Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Оптикалық аспаптар. Көз оптикалық жүйе ретінде

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы,
Ахметова Гүлзада Мыңжасарқызы

Сабақтың тақырыбы: Оптикалық аспаптар. Көз - оптикалық жүйе ретінде
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Студенттерге негізгі бөлігі нәрсенің кескінін беретін қандай да бір оптикалық жүйе болып табылатын сан алуан оптикалық аспаптардың жұмыс істеу әрекетін геометриялық оптика заңдарына сүйене отырып түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оптикалық аспаптармен танысу барысында студенттердің құралдар арасындағы ұқсастық, айырмашылық, ерекшеліктерін анықтай білу, талдай білу, жүйелеу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Оптика заңдарының іс жүзінде қолданылуын көрсету, тез әрі жүйелі ойлауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ
Құрал - жабдықтар: лупа, көзәйнек, микроскоп, электронды оқулық
Оқыту әдісі: Топтық жұмыс, топтастыру, ішінара іздену әдісі, диалогтік оқыту, практикалық тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу;
2. Студенттерді түгендеу;
3. Сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. Үй тапсырмасы «Линзалар және оның оптикалық параметрлері»
1. Пысықтау сұрақтары:
1. Линза дегеніміз не?
2. Линзаның түрлері.
3. Линзаның оптикалық параметрлері.
2. «Сәйкесін тап»
1 Жинағыш линзалар

2 Линзаның оптикалық күші Біртекті ортада жарық түзу сызықпен таралады
3 Жарықтың сыну заңы Дөңес линза
4 Жарықтың түзу сызықты таралу заңы  түсу бұрышы  шағылу бұрышына тең
5 Жарықтың шағылу заңы Ойыс линза
6 Шашыратқыш линзалар D =

Үй тапсырмасын қорытындылау. Линзалар туралы бейнеролик көрсету.

Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар.
Оптикалық аспаптар.
1) Проекциялық оптикалық аспаптар
2) Фотоаппарат
3) Телескоп
4) Микроскоп
5) Көз. Көзілдірік

ІІІ. Жаңа сабақты баяндау.
Негізгі бөлігі нәрсенің кескінін беретін қандай да бір оптикалық жүйе болып табылатын сан алуан оптикалық аспаптардың жұмыс істеу әрекеті геометриялық оптика заңдарына негізделген. Атқаратын қызметтеріне қарай оптикалық аспаптар проекциялық аппараттар, микроскоптар, телескоптар, фотоаппараттар болып бөлінеді.
1. Оптикалық аспаптар туралы түсінік.
Оптикалық аспаптар — құрамында оптикалық үлкейткіш линзалар бар аспаптар. Оптикалық аспаптарға оптиметрлер, өлшеуіш микроскоптар, оптикаторлар және т. б. жатады.
Проекциялық аспаптар дегеніміз – экранда нәрсенің шын, үлкейтілген кескінін беретін оптикалық аспаптар.
Фотоаппарат дегеніміз – линзалар жүйесінің көмегімен жарық сезгіш қабыршақта сақталатын нәрсенің кескіні алынатын, оптикалық қондырғы болып табылады.
Көз – “тірі” оптикалық аспап, ол адамға да жан - жануарларға да қоршаған әлемді танып білуге мүмкіндік береді.
Көзілдірік дегеніміз - көздегі ақауларды (алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік) түзету үшін қолданылатын оптикалық аспап.
Лупа дегеніміз – ұсақ денелерді көруге арналған ең қарапайым аспап қысқа фокусты линза.
Микроскоп дегеніміз – өте ұсақ денелерді көру үшін қолданылатын оптикалық аспап.
Телескоп дегеніміз – аспан денелерін (планеталарды, жұлдыздарды, кометаларды) бақылауға арналған оптикалық аспап.
Биолог - оқытушы: Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз.
Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23 - 25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған. Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес, ақ түсті, ол белок деп аталады.
Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т. б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсті қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрін өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диафрагмалар.
Көз бұршағының диаметрі - 8 - 10 мм кішкентай көз дөңес линза.

ІҮ. Сабақты бекіту.
1. Физикалық диктант:
1. Оптикалық аспаптардың негізгі бөліктері --------------------- тұрады
2. Оптикалық аспаптардың жұмыс істеу әрекеті ---------------- заңдарына негізделген
3. Оптикалық аспаптар қолданылу мақсатына қарай екіге бөлінеді: ------------ және --------
4. Микроскоп - дененің ----------------------- кескінін береді
5. Көздің --------------- қос дөңес линзаға ұқсас.
6. Кескін көздің ------------------- алынады.

2. Жұмбақ – сұрақ.
1 - конверт. 1. Жақыннан көргіш адам аралға тап болды. Ол көзілдірігінің линзаларын қолдану арқылы от жаға ала ма?
2. Көздің бұзылуы, ауру түрлері.
2 - конверт. 1. Дәрігер апама оптикалық күші +2, 5 диоптр болатын көзілдірік тағуға кеңес берді. Апамда көздің қандай кемшілігі байқалады?
2. Орманда адасып қалған бала, сіріңкесіз Күн сәулесі мен өз көзілдірігін пайдалану арқылы от жаға алды. Бұл балада көздің қандай кемшілігі байқалады?
Сергіту сәті. Көз жаттығуын жасау.
Көз гимнастикасы:
1 - жаттығу. - Көзді 2 - 3 секунд қатты жұмамыз, ашамыз - 2 - 3 секунд. Осы жаттығуды 6 - 8 рет қайталаймыз;
- Алысқа 2 - 3 секунд тесіліп қараймыз, мұрынның ұшына 2 - 3 секунд қараймыз және бұны 6 - 8 рет қайталаймыз;
2 - жаттығу. Кірпігімізді тез - тез 1 - 2 минут қағамыз;
3 - жаттығу - Түрегеліп тұрып, басты қимылдатпай оңға - солға, солдан - оңға, жоғары - төмен, төмен - жоғары қараймыз. Бұны 10 - 12 рет қайталаймыз;
Ү. Жаңа білімді жинақтау. Физикалық эстафета.
Екі қатарға бүгінгі тақырыпқа сәйкес сұрақтар жазылған үлестірмелер беріледі. Әр партадағы студенттер тек бір сұраққа жауап береді және артқы партаға береді. Жауаптар сараланады.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Кері байланыс. Студенттердің пікірін тыңдау.
ҮІІ. Сабаққа белсенді араласқан студенттерді бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма: Оптикалық аспаптар.
«Көз – өмірдің айнасы» эссе жазып келу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Кабельдік байланыс құбырлары

Кабельдік байланыс құбырлары

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Студенттерді өндірісте пайдаланылатын кабель түрлерімен таныстырып, кабельдердің ерекшеліктерін меңгерту, оралған...
Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Ауқымды компьютерлік желі, Интернет

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебінің Информатика пәні мұғалімі Абезова Алия Өмірбекқызы...
Линзалар. Жұқа линзаның формуласы

Линзалар. Жұқа линзаның формуласы

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің физика пәні мұғалімі Нурмаганбетова Култе Якудаевна...
Жарықтың шағылуы. Жарықтың шағылу заңдары. Жарықтың сынуы

Жарықтың шағылуы. Жарықтың шағылу заңдары. Жарықтың сынуы

Қостанай облысы, Аоқалық қаласы, Жалғызтал ауылы Т.Әубәкіров атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Шурыкпаева Алима Имашовна...
Компьютердің сыртқы жады

Компьютердің сыртқы жады

БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, информатика пәні мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, туған жер, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету