Сайтқа кіру Тіркелу

Жылу туралы алғашқы түсініктер

Кіріспе. Жылу туралы алғашқы түсініктер

Материяның көптеген түрлерінің бар екені белгілі. Олар сан алуан элементар бөлшектер. Жүйелер қатарына фотондардан құралған электромагниттік өрісті де, әр түрлі элементар бөлшектерден құралған атомдары да, бірнеше атомнан құралған молекуланы да, тіпті көптеген молекулалардан құралған макроскопиялық затты да жатқызуға болады.

Осы жүйелерді зерттеп табиғат заңдарын түсінуге тырысып отырған адам баласының өзі де табиғаттан пайда болған материалдық жүйелердің көптеген түрлерінің бірі болып табылады.
Макроскопиялық заттардың әр түрлі агрегаттық күйде болатыны ерте кезден белгілі болған.
Мұздың еруі, шәйнектегі судың қайнауы, дененің қызуы және салқындауы сияқты құбылыстар жылулық құбылыстар деп аталады.
Жылудың алғашқы теориялары XVIII ғасырда құрылған.
Ежелгі Грекия философтары жылуды көзге елестейтіндей түрде көрсетуге тырысты. Осылай жылудың тегі және дененің құрылымы жайлы алғашқы көзқарастар пайда болды.
1619 жылы Г. Галилей жылудың тегін түсіндіруге тырысты. Галилейдің ойынша жылу дегеніміз барлық денелерге еркін кіре алатын және одан шыға алатын зат.

Жылу дегеніміз энергияның бір түрі емес, ол энергияның берілу тәсілі. Денені бір күйден екінші күйге көшіру үшін оған белгілі бір жылу мөлшері қажет. Жылудың энергиядан өзгешелігі ол дене күйінің функциясы бола алмайды. Жылу дене күйінің өзгеру процесіне байланысты.
Денеге энергия жылу түрінде берілгенде, денені құрайтын бөлшектердің энергиясы, яғни ішкі энергиясы артады.
Жылу алмасудың үш түрі бар: конвекция, жылу өткізгіштік, сәуле шығару.
Молекулалық тұрғыдан алғанда кез келген дене атомдар немесе молекулалар деп аталатын микробөлшектердің орасан зор санынан тұрады. Бұл бөлшектер үздіксіз жылулық қозғалыста болады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×