Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Азаматтық қоғам

Тақырыбы: Азаматтық қоғам

Сабақтың мақсаты: Азаматтық қоғам түсінігі, құрылымы, белгілеріне тоқтала отырып, түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:
Білімділік: Азаматтық қоғам туралы жалпылама жаңа мәлімет беру.
Дамытушылық: Тұлғаның қоғамдық мәнді сапасын қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушыны қазіргі заманға сай бейімдеп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция, семинар
Көрнекілігі: оқулық, схема
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта - зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Мемлекет ұғымы мен белгілері
Мемлекеттік органдар
Мемлекет нысанының түсінігі
Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Азаматтық қоғамның түсінігі
Азаматтық қоғам құрылымы
Азаматтық қоғамның негізгі белгілері
Азаматтық қоғамың түсінігін Аристотель, Цицерон, Гроций, Т. Гоббс, Дж. Локк, Гегель, Маркс және т. б. ойшылдар қалыптастырған. Барлық ғалымдар азаматтық қоғамдағы негізгі идея ретінде адам идеясын таниды. Азаматтық қоғам – бұл олардың көмегімен жеке тұлғалар мен топтардың мүдделері қанағаттандырылатын адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік - экономикалық, отбасы институттары мен қатынастарының жиынтығы.
Азаматтық қоғамның құрылымына мыналар кіреді:
1) мемлекеттік емес, әлеуметтік - экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) мемлекеттен тәуелсіз өндірушілердің жиынтығы (жеке фирмалар және т. б.);
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбиелеу мен мемлекеттік емес білім беру саласы;
6) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі;
7) отбасы;
8) шіркеу және т. б.

Азаматтық қоғамның белгілері:
адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының мейлінше толық қамтамасыз етілуі;
өзін - өзі басқару;
оның құрылымдары мен адамдардың әртүрлі топтарының бәсекелестігі;
еркін түрде қалыптасатын қоғамдық көзқарас пен плюрализм;
жалпы ақпараттану мен адамның ақпаратпен танысу құқығының шын мәнінде жүзеге асырылуы;
өмір сүру координация қағидасына негізделеді (мемлекеттік аппарат кезінде субординация қағидасы үстемдік құрады);
экономиканың көп жақтылығы;
биліктің заңды және демократиялық сипаты;
құқықтық мемлекет;
адамдардың жақсы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясаты және т. б.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.

азаматтық қоғам құрылу маңыздылығын түсіндір.
Құқық азаматтық қоғамда басты орын ала ма?
Қай ғалымдар азаматтық қоғам туралы пікір айтқан?
Үй тапсырмасын беру: Азаматтық қоғам
Бағалау.
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету