Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Қуат

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, қуаттың өрнегін қорытып шығарып, тұжырымдамасымен танысып, есептер шығару арқылы білімдерін бекіту, теориялық білімдерін практикада пайдалануға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрістерін дамытып, белсенділіктерін арттыру, пікір алысып, өз білімдерін өздері бағалай білуге машықтандыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ процесінде зерек болуға, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, қайталау, СТО.
Сабақтың типі: Білімді жинақтау, жүйелеу, жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Сабақ жоспарына сәйкес слайдтар, динамометр, сызғыш, дене.
Сабақтың барысы:
I. А) Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру)
Б) Сабақ барысымен таныстыру: Балалар, бүгін сабақта сендер берілген сұрақтарға жауап бере отырып жаңа сабаққа қажетті формулаларды өздерің қорытып шығарасыңдар және алдарыңдағы жауап парағына әрбір сұрақтың жауабын жазып, экранға шыққан жауаппен салыстырып, (+), (-) таңбаларын қойып отырасыңдар, сабақ соңында жинаған баллдарыңа байланысты баға аласыңдар.

ІІ. Қызығушылықты ояту.
Сұрақ: 1) Балалар, тұрмыста «жұмыс» деп -------------
Жауап: жеке адамдардың жасаған еңбегін айтамыз.
Сұрақ: 2) Физикада «жұмыс» деп --------
Жауап: кез - келген дененің әрекетімен түсіндірілетін шама.
Сұрақ: 3) Мысалы ----------
Жауап: әртүрлі...
Сұрақ: 4) Физикада негізінен қандай жұмысты қарастырады?
Жауап: Механикалық
Сұрақ: 5) Механикалық жұмыс дегеніміз ----
Жауап: Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы.
Сұрақ: 6) Жұмыс =
Жауап. Күш х жол.
Сұрақ: 7) Формуласы:
Жауап: А=ҒхS
Сұрақ: 8) А, Ғ, S
Жауап: Жұмыс, күш, жол.
Сұрақ: 9) Өлшем бірлігі:
Жауап: Дж =1Нх1м
Сұрақ: 10) 1кДж=
Жауап: 1000Дж
Сұрақ: 11) 1мДж=
Жауап: 0, 001Дж
Сұрақ: 12) 1мкДж=
Жауап: 0, 000001Дж.
ІІІ. Эксперименттік есеп:
Динамометрді, сызғышты және денені пайдалана отырып, дененің 0, 5 м аралығында орын ауыстыруы бойынша механикалық жұмысты анықтаңдар.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру:
Балалар, сонымен жұмыс дегеніміз түсірілген күштің әсерінен дененің орын ауыстыруы екен және күш оң да теріс те болатындығын көрдік, күш түсірілгенмен орын ауыстыру болмаса жұмыста істелмейтіндігін білдік. Ал, бір жұмысты әр түрлі механизм атқара ала ма?
Атқарады, бірақ әр қайысысы түрлі уақытта атқарады екен.
Мысалдар келтіру...
Жұмыстың орындалу тездігін сипаттайтын шаманы қуат деп атаймыз.
Қуатты анықтау үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлеміз.

N= A/t
Осы өрнектен жұмысты анықтаңдар.
А=N*t
Физикалық шама болғандықтан оның өлшем бірлігі болады 1 секундта істелетін 1 джоуль жұмыс алынады.
Бұл бірлікті бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Джеймс Уаттың құрметіне ватт деп атайды. Қысқаша (Вт) белгіленеді.
Техникада қуаты өте жоғары, қуаттылығы өте төмен тетікте пайдаланылады:
милливатт (мВт), микроватт( мкВат), киловатт(кВт), меговатт (МВт)
V. Сабақты қорыту: Қуат және олардың өлшем бірліктері.(слайд арқылы экраннан анықтамаларын көрсету)
VI. Сабақты бекіту: (Тақтада жазылған есептерді шығарту)
1. Двигателінің тарту күші 80 кН электровоздың жылдамдығы 36 км/сағ болса, қуаты (Ж: 800 кВт)
2. Ұшу жылдамдығы 2340 км/сағ, дыбыс жылдамдығынан жоғары ұшатын ұшақтың тарту күші 220 кН болғандағы двигателдерінің қуаты (Ж: 143 МВт)
3. Штангист штанганы көтергенде 2 с - та 5 кДж жұмыс жасайды. Осы кезде қуат.(Ж: 2, 5 кВт)
4. Тарту күші 6 кН трактор жер жыртқанда 1, 5 м/с жылдамдықпен қозғалады. Трактордың қуаты. (Ж: 9000 Вт)
5. Тарту күші 3 кН, 6 с ішінде 100 м жол жүретін дененің қуаты (Ж: 50 кВт.)
6. 2 с ішінде 5 кДж жұмыс жасайтын дененің қуаты (Ж: 2, 5 кВт.)
7. Қуаты 0, 25 кВт электр двигателі 1000 Дж жұмыс жасау үшін кеткен уақыт (Ж: 4 с).
VII. Оқушылардың білімін бағалау
Сабақ бойы қойылған сұрақтарға берген жауаптардың дұрыстығын тексеру, ол үшін мына шкаланы пайдаланамыз: 0 - 6 балл – «3»
7 - 9 балл – «4»
10 - 11 - жоғары - «5»
VIII. Үйге тапсырма:
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету