Сайтқа кіру Тіркелу

Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар тарауын қайталау

Тақырыбы: Атомның құрылысы. Атомдық құбылыстар тарауын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кванттық теориясы мен атом құрылысы бойынша оқушылардың алған білімдерін жүйемен жинақтау және білімді игеру деңгейін бағалау
Тәрбиелілік: Оқушылардың өзін - өзі тексеру, өз бетінше ізденуге, шапшаң, жинақы болуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттырып, алған білімдерін есте сақтау мақсатында оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту

Сабақ типі: Қайталау, білімді жинақта, жүйелеу.
Сабақ әдісі: Аралас (сұрақ - жауап, тірек - сызба, есеп шығару)
Сабақ түрі: Қайталау
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру ( сабақтың мақсаты мен таныстыру)
2. Ой қозғау. Оқушылардың ойын жинақтап белсенділігін артыру үшін жалпы тарау бойынша 10 сұрақ белгілеу.
Тапсырма:
Ядросында 7 протон мен 8 нейтрон бар бейтарап атомның электрондық қабықшасында қанша электрон бар. (7 электрон)
Протонның, нейтронның, электронның массалық саны мен заряд саны ()
Жарықтың екіжақтылығы (толқындық - корпускулалық)
Планк тұрақтысы (Дж*с) және (Эв*с) шамасы бойынша (Һ=6, 62*10 - 34 Дж*с), (Һ=4, 136*10 - 15 эВ*с)
Ультракүлгін гамма, рентген, инфрақызыл сәулелерінің қайсысының жиілігі жоғары (гамма сәуле) Толқын ұзындығы үлкені (инфрақызыл, ультракүлгін, рентген, гамма)
Электрон массасы қаншаға тең (m е =9, 1*10 31 кг)
Мария, Пьер Кюри ашқан радиоактивті элемент (полоний, радий)
Жүйенің ең аз мөлшерде жұтылатын энергиясын қалай атайды. (квант)
Радиоактивті препаратты қандай контейнерлерде сақталған қолайлы қорғасын ба, әлде алюминий ма? (Қорғасын)
Вакуумдағы электромагниттік сәулелердің тарлау жылдамдығы (с=3*10 8 м/с)
3. Көп біл. Тарауды алғашқы екі тақырыбы бойынша (жылулық сәулелену Абсолют қара дене Планк болжамы) сұрақтарға ауызша жауап беру.

Жылулық сәулелену немесе сәуле шығару дегеніміз не?
Қозған дененің әр түрлі температурасындағы жылулық энергиясының толқын ұзындығына Е() тәуелділік графигі көрсетілген. Дененің жарқырауы қай қисыққа немесе графикке сәйкес келеді?
Абсолют қар дене дегеніміз не?
Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының жиілікке тәуелді графигі көрсетілген. Қай аймақ ультракүлгін сәулесіне инфрақызыл сәулеге көрінетін ақ жарық сәулесіне сәйкес келеді?
Абсолют қар дененің энергетикалық жарқырауы неге тәуелді?
Жарық кванты
Жарық туралы классикалық физиктердің тұжырымы. (Сәулелік энергия үздіксіз шығарылады, жұтылады)
Жарық сәулесі жөнінде немістің физигі М. Планк болжамы ( Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үзікті, үлес квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады)
n - бөлшек үшін энергия шамасының формуласы (Е=n Е0=nһv)
Фотон деген не? (Тыныштық m=0 элементар бөлшек)
Квант дегеніміз не? (Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×