Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Электр өрісі

Сабақтың тақырыбы: §32. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Электр өрісі ұғымын түсіндіру, кернеулік деген жаңа физикалық шаманы енгізу.
Дамытушылық: Оқушылардың материя туралы түсініктерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, зеректікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: электрондық кітапша, суреттер, карточка.
Сабақтың түрі: ойын.
Пән аралық байланыс: математика.
Сабақ барысы: Ұйымдстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру үшін сыныпты 2 топқа бөліп жарыстыру.
§31. Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы.
Жарыстың ұраны: Кулон заңын біз жақсы түсінгенбіз
Біліммен биіктерден көрінеміз.
Әділ қазы осы сыныптың оқушысы: Жасболатова Еркежан.
Сайыстың өтілу жоспары:
1. ТОП БАСШЫЛАРЫ АТЫН ТҮСІНДІРЕДІ.
1 топ. ПРОТОН - ядроның құрамындағы оң зарядталған бөлшек. Оның заряды электронның зарядына тең. Ал протонның массасы электронның массасынан 1840 есе үлкен.
2. топ. ЭЛЕКТРОН - атомның сыртқы қабықшасында болады. Теріс зарядты бөлшек. Массасы 9, 1*10 - 31 кг. Заряды 1, 6*10 - 19 Кл.
2. СҰРАҚТАР.
1. Кулон заңы қалай айтылады.
2. Нүктелік заряд деген не.
3. Кулон тәжірибесін түсіндір.
4. 1 Кулон деген н.
5. Зарядталған денелердің өзара әрекеттесу күштері қалай бағытталған.
6. ε деген қандай шама.
3. Ф О Р М У Л А
1. Кулон күші
2. К тұрақты
3. ε0 неге тең
4. К неге тең
4. Е С Е П
Экранда берілген.
5. ТӘЖІРИБЕ КӨРСЕТУ.
1. Электрометр 2. Электроскоп
6. Бағалау.
Сергіту сәті. Физминутка.
ЖАҢА САБАҚ.
Қарастырылатын мәселелер.
1. Электр өрісі.
2. Кернеулік
3. Күш сызықтары
Мұғалім: Балалар, электр өрісінің бар екенін қандай тәжірибелерден көруге болады.
1 оқушы шығып тәжірибе көрсетеді. Қағаз қиындылары, гильзаның эбонитке тартылуын түсіндіреді.
Тақырып «Физика в картинках» дискісі арқылы түсіндіріледі.
Бекіту үшін «Ақылдың алты қалпағы ойыны ойнатылады.
Осының ішіне формула, анықтама, есеп шығару кіреді.
Балалар, осы тақырыпты қалай түсіндіңдер. Өз ойларыңды айтыңдар.
Деңгейлік тапсырмалар беру, Күрделі есептер шығару.
Баға қою, Үйге тапсырма беру.
Тест сұрақтары.
1. Кулон тәжірибесінде нені пайдаланды
А. электрометр В. динамометр С. иірілмелі таразы Д. электроскоп
2. Екі нүктелік зарядталған дененің ара қашықтығын 2 есе арттырса олардың арасындағы өзара әрекеттесу күші қанша есе өзгереді
А. 2есе кем
В. 4есе кем
С. 2есе артық
Д. 4 есе артық
3. Зарядтың өлшем бірлігі
А. Кл
В. Па
С. Н
Д. Дж
4. К коэффиценттің мәні
А. 9, 1*10 - 31 кг
В. 1, 6*10 - 19 Кл
С. 9*109 Н*м/Кл2
Д. 8, 82*10 - 31 м
5. Зарядталған денелердің өзара әрекеттесу күші сан жағынан
А. үлкен
В. кіші
С. тең
Д. тең емес
6. Кулон заңы қай жылы ашылды.
А. 1980ж
В. 1785ж
С. 1836ж
Д. 1854ж
7. ε0 - дың мәні
А. 9*109 Н*м/Кл2
В. 8, 85*10 - 12 Кл/Н*м
С. 9, 1*10 - 31 кг
Д. 1, 6*10 - 19 Кл
8. К - ның формуласы
А. кх
В. ρνg
С. 1/4π ε0 ε
Д. μN
9. Теріс зарядталған бөлшек
А.протон
В. нейтрон
С. электрон
Д. электрометр
10. Кулон күшінің формуласы
А. Ғ=кх
В. Ғ=ρνg
С. F=mg
Д. F=кq1 q2 /r2
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету