Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Стрессті қалай жеңуге болады?

Баяндама
Стрессті қалай жеңуге болады?

Мақсаты: Теориялық аспектілерге тоқталу және стресстен арылудың жаттығуларын ұсыну.
Әдебиеттерде стресс туындауының себептерін көптеп жазады. Бұл күнәні сезіну, құндылықтарды жоғалту, оқуды жек көру және т. б.
Көбісі стресс факторы болып табылатын мектепті ұнатпайды. Не істеу керек? Одан құтылудың тәсілі өмір стиліңізді және өзіңізді өзгертіңіз!
Уолтер Расселдің сөзін келтіргім келіп отыр: «Егер жек көрген нәрсеңмен айналыссаң, жек көруден ағзаны жоятын токсиндер бөліне бастайды, соның нәтижесінде қажып, шаршап және жалығасыз не ауырасыз. Сіз не істесеңіз де сүйсініп жасаңыз. Болмаса сүйсініп жасайтынды ғана істеңіз». Осылайша шығыстың ерте даналығы айтқан. Барлығын сізге белгілі тәсілмен сүйсініп жасаңыз. Сабаққа, оқуға деген махаббат дене мен рухани күш беріп, қажу мен жалығудан құтқарады. Өзіңіздің дене және психикалық саулығыңызға назар аударыңыз. Стресстің физиологиялық белгілері: ұйықтай алмау, бас ауру, жүрек дүрсілдеу, арқаның, асқазанның, жүректің ауруы, асқазанның қорытпауы, спазмалар. Стресстің психологиялық белгілері ұмытшақтық, есте сақтау қиындықтары, қобалжу, шектен тыс уайымшылдық, себепсіз қорқыныштар, ашуланшақтық болып табылады. Бұл өзіне деген сенімділігін жоғалтып, түрлі ауруларды, психикалық шаршауларды туындатады және дәріге бағынышты етеді.

Стрессті болдырмау үшін не істеу қажет?

Біріншіден: стресс кезінде ағзадағы витаминдер қоры. әсіресе В тобы тез таусылады. Көптеген дәрігерлер күнде витамин ішуге кеңес береді, дегенмен де артық ішіп қоймаңыз. Барлығы орнымен болғаны жөн.

Екіншіден: дене жаттығулары өте пайдалы. Спорт залына барыңыз, жаттығу жасаңыз, билеңіз, ән айтыңыз, қалада серуендеңіз, бассейнге, моншаға барыңыз.

Үшіншіден: психикалық және дене релаксациясы қажет. Келесі тәсілдерді көріңіз: босаңсытатын музыка таңдаңыз, түнгі аспанға бұлтқа қараңыз және армандаңыз.

Төртіншіден: үйлесімді өмір үшін жанұяның, достардың қолдауы қажет. Психологиялық тренингтерге барыңыз, жанұя салтанаттарынан қалмаңыз, жаңа қызықты адамдармен танысыңыз. Ата - аналарыңызға, ата - әжелеріңізге, бауырларыңызға көңіл бөліңіздер, өйткені олар сіздің махаббатыңызды, қамқорлығыңызды, мейіріміңізді өте қажет етеді емес пе?

Стресстен арылып, айналамызға мейрімділік сыйлайық тренингтері:

1 - ші бөлім «Мен және менің есімім» жаттығу
Барлығымыз бір - біріміздің есімдерімізді білеміз. Бірақ сол есімдердің мән - мағынасына терең үңіліп көрдік пе? Әрине жоқ Алдарыңыздағы параққа есімдеріңізді бейнелейтін сурет салып, қандай мағына беретіні туралы айтасыздар.

2 - ші бөлім «Сен маған ұнайсың» жаттығу
Қағазға есіміңізді жазып қоясыз келесі оқушы не үшін ұнайтыны туралы жазады

3 - ші бөлім «Бой жазу» жаттығу
«Джунглидегі жаңбыр»жаттығу
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.
Уақыт: 10 минут
Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырыңқырайтын қимылдар жасалады) Құйын басталды (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз) Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді (көршіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түртіңіз) Нөсер жауын басталды (жоғары төмен алақан, саусақтарымен сипайсыз). Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді 180 градусқа бұрылып, жаттығуды қайталаймыз.
Жаттығу сіздерге ұнады ма?
Қандай сезімде болдыңыздар?

4 - ші бөлім «Құнды қасиетті бағалау»
Алдымызда тұрған қоянға Қоян, қоян мен қандаймын? Деп сұрақ қоясың
келесі оқушы сіздің қандай екеніңізді айтады.

5 - ші бөлім «Сіз білесіз бе?» жаттығу
Жүрекшенің ішіндегі құнды қасиеттерді қарап қай ұстазыңыздың бойынан көресіз сол туралы айтасыз.

6 - шы бөлім «Қара күйе көбелегін аулау» жаттығу
Қазір сіздермен адамгершілікке жат қасиеттерді жоямыз. Әрқайсыларыңыз осы жаман қасиеттерді жоюларымыз керек. Ол қасиеттер қара күйе көбелегіндей ұшып жүр. Оны бойымыздан шығарамыз.
Өтірік айту ауады.
Мақтаншақтық - көршіңіздің иығында.
Қатыгездік – бауырларыңызда
Ашу - ыза – ауыздарыңызда
Жалқаулық – желкелеріңізде
Дау - жанжал бастарыңызда
Өсек – құлақтарыңызда
Қиянаттылық – алақанымызда
Еріншектік – тізелеріңізде
Қандай сезімде болдыңыздар?

Қымбатты оқушылар! Сыйласымды қарым - қатынасымыз бұзылмасын, жолдастарыңызға деген мейірімдеріңіз күннің шуағындай болсын деп тренингімізді аяқтаймыз

«Совет Одағының Батыр Мәди Бегенов атындағы
жалпы білім беретін орта мектеп ММ»- нің
педагог - психологы
Исаева Зауре Муфтыевна
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету