Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті

Тақырыбы: Филипстің мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тесті

Мақсаты: кіші және орта жастағы балаларда болатын мазасыздықтың түрін және деңгейін зерттеу.

Нұсқау: «Балалар қазір сіздерге мектепте өздеріңді қалай сезінетіндеріңізді анықтауға арналған бірнеше сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылады. Сұраққа дұрыс және шынайы жауап беруге тырысыңыз, бұл жерде дұрыс немесе бұрыс жақсы немесе жаман жауаптар жоқ. Жауап парағының жоғарғы жағына өз аты - жөніңізді және класыңызды жазыңыз. Егер сұраққа келіссеңіз «+», егер келіспесеңіз «-» белгісін қойыңыз.

Сауалнама
1. Барлық класты бір деңгейде ұстап тұру қиынға соға ма?
2. Егер мұғалім сізден өткен материалдан қаншалықты білетіндігіңізді тексеретінін айтса, сіз толқисыз ба?
3. Класта мұғалімге ұнайтындай жұмыс жасау саған қиындық келтіріме?
4. Сен сабаққа жауап бере алмағаныңа мұғалімнің қатты ашуланған кейіпі түсіңе кіретін кезі бола ма?
5. Класта сені әлде кімнің ұрып соққан кезі болды ма?
6. Сен сабақты түсінбейінше мұғалім жаңа материалды түсіндіруге асықпауын жиі қалайсың ба?
7. Тапсырманы орындауда немесе жауап беруде сен қатты толқисың ба?
8. Қарапайым нәрседен қателесемін бе деп, өз ойыңды айтуға батылың жетпейтін кездер бола ма?
9. Сабақ айтуға шақырғанда сенің тізең қалтырай ма?
10. Түрлі ойындар ойнаған кезде сені кластастарың жиі күлкі қылы ма?
11. Сен күтпеген төмен баға алып қалған кездерің болды ма?
12. Сенде екінші жылға қалдыра ма деген күдік бар ма?
13. Ойынға іріктеу болғанда, мені алмайды деген оймен ойыннан бас тартуға тырысасың ба?
14. Сабақ айтуға шақырғанда сенің бүкіл денең қалтырайтын кез бола ма?
15. Сенің ұнатқан ісіңді кластастарыңның бірде - біреуі орындағысы келмейтін кездері болды ма?
16. Тапсырманы орындауды бастар алдында қатты толқисың ба?
17. Ата - анаң ойлаған бағаны алу саған қиынға соға ма?
18. Класта жағымсыз жағдайға түсіп қаламын ба, деп кейде қорқасын ба?
19. Сабаққа жауап беруде қателессең, кластастарың күлкі қылған кездері болды ма?
20. Сен өз кластастарыңа ұнайсың ба?
21. Тапсырманы жақсы орындадым ба деп уайымдайсың ба?
22. Сен класта жасаған жұмысыңның бәрін есте жақсы сақтағаныңа сенімдісің бе?
23. Мектепте мұғалімнің сұрағына жауап бере алмай тұрғаның кейде түсіңе жиі ене ме?
24. Сенімен кластағы балалардың көпшілігі дос екені рас па?
25. Сенің жұмысыңның қорытындысы кластастарыңның жұмыс қорытындысымен салыстырылатынын білсең, сен ынтамен жұмыс істейсің бе?
26. Сенен бір нәрсе сұрағанда аз толқысам екен деп жиі армандайсың ба?
27. Сыныптастарыммен ерегесіп қаламын ба деп қорқатын кездерің болды ма?
28. Мұғалім сенің сабаққа дайындығыңды тексеретінін айтқанда жүрегіңнің қатты соға бастағанын сезесің бе?
29. Сен жақсы баға алсаң, достарың сені жақсы көрінгісі келеді деп ойлай ма?
30. Кластастарың саған ерекше ынтамен көзқараста болатынын сезесің бе?
31. Сенің көңіліне тиетіндей бірдеңе айтатын кластастарың бар ма?
32. Үлгерімі төмен оқушылар, өзінен достарын алшақтатып алады деп ойлайсың ба?
33. Кластастарыңның көпшілігі саған назар аудармайтынға ұқсай ма?
34. Сырт көзге қызық көрінемін бе деп жиі қысыламысың?
35. Саған деген мұғалімнің көзқарасына ризасың ба?
36. Кластас балалардың аналары сияқты сенің анаң көңілді кеш ұйымдастыруға көмектесе ме?
37. Айналадағы адамдардың сен туралы ойы сені толғандыра ма?
38. Бұрыңғыға қарағанда болашақта жақсы оқитыныңа үміттенесің бе?
39. Өзіңді кластастарың сияқты мектепте жақсы киінемін деп санайсың ба?
40. Сабаққа жауап беріп тұрғанда, басқалар мен туралы не ойлайды деп жиі ойланасың ба?
41. Класта ерекше қабілеті жоқ балаларға қарағанда, ерекше қабілеті бар балалар қандай да бір құқықа ие бола ма?
42. Сенің ісің алға басқан кезде кластастарыңның кейбірі сені қызғана ма?
43. Кластастарыңның саған деген көзқарасына ризасың ба?
44. Мұғаліммен жеке қалғанда өзіңді жақсы сезінесің бе?
45. Сенің сыртқы тұлғаңа және жүріс - тұрысыңа кластастарыңның күлкі қылған кезі болды ма?
46. Мектептегі өз жұмысыңды орындауда, басқа балаларға қарағанда мазасызданамын деп ойлайсың ба?
47. Сен сабаққа жауап бере алмаған кезде жылағың келіп тұрғанын сезесің бе?
48. Сен кешке ұйқыға жатқанда ертең мектепте не болады екен деп мазасызданған кезің бола ма?
49. Қиын тапсырманы орындау үстінде бұрын жақсы білетін нәрсеңді мүлдем ұмытатыныңды кей - кезде сезінесің бе?
50. Тапсырманы орындау үстінде қолың қалтырай ма?
51. Мұғалім класқа тапсырма беріп жатқанда, сен өзіңнің күйгелектене бастағаныңды сезінесің бе?
52. Мектепте сенің біліміңді тексеремін деп қорқыта ма?
53. Мұғалім класқа тапсырма беріп жатқанда, сен оны дұрыс орындай алмайтын шығармын деген үрей қорқынышыңды сезінесің бе?
54. Сен орындай алмаған нәрсені кластастарың орындағанын түсіңде көретін кез болды ма?
55. Мұғалім сабақты түсіндіріп жатқанда сенің ойыңша кластастарың саған қарағанда жақсы түсінетін сияқты ма?
56. Мектепке келе жатқан жолда мұғалім бақылау жұмысын беретін айтса қатты мазасызданасың ба?
57. Сен тапсырманы нашар орындаған шығармын деп сезінесің бе?
58. Мұғалім тақтаға тапсырма орындауға шақырғанда сенің қолың ақырын қалтырай ма?

Қорытындылау және өңдеу.
Тест кілтіне сәйкес жауаптар өңдеуге бөлінеді. Мысалы сұраққа бала «иә» деп жауап берсе, кілтте бұл сұрақта «-» белгісіне байланысты, баланың жауабы жоқ болады. Кілтке сәйкес келмеген жауаптардан мазасыздықтың бар екені көрінеді.
Өндеуі төменгідей:
1) Тестің барлық түріне сәйкес емес жалпы сандар егер олар 50% - дан жоғары болса, онда баланың мазасыздық қалпы «жоғары» деп алуға болады, егер тест сұрақтарының жалпы саны 75% - дан көп болса, онда «ең жоғары» мазасыздық күй болғаны.
2) Сәйкес келген сандардың әрқайсысын мазасыздықтың тобына бөлеміз.
Мазасыздықтың деңгейі бірінші жағдайдағыдай анықталады.

Мектептегі ішкі эмоционалдық жағдай мазасыздықтың синдромдары (факторлар) мен санына байланысты талданады.
Факторлар Сұрақтар №
Мектептегі жалпы мазасыздық. Мектептегі әртүрлі эмоционалдық күйлер. 2, 4, 7, 12, 16, 21, 23, 26, 28, 46, 47, 48, 49,
50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58,
Σ=22
Әлеуметтік стресті уайымдау. 5, 10, 15, 20, 24, 30, 33, 36, 39, 42, 44
Σ=11
Қажеттілікті өтеудегі сәтсіздік кедергілері. Жоғарғы нәтижеге жетудегі қажеттіліктен өте алмау. 1, 3, 6, 11, 17, 19, 25, 29, 32, 35, 38, 41, 43,
Σ=13
Үрейдің көрінісі. Өз мүмкіндіктерін ашпау, тұйықтық, өзін басқаша сезіну. 27, 31, 34, 37, 40, 45,
Σ=6
Білімді тексеру үстіндегі үрей. 2, 7, 12, 16, 21, 26,
Σ=6
Айналасы күткен нәтижеден үрейлену. 3, 8, 13, 17, 22,
Σ=5
Физиологиялық тұрғыдан қарсыласудың төменгі табалдырығы. Қорқыныш ортақ факторларға мазасыздықпен қарау. 9, 14, 18, 23, 28,
Σ=5
Мұғаліммен қарым - қатынастағы үрейлену мәселесі. Балалардың оқу үлгерім мәселесі. 2, 6, 11, 32, 35, 41, 44, 47,
Σ=8

Кілті:
«+» - иә
«-» - жоқ
1 - 11+ 21 - 31 - 41+ 51 -
2 - 12 - 22+ 32 - 42 - 52 -
3 - 13 - 23 - 33 - 43+ 53 -
4 - 14 - 24+ 34 - 44+ 54 -
5 - 15 - 25+ 35+ 45 - 55 -
6 - 16 - 26 - 36+ 46 - 56 -
7 - 17 - 27 - 37 - 47 - 57 -
8 - 18 - 28 - 38+ 48 - 58 -
9 - 19 - 29 - 39+ 49 -
10 - 20+ 30+ 40 - 50 -

Қортынды:
1) Сәйкес емес сандар белгісі ( «+» - «иә», «-» - «жоқ») әр факторда (абсолютті сәйкес емес сандар пайызы 50%, >75%).
2) Бұл мәліметті жеке диаграмма түрінде көрсетеді.
3) Барлық сандар үшін әр сәйкес емес сандар өлшемінің абсолютті мағанасын (50%, >75%)
4) Мұндай мәліметтерді диаграмма түрінде береді.

ЖАСЫРЫН ӘЛЕУМЕТТІК СҰРАУ

МАҚСАТЫ: кәмелетке толмағандардың арасындағы нашақорлықтың алдын алу және қарсы әрекеттер жасау мәселелерін зерттеу

Құрметті оқушылар!

Сіздердің назарларыңызға кәмелетке толмағандардың арасындағы нашақорлықтың алдын алу және қарсы әрекеттер жасау мәселелерін зерттеу бойынша сауалнама ұсынамыз.
Әрбір сұрақты мұқият оқыңыз. Жауап нұсқаларымен танысып болған соң, қажеттісін таңдап, оның астын сызыңыз. Егер ұсынылған жауап нұсқаларының бір де бір сізді қанағаттандырмаған жағдайда өз жауабыңызды жазыңыз. Сіздің жеке көзқарасыңыздың жасырын қалуы (конфиденциальды) қамтамасыз етіледі.

1. Нашақорлық – бұл жастар үшін қиын мәселе деп есептейсіз бе?
А - өте қиын
Б – жеткілікті түрде қиын (маңызды)
В – жоқтан гөрі қиынырақ
Г – қиынға қарағанда, онша қиынырақ емес
Д – мүлдем қиын емес
Е – жауап беруге қиналамын
2. Нашақорлықтың зияны туралы ақпаратты сіз қай көздерден аласыз?
А – БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары)
Б – мектептегі сабақтардан
В – ата – аналарымнан
Г – достарымнан
Д – медициналық жұмыскерлерінен
3. Достарыңыздың және таныс тұлғаларыңыздың арасында есірткіні қолданатындар бар ма?
А – иә
Б – жоқ
4. Егер сен басқа адамдардың есірткіні пайдалануымен қақтығысып қалсаңыз, онда бұл не деп ойлайсыз?
А – химиялық заттарымен демалу
Б – дәрілерді қолдану
В – шөп шегу
Г – егу
Д – ұнтақ иіскеу
5. Сіздің өміріңізде есірткіге итермелеген немесе соған көндірген жағдайлар болды ма?
А – иә
Б – жоқ
В – жақындарым мен таныстарымды итермелеген
6. Сіздің өміріңізде есірткіні қолданып көру жағдайы болды ма?
А – иә
Б – жоқ
7. Есірткі мәселеден құтылуға көмектеседі деп ойлайсыз ба?
А – иә
Б – жоқ
8. Есірткіні қолдануға не себеп болады деп ойлайсыз?
А – қызығушылық
Б – жалғыздық
В – жеке бас мәселелері
Г – көпшіліктен бөлініп көру
Д – ләззат алу
Е – басқа
9. Сіз есірткіні таба аласыз ба?
А – иә
Б – жоқ
10. Есірткілер қай жерлерде көп таратылады?
А – аулада
Б – түнгі клубтарда
В – би кешінде
Г – оқу орындарында
11. Есірткіні қолданудан бас тартуға сіздің күшіңіз жететініне сенімдісіз бе?
А – иә
Б – жоқ
В – жауап беруге қиналамын
12. Нашақорлықпен күресті күшейту барысында сіздің көзқарасыңыз бойынша ең тиімді әдісті көрсетіңіз?
А – Оқу орындарында СӨС насихаттау
Б – БАҚ – тағы ақпараттық компания
В – Психологиялық қызмет анағұрлым қол жетімді етеді
Г – Бос уақыт әрекетін жетілдіру
Д – Алкоголь мен темекі шегудің жолына шек қою
Е – Есірткі таратушыларды жазалау шараларын күшейту
Ж – Халықтың жағдайын жақсарту арттыру
З – Кедендік бақылауды күшейту
И – Алдын алу және емдеудің анағұрлым іске асыру әдістерін жасау
13. Есірткіні қолдану мәселесімен және ЖҚТБ – ның таралу жолын білесіз бе?
А – иә
Б – жоқ
В – жауап беруге қиналамын
14. ЖҚТБ мәселесі бойынша анонимді тексеруден қай жерде өтуге болатынын білесіз бе?
А – иә
Б – жоқ
В – жауап беруге қиналамын
15. Сіздің мектебіңізде нашақорлықтың алдын алу бойынша тиімді жұмыстар жүргізілді ме?
А – иә
Б – жоқ
В – білмеймін
16. Жынысыңызды көрсетіңіз
А – қыз
Б – ұл
17. Жасыңызды көрсетіңіз
Егер қойылған сұрақтарға тағы бірдеңе қосқыңыз келсе, жазыңыз.
Кері қайту
Загрузка...
Ұқсас жаңалықтар:
Студенттердің психологиялық ерекшеліктерінің даму деңгейін анықтау

Студенттердің психологиялық ерекшеліктерінің даму деңгейін анықтау

Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз...
Ата-аналар балалардың оқуына қалай көмектесе алады?

Ата-аналар балалардың оқуына қалай көмектесе алады?

Мақсаты: Психологиялық - педагогикалық зерттеулердің қорытындысы негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына ата - аналармен бірлесе...
Адам болам десеңіз...

Адам болам десеңіз...

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы. Бастауыш сынып мұғалімі Темірғалиева Меңдігүл Мұханбетжанқызы...
Сіз қандай әкесіз? (тест)

Сіз қандай әкесіз? (тест)

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз орта мектебі, Шағын орталық тәрбиешісі Манькева Майнур...
Жеткіншекке жадынама

Жеткіншекке жадынама

  Егер де сен қандай да бір қиын жағдайға душар болсаң, есіңде болсын шешілмейтін жағдайлар болмайды. Шешілетін жолдар әрқашанда бар, тек қана...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету