Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің
педагог - психологы Әбілова Айнұр Жазықбайқызы

Тренинг: «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» (мұғалімдерге арналған тренинг)
Мақсаты: Мұғалімдердің психологиялық көңіл күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыйластық қарым - қатынас орнату.
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар.
«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Абай
«Мейірімділікті анадан үйрен»
Халық даналығы
Жүргізілу барысы.
Ұйымдастыру.
1. Ойын жаттығу «Молекула»
2. «Саяхатқа бірге шығайық» тренинг
3. Ән арқылы топқа бөлу
4. «Паравоз» жаттығуы
5. Қорытындылау

- Сәлеметсіздер ме, құрметті семинарға қатысушы қонақтар! Мектебімізге хош келдіңіздер. Көңіл - күйлеріңіз қалай? Енді шаршағанымызды басып, сергіп алу үшін ортаға шақырамыз.

Ойын жаттығу: «Молекула»
Музыка қойылғанда барлық топ ортада билейді. Тоқтағанда жүргізушінің нұсқауымен 2 - 3 - 4 т. б. топтасады. Ойын соңында бәрі бірігіп атом құрайды. Мұғалімдердің ойын барысында алған әсерлері туралы ой бөлісу. Әрқашанда ортада өздерін дұрыс ұстай білу керектігін түсіндіру.
Ынтымақшыл, бірлікте, сыйласып жүру керектігін ойын арқылы түсіндіріп өту.

«Саяхатқа бірге шығайық» ойыны.
Шарты: Көңілді әуен ойнап тұрады. Әуен қосылған кезде алдыңғы ойын кезінде бөлінген топ бойынша тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындау керек. Солай ойын жалғасады.
- бой өлшемдеріңізбен сап құраңыздар;
- жастарыңызбен (кім қай жылғы) сап құраңыздар;
- шаштарыңыздың ұзындығымен сапқа тұрыңыздар
- туылған айларыңыз бойынша (қаңтар... желтоқсан)

Ойын ұнады ма, бір - бірлеріңізбен жақын танысты деп ойлаймын.
Ән арқылы топқа бөлу
Тренингімізді топқа болу жұмысымен жалғастырайық. Биылғы жыл біз үшін елеулі жыл. Олай дейтініміз «Тәуелсіздігімізге 25 жыл». Сол үшін де қазір біз мынандай әдіс арқылы топқа бөлінеміз. Қазір сіздерге парақшалар таратамын. Ол парақшада патриоттық ән жазылған. Сол әнді ыңылдап айтып жүру арқылы өз тобымызды табамыз. Іске сәт!
1. Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті міне аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса қазағым менің

2. Жасыл жайлау, түкті кілем көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды,
Қазағымның махаббаты деп білем

3. Көк тудың желбірегені
Жаныма қуат береді
Таласқа түссе жан мен ту
Жан емес маған керегі
Көк тудың желбірегені

Ойын жаттығу: «Паравоз»
Көңілді әуен ойнап тұрады. Қатысушы топтар бірінің артынан бірі иықтарынан мықтап ұстап тұрады. Бірінші адам «паравоз» ал қалғандары «вагондар». Қимылдағанда вагондардың көздері жұмылған күйде болады. Паравоз вагондардың еш жерге ұрылмай, соғылмай жақсы серуендегенін қадағалайды. Ендеше: «Құрметті жолаушылар, Қызылорда - Көкшетау поезды 1 - жолдан жүргелі тұр сақ болыңыздар!» (поровоздың үні)

Қорытындылау.
«Жақсы мінез – адам – өмірінің сарқылмас байлығы», «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам», «Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады», «Жақсы көңіл күй – жан тыныштығы» нақыл сөздерін пайдаланып адам өмірінде жақсы қарым - қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екендігін түсіндіре отырып жұмысты аяқтау.
Тренигімізде қатысқандарыңызға рахмет, келесі кездескенше сау болыңыздар!!!

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету