Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қош келдің жаңа жыл!

1 - жүргізуші:
Тарихтағы түріктің, киелі көк бөрінің, асыл текті Алаштың ұрпағы, армысыздар!
2 - жүргізуші: Бар бол, замандастар, бауырлар, ұлағатты ұстаздар мен көңілді құрдастар!
1 - жүргізуші:
Аппақ бүгін қыр, далам,
Ақ мақтаны жапқандай!
Бүкіл әлем – бір ғалам,
Қонақ күтіп жатқандай.
2 - жүргізуші:
Көңілде көп қуаныш,
Әр көңілде - әр қылық.
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық.
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар! Келе жатқан жаңа 2019 доңыз жылы мерекесімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешімізді ашу үшін өзінің жылы лебізімен мектеп директорын ортаға шақырамыз!
(Директордың құттықтау сөзі)
1 - жүргізуші: Ал ендеше кешімізді бастайық! Жаңа жыл ерекше мереке. Жаңа жыл десе қыс ызғары, аппақ қар, шырша мен неше түрлі сыйлықтар есімізге түседі. Ал осы мерекенің басты рөлін сомдаушы Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл мерекесін елестету әсте мүмкін емес. Ендеше, орнымыздан тұрайық, бетімізді бұрайық, шапалақты аямай ұрайық та Аяз ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайық!
(Аяз ата Ақшақар! Сахнаға келеді)
2 - жүргізуші: Ал, Аяз ата, Ақшақар сіңлім. Қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші:
Аяз атау, сіздікі рахат қой деймін да... жылына 364 күн демалып, 1 - ақ күн жұмыс істеп, сол 364 күннің айлығын алып кетесіз да... ал біз болсақ жылы 365 күн жұмыс істеп, 182, 5 күннің айлығын алып, мәз боламыз да жүреміз.
Аяз ата: Неге үйттің, қарағым, няғып 182, 5?!
2 - жүргізуші: Былай ғо, брат, бізде «сенбі, жексенбі» деген бар, біз ол күні мектепте емес өзіміздің «жеке офисімізде» жұмыс істейміз. Ал бірақ оған төлемейді ғоооой(((
Аяз ата: Дим да, қарағым, менікі де оңай емес! Екі бұғым бар, олардың жем - шөптері, Ақшақардың қысқы - жазғы киімі, косметикасы, салоны бар дегендей, одан қала берсе өзімнің де темекім бар күніне 2 қораб...затым бар... Мен де еріккеннен жүрген жоқпын ғой...
1 - жүргізуші:
Оооооой қояйықшы болды, жылағанның алдынан өкірген шығад дейді...
2 - жүргізуші: Соны айтам, 1 - ақ тілек айта қояйыншы деп ем, проблемаңызды айтып кеттіңіз ғо, Аяз атау?!
1 - жүргізуші: Кризисный аяз ата екенсіз! Ал, Аяз ата, жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер. Одан да тілек жаудырып, бата беріңіз, мына ұстаздар қауымына!!!
Аяз ата: Жарайды, қарақтарым, аааал қолдарыңды жайыңдар!
Ақ мол болсын...
1, 2 - жүргізушілер: АЯЗ АТА! Бұл ол жаңа жыл емес қой!
Аяз ата: Кешіріңдер, қарақтарым! Қыста Аяз ата, көктемде Қыдыр ата боп, ми ашып кетті... Аааал, қарақтарым...
Жаңа жыл құтты болсын!
Шаңырақтарың шаттыққа толсын!
Әр үйде амандық болсын!
Бесікте балаң жылап,
Үйлерің у - шу болсын!
Жұмыстарың жемісті болсын!
Айлықтарың көп болсын!
Айтпай шапқан жау жаман,
Фронтальныйларың жоқ болсын!
А4 қағаздарың көп болсын,
Файлдарың мол болсын!
Ручкаларың бітпесін,
Сияларың кеппесін.
Соткаларың өшпесін,
Комиссияларың келмесін.
Оқушыларың білімді боп,
Мектеп атын еңсерсін!
(Аумин)
1, 2 - жүргізуші: Мәәә не деген бата?! Рахмет, аяз ата?!
2 - жүргізуші: Аааал, Ақшақар сіз не дейсіз? Или шынымен де Аяз атаның счетына өмір сүріп жүрсіз ба?... Бір ауыз бірдеңе демейсіз ба?
Ақшақар:
Демейді ау ешкім жаман өз атасын,
Қалайша жан жүрегің сыздамасын?!
Сіздерге ұнап қалған аташкамның,
Жазып берген мен болам ақ батасын.
1, 2 - жүргізуші: Ойбооой, керемет, керемет!
2 - жүргізуші: Сөз тапқанға қолқа жоқ! Жақсылап тұрып дайындалып кепсіздер ғой, ия? 364 күн кеткен шығар мына тақпақ жаттауға.
1 - жүргізуші: Дегенмен, алғысымыз шексіз! Сонау жерден бұғы терлетіп келген сіздерді де құр қол қайтармаспыз! Сыйға сый, батаға бата! Ал, сіздерге қол жайып, бата берер «Мектеп» атты шаңырағымыздың ақ сақалды аталары мен ақ жаулықты аналарын ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз!
(құттықтау сөз үлкен кісілер)
1, 2 - жүргізуші: Айтқандарыңыз айдай келсін, жаппай би!!!
1 - жүргізуші:
Білінбейді жас жүрекке түнгі ызғар,
Сыйлар шабыт ақындарға гүл қыздар.
Әнші қыздар ән салғанда беу шіркін,
Жымыңдайды аспандағы жұлдыздар! – деп кезекті әсем әнге береміз. Тыңдай отырыңыздар!
(Өлең «Қош келдің, Жаңа жылым, қазағыма!)
2 - жүргізуші: Әріптестер, білесіздер ме, біз негізі ерекше жаратылыс иесіміз. Айтыңыздаршы, кім таңғы ас ішпей жүріп бүкіл тірлікті тиянақты етіп істей алады?
- Кім жұмыс уақыты басталмаса да жұмысқа ерте бара алады?
- Кім түскі үзіліс, демалыссыз жұмыс істей алады?
- Кім түн ортасы жұрт ұйқыда жатқанда компьютерге телміріп қарап отыра алады?
- Ал кім өзіне өзі сұрақ қойып, өзі жауап бере алады?
- Кім бір уақытта 30 адамның сұрағына 30 түрлі жауап тауып бере алады?
- Кім керек емес қағаздарды үнемі көтеріп жүре алады?
- Кім бүкіл бір ауылды таниды айтыңыздаршы, кім?!
Әрине, тек қана біздер, мұғалімдер!!!
2 - жүргізуші:
Біздің жасаған жұмысты ешкім жасай алмайды, сондықтан біз ерекше жандармыз! Өзімізге құрмет көрсетіп, шапалақ соғып қояйық!
Ееееех, бір мәз боп қалған шығарсыздар, ә?! Олай болса жас ұстаздар өзіміз жайлы бір кереметтей ән орындап берсін, ия?!
(«Ұстаздар» әні. Жастар)
2 - жүргізуші: Ал, енді кішігірім ойын ойнап жіберсек...
Рахмет баршаңызға, ойнадық... күлдік... биледік... ал енді ән тыңдайық. Арайдың орындауында «Первая любовь» әні. Қарсы алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
2 - жүргізуші:
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
1 - жүргізуші:
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Қарсы алайық доңыз жылын
Ұзатып сап ит жылын!
2 - жүргізуші:
1, 2 - жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын!
1 - жүргізуші: Құрметті, банкет сүйер қауым, кезекті кереметтей тілектерге берсек...
2 - жүргізуші:
Ортаға... біреу үшін оңбай таяқ жейтін, біреу үшін сөз еститін, қонақ келсе бірінші боп қарсы алатын, жұмыс рөлін басқаратын біреуге әпки, біреуге ағай, біреуге завуч, біреуге көрші бола білген мектеп әкімшілігін ду қол шапалақпен ортамызға шақырайық!
1, 2 - жүргізуші: Әкімшілік, жаппай ортаға! (сөз әкімшілік)
(ойын)
Дискотека
Жаппай би!
(ойын)
1 - жүргізуші: Баршаңызға рахмет, орнымызға жайғасайық! Ал енді, жұмысқа бару десе - холодильниктегі асын асықпай ішіп баратын, комиссия келе жатыр десе – «келмей жүрген комиссия ма еді» деп жауап беретін, көп жасамаса да көпті көріп тастаған мектептің қарбалас өміріне үйреніп ұялаған орта буынды ұстаздарымызды шақырайық ортаға.
Жаппай би!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету