Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Мың бұралған бишілер

Мақсаты: Өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін танып білуге бағыттау. Оқушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, ұлттық өнердің қыр - сырын үйрету.

«Шаттық» биімен ортаға қыздар тобы шығады.

«Шаттық» би үйірмесінің жетекшісі Жетпісбаева Айнұр кештің мағынасын ашып береді.

1 – жүргізуші: Сәлем - анам - алтын күн
Сәлем асыл ұстазым.
Уақытыма риза боп
Бақытыма шалқыдым
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз
2 – жүргізуші: Ассалаумағалейкум халқым менің,
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекеңіз
Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін дей келе бүгінгі «Шаттық» би үйірмесінің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Мың бұралған бишілер» атты би байқауына хош келдіңіздер»!

Екеуі бірге: Мың бұралған бишілерімізді қошеметпен қарсы алайық!

1 - жүргізуші: Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс - әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім - әсерлері. Би қимыл - қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірдегі өмір талабынан туды.
2 - жүргізуші:. Келе - келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті.
2 - жүргізуші: Сонымен бишілеріміздің реттік санын белгілеу үшін жеребе тасталынады.

1 - жүргізуші: Жеребе алу үшін әр сыныптан бір адамнан ортаға келулеріңізді сұраймыз. (Әр сыныптың реттік саны анықталады)

2 - жүргізуші: Бишілерімізді өз өнерлерін көрсетуге дайындалу үшін сахна төрінен босатамыз

1 - жүргізуші: Бишілер дайындалып болғанша мектебіміздің жас әншісі Сариева Сандуғаштың орындауында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Бақыт деген» әнін қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші: Билеу деген ол жай кез келген қимыл жасау емес. Әр халықтың биіне қарап сол елдің тұрмысын, салт дәстүрін, тіршілігін, жалпы өмірін, мінез құлқын көруге болады дейді өнер адамдары.
2 - жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайыскерлеріміздің қайсысы өздері таңдаған ұлттың табиғатын, тұрмыс тіршілігін қимыл қозғалыс арқылы, ырғақты көрсете алар екен көрелік.
1 - жүргізуші: Алғашқы болып өнер көрсететін................... сыныпты қарсы алыңыздар.

2 - жүргізуші: Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?
1 - жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан.
2 - жүргізуші: Алдарыңызда.................... сыныптың бишілер тобы.
1 - жүргізуші: Жалпы би өнері бұл да спорттың бір түрі екен.
2 - жүргізуші: Әрине, би билеген адамның дене мүшесі бәрі қозғалады. Ал, қозғалыс деген денсаулықтың бірден – бір кепілі ғой
1 - жүргізуші: Олай болса жігіттер мен қыздар үнемі би билеп шынығып жүрейік.
2 - жүргізуші: Келесі сайыскерлеріміз.................. сыныбын қарсы алайық!

1 - жүргізуші: Мың бұралып сахнада тамсанып,
Би билеңдер босатылып бар жүктен.
Көрермендер өте ыстық қарсы алып,
Шапалақтап жібереді зал біткен.

2 - жүргізуші: Жанарында жұлдыз жанып тұрады,
Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,
Көрерменнің көңілінен шығады,
Мың бұралған бишілердің өнері!

2 - жүргізуші: Келесі сайыскерлеріміз............... сыныбын қарсы алайық!

1 - жүргізуші « Алау болып жанамыз,
Жеңісті біз аламыз»,-
Деп келіпті бишілер
Қуана қарсы аламыз!

1 – жүргізуші: Келесі сайыскерлерміз........ сыныбын қарсы алайық!

2 - жүргізуші: Ой арманын кешемін,
Халқыма қызмет етемін.
Бүгінгі би сайыста
Өнердің сырын шешемін.

1 – жүргізуші: Ендеше......... сыныбын өз өнерлерімен қарсы алайық.

2 – жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
1 – жүргізуші: Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда....... сынып бишілері!

2 – жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
1 – жүргізуші: Бишілер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін сайыстарда тек шыңдайды!

2 – жүргізуші: Алдарыңызда өнер көрсететін......... сынып бишілері!

1 – жүргізуші: Құрметті көрермендер! Барлық сынып өз өнерлерін көрсетіп болды! Енді әділ қазылар алқасынан өз шешімдерін дайындауды сұраймыз!

2 – жүргізуші: Ал біз бұл уақытта «Шаттық» би үйірмесінің орындауында орыс биі «Кадрил»!
1 – жүргізуші: Құрметті оқушылар және ұстаздар! Бізге бүгін қонаққа сонау Үнді елінен қонақтар келіпті!

2 жүргізуші: Ендеше, қарсы алыңыздар, Үнді биі!

2 – жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

1 – жүргізуші: Сайыскерлеріміздің жүлделі орындарын хабарлау және осы бір айтулы кештің қорытынды сөзін айту үшін сөз кезегін Қалия апайға береміз!

Қызылорда облысы, Арал қаласы
№2 Облыстық арнайы санаториялық мектеп - интернатының
Тәрбиешісі: Жетпісбаева Айнұр Бақытқызы
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету