Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тәрбиенің ең тамаша мектебі - Отбасы

Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің педагог - психологы
Әбілова Айнұр Жазықбайқызы

«Тәрбиенің ең тамаша мектебі - Отбасы» (ата - аналармен дөңгелек үстел)
«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата - аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп,
тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»
А. С. Макаренко

Мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру
Өтетін жері: АКТ залы
Көрнекілігі: нақыл сөздер, гүлдер, интерактивті тақта, видеоролик
Әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, ситуациялық сұрақтар
Түрі: дөңгелек үстел
Барысы:
1. Кіріспе
2. Танысу
3. Ой қозғау
4. Жаттығу
5. Видеоролик
6. Сұрақ жауап
7. Қойылым
8. Ситуациялық жағдай
9. Ойын «Қолынан танып біл»
10. Релаксация «Бағбанның алма бағында»
11. Қорытынды
Кіріспе
«Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.
- Сәлеметсіздер ме құрметті ата – аналар? Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Отбасы - өмірді кемеліне келтіретін, бақыт әкелетін қасиетті мекен. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы болып саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата - ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің - ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы, жағымды ахуалдың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде? Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек?
Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - Отбасы»
атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Ән: «Анаға хат»
Орындайтын: Айдана. Есетова
Бүгінгі кездесуіміздің қадірлі қонақтарын ортаға дөңгелек үстелімізге жайғасуға шақырамыз:
1. Тұрғанкүл апа
2. Шырын апа
3. Жамал апа
4. Макира апа
5. Әсемкүл апа
6. Бибісара апа
7. Жанар апа
8. Жазира
9. Сәуле
10. Эливира

ІІ. Негізгі бөлім
1. Танысу.
Психологияда «Танысу» деген керемет әдіс бар. Осы әдіс арқылы өзіңізді және отбасыңызды таныстырып өтсеңіз.
(әр ата - ана өзі және өзінің отбасы жайлы айта кетеді.)
Психологтың сөзі:
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,
Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен! - деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай, өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.


2. Олай болса Ой қозғау ретінде
Сіз үшін “Бала деген кім?” әрбір ата - ана өз жауаптарын айтады. (Болашағымыз, Асыраушымыз, Көмекшіміз, Ақылшымыз, Өміріміздің жалғасы, Үмітіміз, Бауыр етіміз)
Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл - күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл - күйіне әсер етеді екен.
1. Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
2. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
3. Балаңыздың тәтті қылықтары
4. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
3. Жаттығу
Ата – аналарға сұрақтар қою.
Есіңізге түсіріңізші аяғыңыз ауыр болған кезде, бірінші не туралы ойладыңыз, қандай сезіміңіз болды?
Енді балаңыз өмірге келгенде алғашқы әсеріңіз? Не туралы ойладыңыз?
1. Енді балаңыз жүре бастағанда, біз бала үшін қорқамыз да, оған барма, шықпа, секірме дейміз. Сонымен аяғын байлаймыз.
2. Енді балаңыз жан - жағындағы дүниені тани бастайды, бәрін ұстап білгісі келеді. Біз оған ұстама дейміз. Сонымен қолын байлаймыз.
3. Баланың тілі шығады да, бәрін сұрай бастайды. Бұл не, мынау не деген кезеңі. Баланың сұрағынан шаршаймыз да сұрама, сөйлеме, айқайлама дейміз. Баланың аузын байлаймыз.
4. Көшеден әр - түрлі сөздер естіп, үйреніп келеді. Біз оған тыңдама, естіме дейміз. Біз сөйтіп құлағын байлаймыз.
5. Теледидардан неше түрлі бағдарламаларды көреді де, біз оған қарама дейміз. Сонымен баланың көзін байлаймыз.
6. Баламыз даладан ұядан құлап түскен балапанды, тастанды мысықтың баласын үйге әкелген кезде біз оған қайдан әкелдің? Неге әкелдің? Алма, ұстама, деп баланың жүрегін байлаймыз.
Енді қараңыздаршы, осындай бала сіздерге ұнай ма?
Ата – аналарға сұрақтар қою.
- Сіз өзіңізді қалай сезініп тұрсыз? /ыңғайсыз/
- Біріншіден нені босатқыңыз келеді?
“Мен үшін қымбат...” (Ой қозғау) (Аялы алақаны, мейірімі, ыстық жүрегі, жан жылуы, махаббаты, мейірімді көздері, күлкісі)
4. Экранға назар салып бала тәрбиесіне қатысты видеоролигін көріп тамашалайық
5. Психолог сөзі:
Ата - аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
4. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
5. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
6. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?
«Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Ендігі кезекте
6. М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылым тамашалаңыздар
Осы көрініс жайында өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер.
7. Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету
Ортаға оқушыларды шақырамыз
Оқушылар ата - аналарына барып өздерінің басынан өткен жағдайларын баяндап айтады
1 - оқушы Анашым, мен бүгін сабаққа бармай - ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы
2 - оқушы Әже мен сабақтан қашып келдім. Соңғы сабақ қиындау еді
3 - оқушы Анашым, маған айфон сатып әперші. Балалардың бәрінде бар.
Ата - аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын, реніштерін іс – қимылын салып) көрсетеді
Осы жерде мен ата - аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.
Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз
1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»
2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»
3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»
4 - қателік Балаларды тым еркелету
5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»
6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету
7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау
Міне құрметті ата - аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.
«Ата - ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата - ана баласының түйсігіне қандай із салса бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.
8. Ойын: «Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы аналар балаларын тауып алулары керек.
(Жанар, Эльвира, Жазира, Азиза, Сәуле)
Талдау:
1. Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2. Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
«Бала тәрбиесіне байыпты қарайық»  атты ток – шоу

«Бала тәрбиесіне байыпты қарайық» атты ток – шоу

Мақсаты: 1. Оқушыларды ата - ана сөзінің мәнін ұғынуға үйрету, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдықты, қайырымдылықты, сыйластықты, достық қарым...
Баланың бас ұстазы - ата-ана

Баланың бас ұстазы - ата-ана

Баланың бас ұстазы - ата - ана «Баланы әуелі мейір - шапағатқа, Онан соң ақыл - парасатқа, ақырында Еңбек пен ғылымға баулуы» Халық даналығы Баланың...
Мен  және жанұям (тренинг сабақ)

Мен және жанұям (тренинг сабақ)

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы...
Бақытыңды балаңнан ізде

Бақытыңды балаңнан ізде

Ақтөбе облысы. Темір ауданы Бабатай орта мектебінің мұғалімі Мәмбетқұлова Жанат Талғатқызы...
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.

Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету