Сайтқа кіру Тіркелу

Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»

Тақырыбы: Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі
Мақсаты: Күн жүйесі туралы білімдерін толықтыру, Коперник теориясының маңыздылығын ұғындыру;
Экономикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, топтық жұмыстарға белсене қатысуға, бірлесе тұжырымды жауап беруге, өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.
Ұйымшылдыққа, жауапкершілікті сезінуге, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Саяхат, сайыс сабақ
Пән аралық байланыс: Экономика, математика
Көрнекілігі: Кодоскоп, слайд, тапсырмалар, “Күн жүйесі” моделі, шарлар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпты екі топқа бөліп отырғызу
Психологиялық дайындық:
- Балалар шарларды көріп отырмыз. Бұл шарлар жай шарлар емес, сиқырлы шарлар екен. Олар көптеген ғаламшарларды шарлады. Көптеген елдерді аралап, қызықты, тамаша оқиғалардың куәсі болды. Бүгін біздің сыныпқа келіпті. Әр елдің тапсырмаларын, ойындарын ала келіпті.
1 - ші шардың тапсырмасы: Амандасу. Үнді елінде балалар бір - бірімен құлақ, мұрындары арқылы амандасады екен. Кәне, балалар бізде бір - бірімізбен солай амандасайық.
Екінші шар: Экономика еліне саяхатқа шақырады екен.
Экономика ханшайымы: Саламатсыздар ма, балалар?
- Экономика ханшайымымын, сендерді экономика еліне саяхатқа шақырамын. Менің қолымда компьютер бар, сол арқылы бағыттарыңды белгілеп, аялдамаларды сендерге хабарлап отырамын.
Мұғалім: Балалар экономика ханшайымы сендердің экономикалық білімдеріңді тексеруге келген, сендерге тапсырмалар дайындап әкеліпті. Саяхатқа шықпас бұрын экономикалық терминдерді еске түсірейік.
(Салық, кіріс, шығыс, бюджет, сапа, кредит, банк, қажеттілік, жарнама т. б.)
Саяхатқа шықпас бұрын сендерді екі топқа бөліп алайын. Мына сұрақтарға жауап берейік:
а. Ақшаны үйге келген соң не деп айтамыз?(Кіріс)
б. Ақшаны жұмсағанды не деп айтамыз?(Шығыс)
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Экономика ханшайымы хабарлайды. Бірінші аялдама “Бюджет” аялдамасы. Бюджет дегеніміз кіретін кіріс пен шығатын шығысты өзара жалғастыратын қаржы жоспары(Слайд)

Мұғалім: Бюджет аялдамасының тапсырмасы бар екен. Сұраққа жауап береміз. Екі топтан кезектесіп сұрақтар аламыз. Әр дұрыс жауап 10 доллар мен бағаланады.
1. Эклиптика деп нені айтамыз?
2. Зодиак шоқжұлдыздары нешеу және олар қалай аталады?
3. Зодиак белдеуі деген не?
4. Күн мен түннің теңелуі қашан және ол қай шоқжұлдыздарға сәйкес келеді? Көрсетіп бер.
5. Жазғы және қысқы Күн тоқырау қай күндері болады?
6. Птолемейше Әлем жүйесінің құрылысы қандай еді? Ол қандай жүйе деп аталады?
7. Птолемей тұжырымдарына түзету енгізген қай ғалым?
8. Бируни еңбектерінің маңызы неде? Ол қандай көзқарасты жақтады?
9. Қазіргі Күн жүйесінің құрылысы қандай?
10. Төменгі планеталарға қандай планеталар жатады және неге олай аталған?
11. Жоғарғы планеталарды атаңдар. Жоғарғы планеталар деп қандай планеталарды айтамыз?
12. Күн маңындағы планеталарды атаңдар.
13. Қандай планеталарды алып планеталар дейміз?

Экономика ханшайымы: Екінші аялдама “Ақша “ аялдамасы. Ақша – тауар мен көрсетілетін қызметтерге төлеуге қабылданатындардың бәрі(слайд)
5, 10, 20 долларлық тапсырмалар берілген. Соларды орындаймыз.

- Үшінші аялдама “Жарнама “ аялдамасы. Шындығында адам жарнамадағы хабарландыруларды оқымайды, олар одан өзіне керек нәрсені іздейді, осы жағдайға жеткізген жарнама – нағыз жарнама болып табылады.
(Говард Госиди)(Слайд)

Мұғалім: - Балалар қазір “Сергіту” сәті ретінде екі топ жарнама көрсетесіздер.

Экономика ханшайымы: Төртінші аялдама “Бизнес” аялдамасы. Бизнес – пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет, кәсіпкерлік. ( слайд)
3. Жаңа сабақ
Планеталардың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея бірнеше ғасырлар бұрын пайда болғанымен 20 ғасырдай бұғып жатты. Себебі Птолемейдің геоцентрлік жүйесі сол кездегі адамдардың тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып келді. Ол тұтылулады, планеталардың көкжиектен көрінуін т. б. өзгерістерді алдын – ала болжауға мүмкіндік берді. Себебі ол жүйе де ұзақ жылдар бойы тәжірибелерге негізделіп жасалған еді. Дегенмен планеталардың орналасуы туралы бақылау мәліметтері молайған сайын Птолемей тұжырымдары түзетулерді қажет етті. Оны 16 - ғасырда ұлы поляк ғалымы Н. Коперник жүзеге асырды. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан “Жер қозғалмайды” деген түсінікті теріске шығарды. Жерді басқа планеталардың қатарына қосып, жер өз осін айнала отырып Күнді айнала қозғалады деді. Ал Ай Күнді емес, Жерді айнала қозғалады деді.
Коперниктің пікірін сол кезде ғалымдар бірден қабылдамады. Коперниктің өзі осы тұжырымның төңірегінде 40 жыл бойы ойланумен болды. Коперник Польша мен Италия университеттерінде үздік оқып, жан - жақты білім алған.
Ол Күнге қатысты планеталардың қозғалыстарын мұқият бақылап, зерттеулер жүргізген, бірнеше математикалық есептеулер жүргізген. Аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасады, оған 324 мың шаманы есептеп шығару қажет болды.
Осындай ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Коперник Күн жүйесінің құрылысы туралы жаңа жобаны ұсынды. Оның “Аспан сфераларының айналуы туралы” деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Ол планеталар жүйесінің центрінде Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе гелиоцентрлік жүйе деп аталды.
Коперник жасаған жүйе әлі де болса мүлтіксіз емес еді. Ол планеталар күнді дөңгелек орбита бойымен қозғалады. Ал қазіргі Күн жүйесінің моделі бойынша планеталар Күнді дөңгелек орбита бойымен емес эллипстік орбиталар бойымен айналады.
Коперниктің ілімін көптеген ғалымдар: Тихо Браге, Джордано Бруно, И. Кеплер, Г. Галилей, И. Ньютон қолдап, одан әрі дамытты. Коперниктің жүйесінің жаратылыстану ғылымдарының дамуында маңызы зор болды. Осы ттеория негізінде қозғалыстың салыстырмалылығы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізіліп, Ньютон мен Кеплер қозғалыстың нақты заңдарын ашты.

Экономика ханшайымы: 5 - ші аялдама “Валюта” аялдамасы.
4. Сабақты бекіту:
1. Н. Коперник қай елдің ғалымы және қай ғасырда өмір сүрген?
2. Н. Коперник теориясы бойынша Әлемнің құрылысы қандай? Ол жүйе қалай аталады?
3. Коперник жүйесінің қазіргі жүйеден айырмашылығы қандай?
4. Коперник ілімін жалғастырушылар кімдер еді?

5. Сабақты қорытындылау:
Экономика ханшайымы: 6 - шы аялдама “Аукцион” аялдамасы.
Мұғалім: - балалар қазір екі топ жинаған ақшаларымен аукционға қатысады.
Лот№1. Сатылатын зат “печенье”. Бастапқы бағасы - 50 доллар.
Лот№2. Сатылатын зат “Сок”. Бастапқы бағасы - 20 доллар

- Балалар, қараңдаршы мына шар бәрінен де өзгеше. Бұл Күн елінен келіпті. Бізге Күннің жылуын ала келіпті, кәне бәріміз күннің жылуын алып, отырған қонақтарға сол жылуымызды ыммен, қимыл арқылы сыйлайық.
6. Үйге тапсырма: №21(оқуға)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×