілім - менің тірегім

Тілім - менің тірегім

Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. Міндеттері: - ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - ана...
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

БҚО, Атырау облысы, Атырау қаласы, №17 мектеп - лицейінің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі Габдижалел Арайлым Габдижалеловна...
Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім

Тақырыбы: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім». Мақсаты: оқушыларды өз халқын, тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу....
Ана тілім – бабам тілі, өз тілім

Ана тілім – бабам тілі, өз тілім

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің мектепалды тобының тәрбиешісі: Маутова Злиха...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×