Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Жақсы көңіл – күй жан азығы

Қалалық семинарда өткізілген тренинг жоспары
Тақырыбы: «Жақсы көңіл – күй жан азығы»
Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл - күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым - қатынас орнату.
Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз - өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізбен сыйластық қарым - қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
1. Аутотренинг.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан - жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.
1 - жаттығу: «Жылылық сыйлау»
Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір - біріне жылылық сыйлау.
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта,
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз - үлкен отбасы!

2 - жаттығу. «Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Шеңбер бойымен отыру. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолынан ұстап, мына сөздерге жауап алуы тиіс.
Есіміз кім? Өзіңізді таныстыра кетіңіз? Сізге не ұнайды?
3. Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»
Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.
1 - жауапқа 1 ұпай, 2 - жауапқа - 2 ұпай, 3 - жауапқа - 3 ұпай
1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?
1) Әрқашан; 2) Анда - санда; 3) Ешқашан;
2. Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Ішімнен ашуланамын; 2) Өз - өзімді ұстаймын; 3) Өз - өзімді ұстай алмаймын;
3) Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?
1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өз - өзіне сенімді;
4) Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?
1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін;
5) Егер сіздің рұқсатыңызсыз мұғалім үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Қатты ұрсамын; 2) Орнына қойдырамын; 3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын;
6) Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?
1) Сен неге кешіктің? 2) Кеше қайда қаңғыдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.
7) Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?
1) Алдындағы машинаны қуып жатасыз; 2) Сізге бәрібір, қанша машина озады;
3) Машинаны қатты жылдамдығына салам.
8) Сіз өмірге қалай қарайсыз?
1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.
9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?
1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз.
10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?
1) Оларға тыйым салу керек; 2) Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу) 3) Солармен біз неге әуреленеміз;
11. Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?
1) Несіне босқа жүйке - жүйемді тоздырам; 2) Оның бет - әлпеті бастыққа ұнады;
3) Келесі ретте менің жолым болады;
12. Қорқынышты киноны қалай көресіз?
1) Қорқасыз; 2) Жалығасыз; 3) Жақсы көңіл бөлем;
13. Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:
1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 2) Тіл табысуға тырысасыз; 3) Өкінесіз;
14. Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?
1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз;
15) Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе:
1) Айғай - шу болмас үшін үндемейсіз; 2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз; 3) Арыз кітабымен директорға барасыз.
16) Сіздің балаңызды мектепте ренжітсе:
1) Мұғаліммен сөйлесем; 2) Ренжіткен баланың ата - анасына айқай шақырамын;
3) Балаға «өзің ақылмен шеш» деймін;
17) Сіз қандай адамсыз?
1) Орташа; 2) Өз - өзіме сенімді; 3) Өткір.
18) Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім сұраса сіз не дейсіз?
1) Оқасы жоқ; 2) Көзіңе қарамайсың ба; 3) Кешіріңіз мен кінәлімін.
19) Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?
1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 2) Жүрекке тиетін жаза беру керек; 3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі.
20) Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды таңдайтын едіңіз?
1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю.
Жауабы: 36 - 44 ұпай алса, мұғалім өз - өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, агрессиясы орташа адам.
45 - тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз - өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін.
35 - ұпайдан төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз - өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық сенімдік қажет.
Ұпай есептеп қорытындылау.
4 - жаттығу. «Ашулы шарлар»
Шарты: 8 - 10 қатысушы ортаға шығып, бір - бір шарды үрлеп, оларды үрлеп, оларды байлау сұралады.
Қатысушыларға түсіндіру керек. Шарлар адамның денесін бейнелейтінін, ал оның ішіндегі ауа - адам сезімі. Қатысушылар қолдарындағы шарды аяқтарымен жаруы керек.
- Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар? Ашуды осылай шығару дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай сезімде боласыздар?
- Бұлай қатты жарылған шар агрессияны білдіреді. Ол қауіпті.
- Енді қатысушылар келесі шарларды үрлейді, оны байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді, ал енді жайлап қана жарты ауасын шығарайық. Шар кішірейді. Бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді? Егер біз ашуымызды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
- Енді қатысушылар шардағы ауаны толығымен сыртқа шығарады. Бұл дегеніміз ашудың қауіпсіз жолын табу - ол әр адамның өз қолында екендігін тұжырымдау.
5 - жаттығу: «Көңіліңді көтере біл»
Ойыншыларға орындықта отырып билеуді ұсыну:
А) тек аяқпен
Ә) тек қолмен
Б) тек баспен
В) тек кеудемен
Қорытынды:
«Бақыт деген не?» деген сауалдың «Бақыт деген таңертең жұмысқа, кешкісін үйге асығу» деген жауабын естіген шығарсыз. Расында да, сүйікті жұмысымызға, қызметтестерімізге ақ көңілімізбен асығып жетсек, жұмыстан жылы ұямыздың шуағына кенелу үшін асыққанымыз, көңілімнің тыныштығын білдірмей ме?
- Тренингке қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету