Сайтқа кіру Тіркелу

Қайталау

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. «Шырша қызықтары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың алған білімдерін тексеру
Дамытушылық: шапшаңдыққа, алғырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру
Көрнекілігі: динамометр, термометр, мензурка.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика.
Сабақтың түрі: сайыс.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.
2. Қайталау.
Мұғалім: балалар, жаңа жыл мейрамы келе жатыр, сондықтан бүгінгі қайталау сабағымыздың атын «Шырша қызықтары» деп алдық. Мына құрулы тұрған шыршада 20 сұрақ ілінген. Кейбіреуінде сыйлық бар. Сыйлықты алу үшін сұраққа жауап бересіңдер. Ол жауап бере алмаса келесі оқушы жауап беріп сыйлықты жеңіп алуына болады. Сұраққа жауап берген бала қағазды өзімен бірге ала кетуі керек. Сабақ соңында кім көп сұраққа жауап берсе сыйлық алады. Сыныпта 2 қатар болғандықтан 2 топқа бөлеміз. Кезек - кезек шығып сұраққа жауап береміз.
1. Материялық нүкте деген не.
2. Табиғатты зерттеу әдістері.
3. Атомның құрлысы қандай.
4. Өз осіне қарама - қарсы айналатын планета.
5. Тәжірибе. Инерцияға тәжірибе жаса.(столдың үстінде бос стакан, қағаз, 50 теңге)
6. Диффузияға тәжірибе көрсет.(столдың үстінде суы бар ыдыс, бояу түйіршігі)
7. Мензурка туралы не білесің.
8. Термометр туралы не білесің.
9. Динамометрмен жүкті өлшеп көрсет.
10. Осы сұраққа жауап берсең шыршаны жағасың. Егер серпімділік күші 2 есе өссе, серіппенің ұзындығы қалай өзгереді.
11. Мына есепті дұрыс шығарсаң сыйлық аласың. Үлестірме қағаздан есеп алады.
12. Мына формуланы дұрыс жазсаң сыйлық аласың. Тығыздықтың формуласы.
13. Сыйлық. Ауырлық күшінің формуласы.
14. Асылдың сұрағы (11сынып оқушысы Ерболатова сұрақ дайындап келеді)
15. Мына мақал қай құбылысқа арналған «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді».
16. Соңғы жылдар көркейіпті еліміз Кереметтей жетістікке жетіппіз Халқымыздың әл - ауқаты жақсарып Тасқын судай алға жылжып келеміз.
17. Физикалық шама деген не.
18. Сыйлық. Үлестірме қағаздан есеп ал.
19. Заттың күйлері туралы айтып бер.
20. Дефформация деген не.
Қорытынды бөлімі.
Мұғалім: Бүгінгі сабақты қорытындылайық. Сұраққа өте жақсы жауап беріп Усенбаев Самат шырша жағу құрметіне ие болды. Енді кімнің қолында шыршаға ілінген сұрақ жазылған қағаздар көп болса сол балаларға да сыйлықтар беріледі. Бүгінгі сабақта белсенділік көрсеткен балаларға бестік бағалары қойылады. Балалар, Жаңа Жылда алатын сыйлықтарың көп болсын. Үйде өткен тақырыптарды қайталап келіңдер.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×