Сайтқа кіру Тіркелу

Психологиялық ойындар

Психологиялық ойындар

«Суреттерді аяқтайық» жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.

Алдын - ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек - кезекпен шығып, бірі денесін, бірі басын, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.

«Түрлі – түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.
«Менің көңіл - күйім» жаттығуы
Мақсаты: көңіл - күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.
«Мен басқаның көзімен»
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып, қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой - пікірде екенін айтады. Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды.
«Атомдар мен молекулалар»
Әр қатысушы - жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір - бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.

Афирмациялар
«Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді»,« Мен жетістіктің адамымын»,« Менің жағдайым күннен – күнге жақсаруда»
«Таңғажайып дорба» ойыны
Дорбада бірнеше жеміс, көкөніс бөліктері бар. Бала көзі жабылып, дорбадағы заттың дәмін татып, оның қай жеміс екенін, дәмі, исі, формасы, түсі жайында ажырата баяндайды.
Мен қандай адаммын?
Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Сол бойынша қорытынды жүргізіледі.
Менің қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп, ортаға салады, өзгелермен ой бөліседі.
Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Ұқсастық шегі
Қатысушылар жұптасып отырады. Жұбына қарап, ұқсастықты тауып жазады. Ұқсастығын оқып, ой бөліседі

Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін...» өйткені сен жақсы адамсың.

«Сиқырлы сөздер» ойыны
Мұғалім кез - келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші» Ізеттілік туралы ертегі тыңдау

«Ең жақсы» ойыны
Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа мынадай нұсқау беріледі. Берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айту қажет. Ең ақшалы, ең жасыл, ең тәтті, ең күлкілі, ең ұсқынсыз, ең қарым - қатынасы күшті, ең жауапты, ең салмақты

«Жағдайлы волейбол» ойыны
Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды

«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама – қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір - біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Асосация «Жанұя»
Психолог допты лақтыру арқылы ата - анаға сұрақ қояды, олар жауап береді.

«Сиқырлы жұмыртқа» ойыны
Әр оқушы жұмыртқа бейнесінде берілген формаларға жаңа зат пайда болатындай етіп, аяқтап сурет салады.

«Әрқашан күн сөнбесін!» жаттығуы
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. әр бұлтта тапсырмалар берілген. Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады.

«Өкпені еріту» жаттығуы
Тып - тыныш денеңізді бос ұстап отырыңыз. Өзіңізді қаракөлеңкеде театрда отырмын деп есептеңіз Алдыңыздағы шағын сахнаға ( ең жек көретін, көргіңіз келмейтін ) сіз кешіруге тиісті адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, бұрын ренжітсін, қазір өмірде бар болсын, әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген жағдайда болуы керек. Оны бақытты деп біліңіз. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызда ұстап тұрыңыз. Сонан соң барып ол бейнемен қоштасыңыз. Сіз кешірген адам кетісімен сіз өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді де тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты, күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемдегі жақсылық барлығыңызға да тең жететінін ұғыңыз.

«Тазару» жаттығуы
Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерден құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын Бірақ өкпені ұмыттым, кештім.

Жас мамандарға арналған кәсіби бейімделуге көмектесетін тренингтің өткізілуі бойынша анықтама

Мақсаты: жас мамандардың кәсіби сана шеңберін кеңейту, кәсіби іс - әрекеті барсында пайда болатын қиындықтарды шешу дағдыларын дамыту, олардың психикалық қысымдарын төмендету, ішкі психикалық күшті дамыту.

Барлығы алты жас маман қатысты. Алдымен өткізілетін іс - шараның мақсат - міндеттері ескеріліп өткен соң, әрбір қатысушымен амандасу рәсімі өткізілді. Қатысушылар өздері туралы толығырақ айтып кетті, сөйтіп бір - бірімен жақынырақ танысты.

"Ұжымда" Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйінжәне есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық жаттығулар

1.«Жунглидағы жаңбыр»
Нұсқау; - Бір - біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр. Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).

Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз).
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.

2. Жағымды сөздер.
Мақсаты: Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез - келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.

3. «Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

4. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т. б. сұрақтар қоюға болады.

5. «Сөзден сөзді ізде» ойыны.
Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:

«Трансформатор» «Талдықорған»
форма қорған
матор тал т. б.

6. «Сантики, Фантики, Лимпопо».
Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.

7. «Қолдағы хат».
Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама - қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1 - 2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.

8. «Көңіл - күй неге ұқсас».
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл - күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл - күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл - күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т. б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

9. «Тасбақалардың жүгірісі».
Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама - қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл - қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.

10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»
Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір - біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.

11. «Тыныштықты жақсы көретін патша» Патша шуды жек көреді, сондықтан ханзаданың көңіл - күйін бұзбау үшін барлығымыз шуламай тыныш қозғаламыз. Патша аяқтың ұшымен жүреді, оның жүрісі жеңіл, баяу. Бұл ролді бір бала атқарады.

Жүргізуші келесі сөзді айтады: «Барлық балалар, патшадан басқа бөлменің әр жеріне тұра қалады. Патша саусағын ауызына тигізіп, «Ш - ш - ш, ханзада келе жатыр!» деп, бөлмені аралай бастайды. Барлығы «қатып» қалу керек, ал патша әрқайсысын айналып шығады. Кез келген баланың қасына келіп, саусағын баланың мұрнына тигізеді. Сол бала аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Келесі балаға жақындаған патша саусағын баланың мұрнына тигізеді, ол бірінші баланың соңына тұрып, аяқтың ұшымен патшаның артынан жүре бастайды. Сол тәртіппен ойын жалғаса береді. Барлық балалар патшаның артына жиналғаннан кейін, патша кез келген артындағы балаға қарап, «Ш - ш - ш» дейді, сонда сол бала өз орнына тыныш, аяқ ұшымен оралады. Барлығы орнына тұрғаннан кейін ойын аяқталады.
"Қисық сурет" атты суретті жаттығу өткізіліп, оң және сол жарты шарлар басымдылығын анықтауға арналған қысқаша тест, сонымен қатар оптимистік бағдарды анықтауға арналған сауалнама алынды.

Жаттығудан кейін қатысушылардың көңіл - күйлері көтеріліп, дем алып, рухани толысты.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ата - аналарға арналған психологиялық ойын-жаттығулар жинағы

Ата - аналарға арналған психологиялық ойын-жаттығулар жинағы

Міндеттері: ашуды тарқатуға үйрету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған топтық жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік...
Психологиялық ойындар

Психологиялық ойындар

«Түрлі – түсті доптар» жаттығуы Мақсаты: оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп, қызыл доп пен...
Педогогтарға арналған психологиялық тренинг

Педогогтарға арналған психологиялық тренинг

Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу....
Сергіту сәті

Сергіту сәті

1. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек...
Біз - біргеміз, берік іргеміз

Біз - біргеміз, берік іргеміз

Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×