Сайтқа кіру Тіркелу

Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі

Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Дене температурасының молекулалар жылдамдығына тәуелділігі.
БжС технологиясы «Ауызша сабақ - 1» картасы
Физика 7 сынып
Өткізу түрі: «Ауызша сабақ - 1» картасы, БжС технологиясы.
Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқылудың оқу материалын 63% меңгерудегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзыреттілігін дамыту. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.
Сабақтың мақсаты: Диффузия құбылыс туралы түсінік қалыптасады және молекулалардың үздіксіз қозғалысының температураға тәуелді екенін біледі.
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

Ұйымдастыру кезеңі.
Мотивация
Сынып бір топ боп жұмыс жасайды. Табысты болуы үшін және белсенді болу үшін көшбасшыға сөз беріледі.

Оқушылардың субьективті тәжірибесін өзектендіру Өткен сабақ бойынша қарама - қарсы сұрақтар қою
1. Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден - молекулалар мен атомдардан тұрады,- деп кім айтқан және бұл қандай қағидадан алынған «Ломоносов, молекулалық – кинетикалық теориядан)
2. Газдардың құрамындағы атомдар мен молекулалар үздіксіз қозғалыста болатынын дәлелдейтін мысал келтіріңдер (аң - тозаң, иіс таралу)
3. Диффузия дегеніміз не? (әр түрлі денелер молекулаларының бір - біріне араласып енуі)
4. Диффузия сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны береді? (таралу, жайылу)
5. Диффузияның пайдасына екі мысал келтір (ауамен дем алу, қоректік заттың организмге өтуі)
6. Диффузияның зиянына екі мысал келтір (ауру адамнан микробтың таралуы, ауадағы зиянды заттардың денеге өтуі)
7. Біздің теріміз неге таза болу керек? (ауадағы оттек біздің теріміздегі көзге көрінбейтін тесіктер арқылы денеге өтеді)
8. Диффузия құбылысы температураға тәуелді ме? Дәлелде (ия тәуелді, қант суық айдан көрі ыстық шайда тез ериді)
9. Температура дегеніміз не? (дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама)
10. Температураны өлшейтін құрал не деп аталады? (термометр)
11. Қандай температуралық шкалаларды білесіңдер? (градус цельсия, фаренгейт)
12. Қатты денелерде диффузия бола ма? Қатты денедегі диффузияны қайда қолданамыз? (ия бар, бірақ ол өте баяу өтеді, әшекей бұйым жасағанда оларды жоғары температурада балқытып жасайды)
13. Адам ағзасында диффузия процесі қалай өтеді? (тері арқылы денеге өтіп қанмен араласады)
14. Молекула мен атомның өте кішкентай бөлшектер екенін дәлелде (алма стадионнан неше есе кіші болса, молекула алмадан сонша есе кіші)
15. Барлық заттың ерекшеліктерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшек. Бұл не? (молекула)
16. Әтірдің ауада қалай таралатынын айтып бер (әтірдің молекуласы мен ауа молекуласы бір - бірімен араласады)
17. Су молекуласы қандай атомдардан тұрады?(екі сутек, бір оттек)

Хайруллина Саяш Ермекқызы
«Әл - Фараби» мектеп - лицейінің физика пәнінің мұғалімі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Атомдар мен молекулалар. Заттың молекулалық қозғалысы. Молекулалардың қозға ...

Атомдар мен молекулалар. Заттың молекулалық қозғалысы. Молекулалардың қозға ...

Молекулалар және атомдар дегеніміз не, атом неден тұрады, олар қалай қозғалатыны туралы мәлімет алады Міндеті: технологиялық картаның регламентін...
Өлшемдердің метрлік жүйесі. Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу

Өлшемдердің метрлік жүйесі. Үлкен, кіші сандарды ықшамдап жазу

Үлкен және кіші сандарды ықшамдап стандарт түрде жазу ережесін үйренеді. Физикалық қосымша кестемен жұмыс істеуге дағдыландыру....
Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы - кинетикалық көзқарас нег ...

Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы - кинетикалық көзқарас нег ...

Заттың күйлерін молекулалық - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру, қолданыстағы дағдыларын ескере отырып қасиеттерін ашу....
Гук заңы. Динамометр

Гук заңы. Динамометр

Әр түрлі материалдардың серпімділік қасиеттерін анықтап, қолдана біледі; Гук заңын есептер шығаруға қолдана алады; Гук заңының заңының тұжырымдамасын...
Молекула – кинетикалық теорияның негіздері. Оны тәжірибелік анықтау

Молекула – кинетикалық теорияның негіздері. Оны тәжірибелік анықтау

Астана қаласы, М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің І санатты физика пәнінің оқытушысы Тулегенова С. К....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×