Сайтқа кіру Тіркелу

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын арттыру кепілі

Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын арттыру кепілі
Ахметова Гүлзада Мыңжасарқызы
Жамбыл облысы
№3 Байзақ колледжі
«Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді.»
В. Ф. Сухомлинский
Қазіргі қоғамдағы педагогтың міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын, білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», – деп атап көрсетті Сондықтан білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан - жақты жетілдіру мәселесі бүгінде күн тәртібіне қойылып отырғанын көріп отырмыз. Бүгінгі күні «құзыреттілік» ұғымы оқыту үдерісінде білімді қолданудың негізгі нәтижесі ретінде қарастырылуда.
Заманауи білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы меңгерген, жан - жағына бағыт - бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік - саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды - инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.
Қазақстан Республикасында сапалы білім берудің стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруда педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту негізгі шешуші рөл атқарады. Білім беру жүйесінде білім берудің ұлттық үлгісіне өту арқылы білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізетін, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытатын кәсіби құзіретті ұстаз. Н. Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар мақсаты – саяси экономикалық және рухани дағдарысты жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан - жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», - деген тұжырым сөзіне сәйкес білім беру жүйесінде кәсіби жетілген, білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздері меңгеретін және осы арқылы ойлау жүйесін, шығармашылығын, рефлексиялық машығын дамытатын құзіретті ұстаз болуы тиіс.
Ойы жүйрік, ақылы терең, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашылығы биік, кәсіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жаңашыл ұстаз – бүгінгі қоғамның тапсырысы.
Әр сабағын өздігінен білім меңгерудің, ізденіс пен жемісті еңбектің қайнар көзіне айналдырғанда ғана, талапқа сай мұғалім болу мәселесі шешіледі. «Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», - дейді Жүсіпбек Аймауытов.
Құзыр - бұл адамның бойындағы бар білік пен білім және қабілеттері. Құзырет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс әрекетке дайындық, Ал, құзыреттілік дегеніміз – бұл адамға берілген немесе жүктеген істі нәтижелі түрде орындауын бағалау мінездемесі. Бұл адамның бойында өзіндік, жауапкершілік, коммуникабельдік, жаңалықты жоғары қабылдайтын, мәселені шеше алатын, адамгершілігі мол, білімі жоғары, жаңа технологияларды меңгере алатын, ұжымда жұмыс жүргізе алатын, белсенділік қасиет - қабілеттерінің болуы.
«Құзыреттілік» ұғымы бүгінгі күні оқыту үрдісінде білімді қолданудың ақырғы нәтижесі ретінде қарастырылуда. Оқыту үрдісінде «құзыреттілік» ұғымы студенттердің білімі мен тәжірибесін, дағдылары мен біліктерін белгілі бір мәселені шешуде қолдануы болып табылады, яғни студенттердің іс - әрекетін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Басты мақсаттың бірі – білім игеру кезінде күтілетін нәтижеге қол жеткізу. Негізгі бағыт оқытушы жеке тұлғаға ауысады, яғни, жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы рөлін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігінен білім алушы, үйренуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаның бейнесін бүгінгі заман талабына сай дайындауымыз керек. Бүгінде білім беру стратегиясын «құзыретті білім беру» деп те атап жүр. Құзыреттілік жеке тұлғаның танымы мен тәжірибесіне қатысты нәрсе, яғни тұлғаның бойында іскерлік пен ерік - жігердің болуы.
Құзіреттілік — студенттің алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Физика сабақтарында студенттердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Студенттер қарым - қатынас моделдерін, мәдениет бейнелері мен таңбаларын білулері керек. Бұл студенттердің физика пәнін табиғатпен байланыстыра отырып ұғынуын қамтамасыз ете алады.
«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» — қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) — қоршаған ортамен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, жеке және топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Студент хат жаза, өз ойын ашық жеткізе білуі, досының пікірін тыңдай білуі, оқиғаны талдай білу, сұрақ қоя, пікір таластыра және т. б. білуі тиіс. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.
Өз іс - тәжірибемде студенттердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдарын қарастырамын. Осы мақсаттарға жету үшін өз жұмысымда қазіргі заманға сай сабақтарды өткіземін, өйткені заманауи сабақ — студенттердің қандай да бір құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Өз сабақтарымда құзыреттілік тапсырмаларды қолданып жүрмін:
• Тақырып бойынша өз пікірін білдіру
• Диалог құру
• Белсенді топтық қатынас құру
• Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра білу.
Өз сабағымда жиі қолданатын әдіс - тәсілдерден «Атаулар көмегімен болжау», «Елеспен жетелеу», стратегиялары студенттердің шығармашылық қабілетін ұштауға өте тиімді. «Ой қозғау», «Болжау», «Топтау», «Тізбек жасау» әдістерін студенттердің ой ұшқырлығын бақылауда, стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдаланып отырдым.
Сонымен қатар студенттердің ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Физика сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
- студенттің өз бетімен жұмысы;
- аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- экономикалық тиімділігі;
- іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
- қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
- студенттің ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан - жақты қолдану қабілеті.
Кәсіби құзыреттілігі дамыған оқытушы сабағында ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдалана білуі керек.
Студенттердің сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн. Мен өз сабақтарымда студенттердің білімдерін тексерудің мынадай әдістерін пайдаланамын:
• Тестік жүйе бойынша;
• өзін - өзі тексеру;
• көршісін тексеру және т. б.
Студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында сабақта халықтық педагогика элементтерін де жиі пайдаланамын. Ол үшін:
• Халық ертегілерінен, аңыз әңгімелерінен, өлең жырларынан үзінділер келтіріп, олардың мағынасын түсіндіруді;
• Халықтың ұлттық ойындарының мағынасын физика тілімен түсіндіруді;
• Әртүрлі табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақ, бейнесөздер құрастыруды тапсырамын.
Сабақта студенттерді таң қалдырып, себебін білгілері келетін әртүрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустарды ұдайы қолдану олардың пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.
Қорыта айтқанда, студенттерді шығармашылықпен жұмыс жасатып, алған ақпараттарын өмірде қолдана алуына жағдай жасау үшін құзыреттілік тұрғысынан оқыту тәсілдерін қолданудың студент біліктілігін арттыру үшін маңызы зор. Болашақ мамандарымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан - жақты, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Құдайбергенова К. С. Құзырлылық амалының негізгі ұғымдары. Алматы 2007
2. Қазбекова Н. Т. Қазақ тілі сабақтарында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолдану 12 жылдық білім журналы 2006 №1
3. Тұрғынбаева Б. А. Ұстаздық шығармашылық. Алматы 2007
4. Журнал «Қазақстан мектебі», №12, 2010
5. «Физика» журналы №3(41), 2012
6. «Физика Қазақстан мектебінде» журналы №3(33), 2011
7. «Информатика негіздері» журналы №1, 2007
8. Барсай Б. Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологиясы. Бастауыш мектеп, №1, 1998
9. Айдосова З. «Дамыта оқыту технологиясының мәселелері» 2004
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану

Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,...
Баяндама. Білім сапасын арттырудағы құзыреттілік

Баяндама. Білім сапасын арттырудағы құзыреттілік

«Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық қарым - қатынаспен, балаларға жүрек жылуымен, кейде әзіл -...
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдану

Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдану

Астана қаласы, М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің физика пәні оқытушысы Тулегенова Сабиткул Кожахметовна...
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, ММ "Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының" мониторинг бойынша әдіскері Райымберді Әселжан Райымбердіқызы...
Заманауи педагог-психологтың оқу-тәрбие кеңістігіндегі тұлғалық және кәсіби ...

Заманауи педагог-психологтың оқу-тәрбие кеңістігіндегі тұлғалық және кәсіби ...

Сапарова Жазира Төлемісқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×