Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қош келдін, Наурыз!

Қош келдің, Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Сценарий көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Барысы: Мейрам өтетін жер салт – дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Қыздар безендірілген залға билеп кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар, ата - аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Жүргізуші: «Наурыз келсе, құт келгені, халайық!»
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу)
(Әже шашу шашады).
Әже: Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын
Ұлыс береке берсін
Бәле - жала жерге енсін
Ұлы халқым тең болсын
Қуаныш көп болсын!
Тәрбиеші: Балалар, Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейік!
Уа, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық!

Кел балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды болып мереке
Қыр гүлдей жайнайық.

Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты
Жылда солай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Наурыз тойы береке
Наурыз тойы жыр аңыз
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз

Қош келіпсің наурыз
Арман тойы халықтың
Қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамың

Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таптық Наурыз көжеден
Ән: «Көктем»

Би: «Ұлдар»
Слайд қазақтың салт - дәстүрін көрсету. ұлттық ойындар
Тәрбиеші: Наурыз мерекесі ұлттық мерекеміз болғандықтан да өз ұлтымыздың салт - дәстүрін айтпай кетпеске болмайды. Сіздерге «Тұсау кесу» рәсімін назарларыңызға ұсынамыз. Тұсау кесу бала тәй - тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. «Тұсауы кесілмеген бала» көп сүрінеді дейді. Тұсау кесу рәсімі ұлға да, қыз балаға да жасалады. Тұсауды ала жіппен кеседі, ол біреудің «ала жібін аттамасын» деген ниет білдіреді. Жүйрік бол, шауып кет т. б. тілектерді айта отырып, баланың аяғына байланған тұсауын кесіп жібереді.
Тәрбиеші: Әжей, Сіз бізге көмектесесіз ба? Сіздің жолыңызды берсін!
«Тұсау кесу» рәсімі ата - аналарға ұсынылады.

Айтыс «Әмір мен Адия»
Тәрбиеші: Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (балалардың жауаптары) олай болса сендерді «Теңге алу» ойынына шақырамын.
Ойын: «Теңге алу», Күш сынасу, Қыз қуу
Ән: «Әже».
Ұлттық тағамдар наурыз көже т.б
Би: «Қара жорға».
Осыменен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік аяқталды. Сіздерді Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету