Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

11 - сынып. Бақылау жұмысы. І жарты жылдық

11 - сынып.
Бақылау жұмысы.
І жарты жылдық.

І нұсқа.
Индуктивтілігі 31 мГн катушка әрбір астарының ауданы 20 см2, ал ара қашықтығы 1 см жазық конденсаторға жалғанған. Егер ток күшінің амплитудасы 0, 2 мА, ал кернеудің амплитудасы 10 В болса, астарлар арасындағы кеңістікті толтырып тұрған ортаның диэлектрлік өтімділігі неге тең?
Тізбектегі ток күші уақытқа тәуелді заңы бойынша өзгереді. Ток күшінің әсерлік мәні, оның бастапқы фазасы мен жиілігі қандай? t1=0, 08c; t2=0, 042c уақыт мезетінде тізбектегі ток күші неге тең?
Кеңістіктің қайсыбір нүктесіне оптикалық жүріс айырымы 6 мкм когерентті сәулелер түседі. Егер толқын ұзындығы: а) 500 нм, ә) 480 нм болса, онда бұл нүктеде не болады? Жарық күшейе ме, әлде әлсірей ме?
Дене жинағыш линзаның алдыңғы фокусынан 0, 1 м қашықтықта, ал дененің айқын кескіні алынған экран линзаның артқы фокусында одан 0, 4 м қашықтықта орналасқан. Линзаның оптикалық күші және дененің ұлғаюы қандай?
Төртінші орбитадан екінші орбитаға ауысқандағы сутегі атомы шығаратын сәуленің толқын ұзындығын анықтау керек.

11 - сынып.
Бақылау жұмысы.
І жарты жылдық.

ІІ нұсқа.
Егер тербелмелі контур индуктивтігі 2ּ10 - 3 Гн катушка мен жазық конденсатордан тұрса, ол қандай толқын ұзындығымен сәйкестендірілген? Конденсатор астарларының ара қашықтығы 1 см, астарлар арасындағы кеңістікті толтырып тұрған заттың диэлектрлік өтімділігі 11 - ге тең, астарлар ауданы 800 см2.
егер сынаптың жасыл сызығы (λ=546, 1 нм) бірінші реттік спектрде 1908/ бұрышпен көрінсе, дифракциялық торда ұзындық бірлігіндегі сызықшалар санын анықтаңдар. (sin1908/=0, 3278).
Егер Жерге қатысты 0, 99с жылдамдықпен қозғалатын ракета ішінде 5 жыл өтсе, онда Жерде қанша уақыт өтеді?
Натрийді жиілігі 4, 5ּ1015 Гц жарықпен жарықтандырса, оның бетінен ұшып шығатын электрондардың жылдамдығын табыңдар.
Бор теориясын пайдаланып, сутегі атомы үшін электронның бірінші орбитасының радиусын және осы орбитадағы электронның жылдамдығын анықтау керек.

11 - сынып.
Бақылау жұмысы.
І жарты жылдық.

ІІІ нұсқа.
Индуктивті катушкадағы ток 0, 6 с ішінде 1 А - ге өзгергенде, онда 0, 2 В - қа тең ЭҚК - і пайда болады. Контуры осы катушка мен сыйымдылығы 14100 пФ конденсатордан тұратын генератор шығаратын толқын ұзындығы қандай?
Тербелмелі контур сыйымдылығы 1 мкФ конденсатор мен индуктивтігі 4 Гн катушкадан тұрады. Конденсатордағы зарядтың тербелістер амплитудасы 100 мкКл. теңдеулерін жазыңдар. Ток күші мен тербелістерінің амплитудаларын табыңдар.
Күн бетінің температурасы 6000 К болса, онда 1 с ішінде оның 1 км2нен шығатын энергия қандай?
Еге мырышты ультракүлгін жарықпен (λ=320 нм) жарықтандырса, онда электрондар қандай ең үлкен жылдамдықпен қозғалады?
Дене мен кескіннің ара қашықтығы 0, 72 м. Линзаның ұлғайтуы 3 - ке тең. Линзаның фокус аралығын табыңдар.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету