Сайтқа кіру Тіркелу

Ислам діні

Павлодар облысы дін істері басқармасының «Конфессияаралық қарым қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ
Баяндама
Ислам дініндегі Ханафи мазһабы – қазақтардың дәстүрлі діні
Боздаева Асыл Аманкуловна
№11 Качиры колледжі.
Аңдатпа
Мазһаб араб тілінен аударғанда «жол» немесе «ғұламалар көрсеткен бағыт» деген мағынаны береді. Қазақстан жеріне сонау VIII ғасырда енген ислам тек XIX ғасырда ғана еліміздің барлық аймақтарында берік орнықты, және содан бері халқымыз атақты ислам ғұламасы Нұғман ибн Сәбит (р. а.) негізін қалаған Ханафи мазһабын ұстанып келеді. Мұның өзге мазһабтардан басты артықшылығы ислам қағидаларына қайшы келмейтін ата бабаларымыздың дәстүр салттарының да кеңінен қоланылуында.
Мазһаб ұғымын жете түсіне алмаған кейбір шала сауаттылар: «Сен пайғамбардың сүннетімен жүресің бе, әлде ханафи мазһабын ұстанасың ба?» деп, ханафи мазһабын пайғамбар жолынан бөлек етіп көрсетуге тырысады. Ал солардың өздері ханафи мазһабы пайғамбар жолынан бөлек, жеке басына дара жол емес екенін біле ме екен? Олай болса ханафи мазһабын исламнан бөлек, пайғамбар сүннетінен өзгеше жол емес, керісінше Құран аяттары мен хадистерде білдірілген ақиқаттарды анықтап, үкімдерді халыққа түсіндіруші мектептердің бірі деп түсінуіміз керек.
Аннотация
В этом докладе рассматривается вопрос об основной религии казахов и об Абу Ханифатском мазхабе. Наши предки придерживались законам этого мазһаба, и мы тоже будем придерживатся этого.
Слайд 1. Қазақстан Республикасының Конституциясында еліміздің зайырлы мемлекет екені анықталған. Демек, заманауи шынайылықтағы зайырлы мемлекет ұғымының мазмұны құқықтық, демократиялық құндылықтарға негізделген. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша дін мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы өз алдына өзінің қызметтерін атқарады, әрі бір - біріне кедергі етпейді деген сөз. Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі, яғни, ар - ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық Кодексіне, «Қазақстан Республикасының діни бірлестіктер және дін тұту еркіндігі туралы» Заңдарына негізделеді.
Слайд 2. Қазақстанның діни саладағы және діни бірлестіктердің іс - қызметтеріне қатысты мемлекеттік саясатының мақсаттары мынадай ұстанымдарға негізделеді:
Әрбір азамат өзі ұстанатын дінді таңдай алу;
әрбір азаматтың ұстанатын дініне қарамастан, ар - ождан бостандығы мен құқықтарын қамтамасыз ету
діни бірлестіктердің еркін қызмет атқаруына құқықтық орта орнату;
діни бірлестіктердің бейбіт қатар өмір сүрулеріне қолдау көрсету, әртүрлі дінді ұстанатын адамдар арасындағы өзара түсіністік пен толеранттылықтың орнауына қолғабыс ету;
қазақстандық қоғамның консолидациялануы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның рухани - адамгершілік әлеуетін сақтау және нығайту;
жаһандану жағдайында дінаралық қатынастардың үйлесімділігіне септігін тигізетін рухани және мәдени байланыстарды сақтау және оны нығайта түсу.
Жалпы, адамзат дамуының дамуының тарихи тәжірибесінен туындаған мемлекеттің зайырлылық принципі мемлекет пен діннің бір - бірінен бөлінуін жариялағанымен, ол ұғым бұл екеуiнiң арасына қорған салуды білдірмейді. Өйткені, дiнсiз - мемлекет, ал мемлекетсiз - дiн жоқ. Қандай да болмасын мемлекет азаматтардан тұрады, ал олардың өзіндік наным - сенімдері, соның ішінде діни наным - сенімдері бар болатын болса, онда мемлекет те өзін толығымен діннің ыкпалынан тыс деп сезіне алмайды. Діни факторды ескермей маңызды әлеуметтік процестерді қарастыру және олардың мәселелі тұстарын шешу мүмкін емес. Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi - елдiң тұтастығы және қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Сондықтан, ел дамуының бүгінгі кезеңінде екi тараптың өзара бiрiгiп әрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындаудың және жетілдіріп отырудың маңызы зор.
Дін елдің бәріне, көпшілікке түсінікті түрде адамзат тарихының мәні мен ерекшелігі туралы сұрақ қояды, адамшылық идеясын алға тартады, адамгершілікті тұлға, ар - ождан, ұят туралы көзқарастарды қалыптастырады.
Слайд 3. Исламның алғашқы дәуірінде мұсылмандар арасында діни қайшылықтар болмады. Өйткені хазірет Мұхаммед (с. ғ. с) пйғамбарымыз қасиетті Құран және өзінің даналығымен мәселенің шешімін айтып, дер кезінде алауыздықтың алдын алып отырған. Уақыт өте келе мұсылман заңының саласы бойынша Құран аяттарын дұрыс талдау және хадистерді зерттеу арқылы шариғатты дамытып, жалған мектептерге қарсы күресуші, олардың қателіктерін паш етуші имам Ағзам Әбу Ханифа, имам Малик, имам Шафиғи, Ахмад ибн Ханбал секілді ислам ғұламаларының мазһабтары дүниеге келді.
Слайд 4. Мазһаб араб тілінен аударғанда «жол» немесе «ғұламалар көрсеткен бағыт» деген мағынаны береді. Қазақстан жеріне сонау VIII ғасырда енген ислам тек XIX ғасырда ғана еліміздің барлық аймақтарында берік орнықты, және содан бері халқымыз атақты ислам ғұламасы Нұғман ибн Сәбит (р. а.) негізін қалаған Ханафи мазһабын ұстанып келеді. Мұның өзге мазһабтардан басты артықшылығы ислам қағидаларына қайшы келмейтін ата бабаларымыздың дәстүр салттарының да кеңінен қоланылуында.
Мазһаб ұғымын жете түсіне алмаған кейбір шала сауаттылар: «Сен пайғамбардың сүннетімен жүресің бе, әлде ханафи мазһабын ұстанасың ба?» деп, ханафи мазһабын пайғамбар жолынан бөлек етіп көрсетуге тырысады. Ал солардың өздері ханафи мазһабы пайғамбар жолынан бөлек, жеке басына дара жол емес екенін біле ме екен? Олай болса ханафи мазһабын исламнан бөлек, пайғамбар сүннетінен өзгеше жол емес, керісінше Құран аяттары мен хадистерде білдірілген ақиқаттарды анықтап, үкімдерді халыққа түсіндіруші мектептердің бірі деп түсінуіміз керек.
Қазақстанға исламның енуі, таралу деңгейі әлі толық зерттеліп болмаған мәселе. Исламның алғаш түркі көшпелілері арасында, яғни қазақтардың ата - бабаларында таралуы Қарахандар дәуірімен байланысты. Ислам мемлекеттік дін негізін қалай отырып, Қазақстан халқының қоғамдық өміріне тереңдеп ене бастайды. XVI – XVII ғғ. қазақтардың ортаазиялық халықтармен және Еділ татарларымен экономикалық және мәдени байланыстарының артуы Қазақстанға исламның кең орныға түсуіне ықпал етті.
Слайд 5. Мұсылмандықты қабылдаған басқа да халықтар сияқты, қазақтарда да тұрғындары сүниттік исламның ханафи мазһабын ұстанды.
Қазақ мемлекеттігі өзінің пайда болған кезеңінен бастап - ақ мұсылмандық құқықтық нормаларға арқа сүйеді. Шариғат заңы ислам діні ол пайда болғанға дейінгі жергілікті діни салт, жоралғылармен тығыз байланысты.
Слайд 6. Қазақ халқы өзінің салт дәстүрін атадан балаға мұра етіп қалдырып келеді. Солардың ішіндегі ең бір абзалы осы ислам діні болып табылады. Бәрімізге белгілі Қазақстан халқының 70 пайызын мұсылмандар құрайды.
Слайды 7, 8. Ислам діні біздің жерімізге VІІІ ғасырда келіп, XV ғасырда қазақ хандығының пайда болуы кезеңінде хандық билік ықпалының артуына, әртүрлі қазақ тайпаларының бір этникалық қоғам болып бірігуіне көп ықпалын тигізді. Қазақ хандығының ислам дінін ұстанатындықтарын Керей мен Жәнібек ханнан бастап қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейін көрсетіп келді. Қасым хан мен Есім хан қабылдаған далалық құқық заңдарынан да шариғаттың ықпалы анық көрінеді. Ислам дінін қоғамдық өмірге нықтап енгізуде Тәуке ханның «Жеті жарғысы» үлкен рөл атқарды. Бұл құжатта белгіленген әкімшілік, қылмыстық және азаматтық құқық нормалары көбіне көп шариғат заңдарына сүйенген. Жекелей алғанда «Жеті Жарғы» мұсылман дінін заңды түрде мойындады деуге болады.
Слайд 9. Шәкәрімнің 1910 жылы Қазан қаласында басылып шыққан «Мұсылмандық шарттар» еңбегі ақынның дін туралы білімінің өте жоғары екенін және Құранды терең зерттегенін көрсетеді. Шәкәрім алғашқылардың бірі болып Құранды қазақшалаған еді. Осы арқылы қазақ халқы да дінді ғылыми тұрғыдан тани бастады.
Слайд 10. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздік алды. ҚР үкіметінің алдында еркін демократиялық қоғам құру міндеті тұрды. Осыған байланысты діни сенім тұрғысынан алғанда әлемдік практика мен стандартқа сай құқықтық база құрылды. Осы кезде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев: -«Біз яғни, қазақтар үшін, ислам - бұл алдымен біздің пір тұтарымыз, әлемдік көзқарасымызды қалыптастыратын фактор, бір кездері ұмыт бола жаздаған ата бабалар мұрасын және бай мұсылмандық мәдениетін қайта қалыпқа келтіретін белгі» – деді.
Слайд 11. 2005 жылғы наурыздың 22 – сі күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр - Астана» мешіті ашылды. «Жаңа мешіт Қазақстанның жас астанасы үшін нағыз рухани діни орталығы, ал оның ғимараты қаланың көркіне бұрынғыдан да әдемі шырай беріп тұратын болады. Қала қонақтары қаланың көрікті жерлерін аралай жүріп Астана - ел астанасы ретінде заманауи ұлы дінді, ислам дінін ұстанатын білетін болады» деді Елбасы ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде.
Сонымен, ислам дінін қазақ халқының тілі, салт дәстүрі сияқты ұлтттық бірегейлігін көрсететін элемент ретінде қарастыруға болады.
Қазірде Батыста болсын, Шығыстың көптеген зайырлы мемлекеттерінде болсын, солардың арасында бізде де дін азаматтық қоғамның біріктіруші - бақылаушы механизмі ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғамдағы діннің негізгі қызметі оның мәдени - әлеуметтік жүйенің бірлігін сақтап қалушы күш болып табылатындығында.
Енді ғана тәй-тәй басып, мұсылманшылықты жаңадан үйреніп келе жатқан аз ғана халқымыздың арасында бәрінен бұрын бірлік, ынтымақ қажет. Еліміздегі мұсылмандар ғасырлар бойы ханафи мазһабын ұстанғандықтан халық арасындағы ауызбіршілікті сақтау, әрі енді енді намаздарын оқып үйреніп жүргендердің ойын сан саққа жүгіртпеу үшін халқымыздың үйреншікті мазһабын насихаттауға атсалысайық. Бұл ханафи мазһабынан басқа мазһабтардан аулақ болу керек деген сөз емес, тек келімсек миссионерлердің арбаушы насихаттарына парасаттылықпен қарап, өте қырағы болуымыз керек. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанып, әрі насихаттап отырған жолы ата бабамыз ежелден ұстанған ханафи мазһабы біздің кез келген сұрағымызға жауап беріп, қандай да болсын қажеттілігімізді өтей алатындай бай әрі өте қолайлы екнін есімізден шығармайық. Ендеше, басқа мазһабты уағыздап, жаңалық ашудың адамдардың басын қатырғаннан басқа пайдасы жоқ. Сондықтан жаңа жол салуға немесе, «біреудің қаңсығы біреуге таңсықтың кебін келтіріп, жат дінді уағыздағаннан гөрі ықылым заманнан үйренген жолымызды жандандырып, халықты ізгілік пен имандылыққа, бірлік пен ынтымаққа шақырайық. Ал бұл қазақ халқының қолынан келеді. Сондықтан халқымыздың рухани құндылықтарын арттырудағы негізгі міндет: адалдық пен шындықтың айнасы ислам дінін сауатты және айқын түрде уағыздау, басқа ұлттар мен діндерге құрметпен қарау. Слайд 12.

Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 г.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Жұма мінбері» // «Көкжиек» баспасы 2012.
"Ислам және қазіргі қоғам"- ғылыми прктикалық конференция материалдары, 2008 жыл 20 тамыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×