Сайтқа кіру Тіркелу

«Білімді ұрпақ - ел тірегі» сайысы

Тақырыбы: «Білімді ұрпақ - ел тірегі» сайысы
Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін қолдана біліп, өз пікірлерін айта білуге, ой пікірлерін дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттыруға, іздемпаздыққа тәрбиелеу
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
2 - жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!
1 - жүргізуші:
Физика - табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап
Артыңнан қалмайды екен тіріде ол.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Космос кораблі, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр
Бәрінің бағынары физика ғой!
Сондықтан табиғаттың сырын терең
Деушіге: оқып, зерттеп, білем, көрем,
Демесең болсын егер еңбегің еш
Әуелі физиканы оқы дер ем!
2 - жүргізуші: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»- деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз! Сондықтан да бүгінгі «Білімді ұрпақ - ел тірегі» атты сайысқа қош келіпсіздер! Бүгінгі сайыста 9 «а», 10 «а» сынып оқушылары білімдерімен, тапқырлығымен, іскерліктерімен сынға түскелі отыр.
1 - жүргізуші: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты ол
Еңбектену, жалықпау
Сәт – сапар тілеп бәріңе
Сайысты енді бастайық
2 - жүргізуші: Бүгінгі біздің сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады:
1. «Танысайық» (топтардың өздерін физикалық тілде таныстыруы)
2. «Кім жүйрік ойға, сол алда» (логикалық сұрақтарға жауап беру)
3. «Сырлы сұрақ», (басқа пән мұғалімдерінің сұрақтарына жауап)
4. «Бұл фокус емес, бұл физика», (үйден дайындап әкелген тәжірибелер сайысы)
5. «Физика қиын, ашиды миың», (берілген әріптерден формула құрастыру)
6. «Кім білімді?» (жанкүйерлерге арналған сұрақтар, топ мүшелері формула құрастырып жатқан кезде жауап береді)
7. «Білім керек мұндайда», ( таңдап алған сұрақтарға қосымша көмек арқылы жауап беру)
8. «Терминдердан құралған ақ тілектер» топ мүшелерінің тілектері
9. Қорытынды.
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер
2 - жүргізуші: Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.
Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! – деп,
әділқазы алқаларымен таныстырайық:
1.------------------------------------
2.------------------------------------
3.------------------------------------
1 - жүргізуші: Таныстырып топтарын,
Ұрандарын айтады,
Көрерменге білдіріп
Әділ баға алады.
2 - жүргізуші: Көрермендер тынысым,
Озар, қалар, қалыс кім.
Бүгінгі сайыс топтары,
Сіздерменен таныссын.
1. «Күш» тобының таныстыруы:
Біздің ұран – Біз күшпіз тартамыз,
тебеміз, әлемге тартылыс береміз,
әділдік жолына сенеміз!
- Біз күшпіз, сондықтан да жеңеміз!
2. «Атом» тобының таныстыруы:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалып айтпас
Өнері асқан дарынды.
Физиканың жолын қуған
Атом тобының атынан,
Қабылдаңыздар, шын жүректен
Сәлем сіздерге жалынды!
2 - жүргізуші: «Кім жүйрік ойға, сол алда» деп, логикалық сұрақтарға жауап беру, әр дұрыс жауапқа 1ұпай.
1.«Күш» тобына сұрақтар:
1. Қандай жолмен ешуақытта адам жүрмейді? ( Құс жолы)
2. Елеуішпен су әкелуге бола ма? ( болады егер қар немесе мұз болса)
3. Егер стакандағы судың бәрін ішіп қойса не қалады? ( ауа)
4. Неліктен су отты сөндіреді? ( су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
5. Дайындауға болады бірақ жеуге болмайды? ( сабақ)
6. Ньютонның заңын ашуына себеп болған не? ( алма)
7. Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма әлде жұқасы ма? ( қалыңы, ішкі қабаты бірдей уақытта жылынбайды)
8. Кім барлық тілде сөйлейді? ( жаңғырық)
9. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? ( буланады)
10. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? ( су толы ыдысқа)

1 - жүргізуші: 2. «Атом» тобына сұрақтар:
1. Көзіңмен көресің бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? ( көлеңке)
2. Жерден көтеру оңай бірақ лақтыру қиын. Ол не? ( мамық)
3. Теңізде қандай тастар болмайды? ( құрғақ)
4. Македонский заманындағы уақыт көрсеткіші немесе өлшеуіші болған не? ( тауық)
5. Жазуға болатын химиялық элемент? ( Бор)
6. Қандай моль киімді жемейді?( Моль - заттың мөлшерінің бірлігі)
7. Қандай өріске мал жаюға болмайды?( Электрлік және магниттік өріс)
8. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)
9. Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)
10. Не көрінеді, егер ештеңе көрінбесе? (тұман)
2 - жүргізуші: Ағатын мөлдір бұлақтар
Білімнен кім бар жырақтар?
Тақтаға қарап үңілсең,
Сырлы сауал сұрақ бар.
Физика пәнінің басқа пәндермен байланысын қарастыру барысында экрандағы номерлерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру керек.
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
(Экраннан бейне сұрақтар)
1. Еңбек пәнінің мұғалімі
Сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс байқалады?
Жауап: Қысым және қатты денелер арасындағы үйкеліс.
2. Математика пәнінің мұғалімі
Сұрақ: Найзағай жарқылы көрінгеннен кейін біраздан соң ғана күннің күркірегені естіледі. Неліктен?
Жауап: Найзағайдың (жарықтың) таралу жылдамдығы С=3•108 м/с, дыбыстың таралу жылдамдығы U=340 м/с, сондықтан Күннің күркіреуін соңынан естиміз
3. Биология пәнінің мұғалімі
Сұрақ: Өсімдікке күн сәулесі тік түсіп тұрғанда, неліктен оны суаруға болмайды? Жауап: Су тамшылары жинағыш линза болады. Линза фокусына жақын тұрған өсімдіктің бөлігі күнге күйеді.
4. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Сұрақ: Дене шынықтыру сабағында снарядтармен жұмыс жасау кезінде алақанды магнезиямен, ал шаңғының табанын канифольмен сүртеді. Неге?
Жауап: Үйкеліс күшін азайтып, көбейту үшін.
1 - жүргізуші: Қызық заңдар қайда,
қиын теңдеу қайда
Оны шешер өжет жастар қайда? – деп
келесі кезекті «Бұл фокус емес, бұл физика» деген айдармен үйден дайындап әкелген тәжірибелер сайысына береміз, әр топ өз тәжірибелерін көрсетіп, қарсы топтан жауабын сұрайды, әр дұрыс жауапқа 10ұпай
«Күш» тобының тәжірибелері: 1. Судағы шам.
Суға шамды тастап көрейік. Ол көлденең күйге түсіп, суда қалқиды. Бұл күйде шамды жаға алмаймыз. Ал егер шамның төменгі бөлігін шегемен қағып қоятын болсақ, онда жағдай басқаша болады.
Шегені күшпен қаға алмаймыз, сондықтан шегені қыздырып қағатын болсақ, онда ол оңай қағылады.
Шамның басының кішкентай бөлігі ғана су бетінде қалқитындай етіп, шегені таңдаймыз.
Шамды жақ, ол соңына дейін жанады.
Неге? Су тиетіндей жағдайда сөніп қалатын сияқты, бірақ ол сөнбейді. Неге бұлай екен?
Жауабы: Су шамға сыртынан әсер етуде, салқындатуда сондықтан шамның жағалары баяу ериді, осының нәтижесінде терең ойық пайда болады. Шам кішірейгенімен су түбіне кетпейді. Шам соңына дейін жанады. Мұндай шам қауіпсіз, себебі шамды соңында су өшіреді. өрт шығу мүмкін деген ойдан арылтады.
2. Кәдімгі ақ қағаз, өлшемдері барлық жағынан бірдей. Егер екеуін жерге бір мезетте тастайтын болсақ, онда екеуінің жерге бірдей түсетінін байқаймыз.
Сіздерге сұрақ қағаздың бірі екіншісіне қарағанда жерге жылдам, әрі тез түсе алады ма?
Жауабы: Ия, бір қағазды умаждап мыжысақ.
2.«Атом» тобының тәжірибелері: 1. Салқын қайнаған су.
Бір түрткеннен суды қайнатып көрейік. Бұл үшін бізге:
1. Орамал.
2. Таза стакан.
3. Резеңке қажет.
Орамалды суға батырып, жақсылап сығайық. Стаканға су толтырып орамалды стаканның бетіне жауып резеңкемен бекітейік. Орамалдың ортасын саусақпен басайық, ал енді стаканды төңкерейік. Кішкене су төгіледі. Стаканды бір қолда ұстап тұрып екіншісімен түбінен бір түртетін болсақ, су қайнағандай болады. Неге?
Жауабы: Орамал арқалы су өтпейді, себебі матадағы кішкентай бос кеңістіктер суға толы. Сол толған су стакандағы судың төгілуіне бөгет жасайды. Біз стаканды төңкергенде мата сыртқа қарай шығыңқырайды. Соның әсерінен стаканда вакуум пайда болады, ал ауа бет орамал арқылы өтіп суда көпіршіктер түрінде тарайды. Осының әсерінен су қайнап жатқан сияқты болады.
2. Қағаздың үстіне кез келген затты қояйық. Енді затқа тиіспей қағазды алуға болама?
Жауабы: Ия, тек қағазға ғана әсер етеміз.
2 - жүргізуші: «Физика қиын, ашиды миың», мына берілген әріптерден 3 минутта қанша формула құрастыруға болады?, әр дұрыс формулаға 1 ұпай
F, Q, m, N, S, k, g, P, p, V, c, q, t, ρ٫ μ٫ a, v, h, x, R, r, λ;
1 - жүргізуші: Енді, жанкүйерлер арасында «Кім білімді?», деп топ мүшелері формула құрастырғанша әр топтың жанкүйерлеріне 10 сұрақтан беріледі, әр дұрыс жауап 1ұпаймен бағаланып, сол топқа қосымша ұпай болып қосылады.
«Күш» тобының жанкүйерлеріне сұрақ:
1. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі? – (кристалдану, қатаю)
2. Тұтас алғанда атом заряды? – ( бейтарап)
3. Тоқ күшін өлшейтін құрал - (амперметр)
4. Қуаттың өлшем бірлігі – (Ватт)
5. Қай планетаның сақинасы бар? – (Сатурн)
6. Жылдамдықтың өлшем бірлігі - (м/с)
7. Бойымен жарық таралатын сызық – (сәуле)
8. Еркін түсу үдеуі неге тең – (9, 8 м/с2)
9. Су неше градуста қайнайды? (1000С)
10. Салмақтың өлшем бірлігі – (Н)
2 - жүргізуші: «Атом» тобының жанкүйерлеріне сұрақтар:
1. Заттың сұйық күйден, газ күйіне өтуі – (булану)
2. Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)
3. Кернеуді өлшейтін құрал – (вольтметр)
4. Тоқ күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы – (Ом заңы)
5. Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)
6 Бөлінбейтін бөлшек – (атом)
7. Жарықтың ваккумдегі жылдамдығы неге тең – (300 000 км/сағ)
8. Жиіліктің өлшем бірлігі – (Герц)
9. Ньютонның I заңы не деп аталады? – (Инерция)
10. Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)
2 - жүргізуші:
Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер... деп, сайысымыздың келесі бөлімі «Білім керек мұндайда» айдарымен таңдап алған сұрақтарға қосымша көмек арқылы жауап беру.
Шарты: 1 көмек 5 ұпай, 2 көмек 3 ұпай, 3 көмек 2 ұпай
4 көмек 1 ұпай

1 Ғалым туралы.....
а) Бұл ғалымды «сэр» деп атаған 5 ұпай
б) Оны «классикалық механиканың атасы» деп атаған 3 ұпай
в) Ол «бүкіл әлемдік тартылыс заңының» авторы 2 ұпай
г) Оның құрметіне күштің өлшем бірлігі берілген 1 ұпай
(Исаак Ньютон )
2 Жанды нәрсе туралы.....
а) Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді 5 ұпай
б) Жүрегіңнің қуаты 2. 2 Вт 3 ұпай
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай
г) жердегі ең ақылды кім? 1 ұпай
( адам)
3 Зат не?
а) Адам организмнің 65 процент і 5 ұпай
б) Заттың үш күйінің біреу і 3 ұпай
в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай
г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай
( Су)
4 Қорапта бір физикалық дене бар?
а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады 5 ұпай
б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура 3 ұпай
в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай
г) Шар тәріздес 1ұпай
( доп )
1 - жүргізуші:
Терминдерден құралған,
Ақ тілекті тыңдайық!
Алғыр, өткір жандардың,
Білімін біз сынайық.
Құрметті топ мүшелері мына берілген математикалық, физикалық терминдерді пайдаланып, сіздер бір - бірлеріңізге, көрермендерге жақсы тілектер айтасыздар. Әр тілек 1 ұпаймен бағаланады.
Төрт. Дәреже. Шаршы. Стандарт. Қуат. Жұлдыз. Күн. Ай. Күш. Кедергі. Көлем. Жұмыс. Түзу. Жер. Жүйе. Тең. Есе.
Төрт - Төрт құбылаң тең болсын!
Ырысың мен берекең мол болсын!
Дәреже - Дәрежең еселенсін!
Талабың өсе берсін!
Шаршы - Шаршы алаңда мүдірме,
Көп ойланып кідірме!
Стандарт - Стандартқа сай білім алайық!
Қуат - Уа, халайық! Бай - қуатты болайық!
Жұлдыз - Жұлдызың жоғары болсын!
Жасың жүзге толсын!
Күн – Күндей жарқырап тұр!
Ай – Айың әр уақытта оңыңнан тусын!
Күш - Күш – жігеріңіз сарқылмасын!
Кедергі, көлем - Ешқашан кедергі
Болмасын көлемді!
Жұмыс - Жұмысың табысты,
Ісің алғысты болсын!
Түзу - Өмірде түзу жолмен жүр!
Жер - Жер бетінде бейбітшілік болсын!
Жүйе - Алдарыңызға қойған мақсаттарыңыз жүйелі болсын!
Тең - Тең құрбыларыңның алды бол!
Есе – Еселенген бақыт келсін!
2 - жүргізуші:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім,- деп Абай атамыз айтқандай,
уақытында математика, физика пәндерінің сырын түсінбей кейіннен уысымызға түспей қалмас үшін көп оқып, ізденуіміз керек. Бүгінгі таңдағы физиканың тың жаңалықтарын меңгеріп, алдағы уақытта еліміздің, жеріміздің көркеюіне білімі мен қабілеті бірге ұштасқан біз - жастар еліміздің болашағымыз, дей келе, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Физикада футбол ойыны

Физикада футбол ойыны

Мақсаты: білім алушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін және пәнге деген қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру....
Іздеген – табар, оқыған – озар

Іздеген – табар, оқыған – озар

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектептің физика - математика пәнінің мұғалімі Казыканова Алия Калиардамовна...
«Білімді ұрпақ- ел тірегі»  сайысы

«Білімді ұрпақ- ел тірегі» сайысы

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектептің физика және математика пәнінің мұғалімі Казыканова Алия Калиардамовна...
Тапқыр достар (физикадан сайыс сабақ)

Тапқыр достар (физикадан сайыс сабақ)

Мақсаты: 1. Оқушылардың физика пәні бойынша білімдерін тереңдету, ой - өрісін кеңейту. 2. Танымдық қабілеттерін дамыту, ұжыммен жұмыс жасау...
Тұрақты электр тогы

Тұрақты электр тогы

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға негізгі мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Бримбетова Мадина Тыныштықбайқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×