Сайтқа кіру Тіркелу

Тұрақты электр тогы тарауын қайталау

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы тарауын қайталау
Мақсаты: Тұрақты электр тогы тарауындағы негізгі физикалық шамаларды қайталау.
Б. м: Білімді тексеру, бағалау.
Д. м. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ынтасын, ізденушілік, белсенділік қабілетін арттыру.
Т. м: Оқушыларды адамгершілікке, жоғары саналыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кадаскоп, амперметр, вольтметр, жалғыш, сымдар, қыздыру шамы, маркер тақтасы, слайдқа түсірілген есептер.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, трек - схема, тәжірибе, есеп шығару.
Сабақтың типі: Сайы сабақ.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру: оқушыларды түгелдеу, кабинеттің және олардың сабаққа дайындығын тексеру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Үй тапсырмасын трек - схема бойынша сұрау.
Электр тізбегінің шартты белгілерін сұрау.
Электр тізбегін құрастыру, сызбасын сызу.
Есеп шығару.
Қорытынды.
Үйге тапсырма.

Бұл тарау электр құбылыстарының ішіндегі маңыздыларының бірі болып саналады. Біз бұл тарауды оқу барысында электр тогы, ток күші, кернеу, ток көзінің электр қозғалушы күші, кедергі, тізбек бөлігі үшін Ом заңымен және іргелі физикалық шамалармен таныстық. Электр энергиясы халық шаруашылығының барлық салаларында, өнеркәсіпте, техникада, көлікте, байланыс саласында, адамдардың күнделікті өмірін электрмен қамтамасыз етудің іргетасы, бір сөзбен айтқанды, осы заманғы өркениеттің негізі болып саналады.
Олай болса сендерге мынадай сұрақ.

Электр атауы қайдан шыққан?
Жауабы: Ертеде гректер сары янтарь өндірілген, ол жүнге үйкелгенде өзіне жеңіл заттарды тартатын болған. Яғни, «янтарь» - «электрон» осыдан келіп электр атауы шыққан.
Заряд дегеніміз не?

Жауабы: Электрленудің сандық сипаттамасы оны q әрпімен белгілейміз. Өлшем бірлігі Кл.
Зарядтың неше тегі бар?
Жауабы: Екі. Оң және теріс.

Электростатикалық өріс дегеніміз қандай өріс?
Жауабы: Қозғалмайтын зарядтардың өрісі.

Біздің сабағымыз үш бөлімнен тұрады.
Үй тапсырмасы бойынша әр топ трек - схема сызады.
Электр тізбегін құрастыру, сұлбасын сызу.

Есеп шығару.
Алдымен үш топқа ат беру.
1. Ток күші. 2. Кернеу. 3. Кедергі.
1 - тапсырма: бойынша 1 - ші топқа «Электр тогы. Ток көздері», 2 - ші топқа «Ток күші. Амперметр», 3 - ші топқа «Электр кернеу. Ом заңы».
2 - тапсырма: Электр тізбегін құрамас бұрын тізбектің құрамды бөліктерінің шартты белгілерін сызу.
3 - тапсырма: бойынша электр тізбегін құрастыру.

Ток күші: Ток көзін, қыздыру шамымен, амперметрдегі және кілтті тізбектегі қосып электр тізбегін қосып жинақтаңдар және жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
Кернеу: Ток көзі, кілт, амперметр, қыздыру шамын тізбектей қосып электр тізбегін жинақтаңдар және жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар.
Кедергі: Ток көзі, кілт, амперметр, вольтметр, қыздыру шамынан тұратын электр тізбегін жинақтаңдар. Вольтметр шамға параллель жалғанған.
Ортақ тапсырма: Амперметрдің шкалаларын қараңдар және бір бөліктің құнын анықтаңдар.

4 - ші тапсырма бойынша есептер шығару.
Бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1, 5 кВ өріс 45мк Дж жұмыс атқаратын зарядтың шамасы неге тең?
Өткізгіштің көлденең қимасынан 2 минутта 36 мКл электр мөлшері өткен болса, онда ток күші неге тең?
25 Кл заряд өткенде ток күші 25 кА электрлік заряд қанша уақыт созылады?
Электр тізбегінің бір нүктесінен екінші нүктесіне 16 минут ішінде 240 Кл заряд тасымалданып, 1200 Дж жұмыс жасалған. Тізбектің осы нүктесінің арасындағы ток күшімен кернеуді табыңдар.
Сабақты қорытындылау: оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Электрмен жарақаттандырудың өркендеу тарихы» тақырыбына баяндама жасау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×