Сайтқа кіру Тіркелу

Отбасы жарастығы

Сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасындағы жарастық туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құнды сезім екенінің мәнін ұғындыру.
Міндеті:
- отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;
- отбасында жағымды қарым - қатынас жасау дағдыларын дамыту;
- өзара сыйластыққа тәрбиелеу:
- Сәлеметсіңдер ме оқушылар! Оқушылар бүгінгі сабаққа деген көңіл күйлерімізді бармақ әдісі арқылы көрсетіп шығамыз. Көңіл - күйіміз жақсы болса бармағымызды жоғары көтеру арқылы, орташа қиғашынан көрсету, төмен болса төмен қаратып көрсетеміз. Ендеше, көңіл-күйлері орташа оқушылар сабақ соңына дейін жақсы көңіл - күйге көтеріледі деген ниеттемін.
Өткен сабақта берілген сабақта сүйіспеншілік тақырыбын өткен болатынбыз, сол тақырыпқа сай табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді білдіріп эссе жазуға бергенмін сендерге ал енді оқып кетейік.
Оқушылар біз табиғатқа қамқор боламыз, аялаймыз ал бізді кімдер еркелетіп, кімдер аялайды екен. Әрине ата - ана
Ал енді оқушылар, алдарында жатқан суреттерді құрастырып көріңдер. Пазлдар арқылы отбасының суретін құрастыру. Суреттерден отбасындағы қандай құндылықтарды көріп отырсыңдар. Бұл отбасылар қандай отбасы екен.
Ендеше, оқушылар біздің бүгінгі тақырыбымыз « Отбасы жарастығы»

Әңгімелесу
Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс - тәжірибесімен салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысады:
Ойланайық пікірлесейік:
Отбасы жарастығы дегеніміз не?
Бақытты отбасы қандай болады?
Тату отбасында қандай қасиеттер болады?

Мұғалім отбасы жарастығы, татулығы, туралы айтқан оқушылардың жауаптарын түйіндеп, жаңа ақпарат береді
Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір - бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады. Отбасында бір - бірімізді жақсы көрсек, бір - бірімізден ешнәрсе жасырмасақ ең бақытты, ен тату отбасы боламыз.

Мұғалім сабақ тақырыбын өмірмен байланыстыру мақсатында аудиозапиське жазылған «Отбасы татулығы деген» аңызға сый сыйлайды.
Отбасындағы жарасым негізі: « сүйіспеншілік», «кешірім», « бірлік», « шыдамдылық» екенін оқушылардың өздері пайымдауына бағыт береді.

Отбасы татулығы
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таңғалдырады. Оларда ұрыс - керіс, дау - жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ - қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап - таза, барлығы да жеткілікті, тыныштықпен пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым - қайғысыз, балалары бақытты, мәз - мейрам екен. Бұған патша таң - тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату - тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таңғалып:
- Осы - ақ па?
- Иә,- деді ақсақал. – Барлық жақсы отбастары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
• Өсиет әңгіменің мәні неде?
• Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырады?
• Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
• Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
• Отбасының татулығы, бірлігі кімге, неге байланысты.
• Әрбір оған жауапты ма? Неліктен?
• Сендердің отбасыларының татулығы мен бақыты қандай құндылықтар мен қасиеттерден құралған?

Плакатпен жұмыс: Оқушыларға отбасындағы әр отбасы мүшелеріне А3 форматқа сипаттама жазу тапсырмасы беріледі, әр топ өзінің плакатын қорғайды.
Мен үшін ананың қымбат.............. алақаны, жылы сөздері, жүрегі
Мен үшін әке.................... асқар тау, отбасының тірегі, қамқоршы
Бала...................... ұрпақ жалғастырушы, асыраушысы, үмітімін
Мен үшін ата - әже.............................. еркелетеді, ардақты кісілер
Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс
Енді балалар бүгінгі тақырыбымыздан өзімізге қандай ой түйдік, отбасы құндылығы туралы не білдік айдарымен топтық жұмыс орындаймыз.

1 топ: Отбасы коллажы
Берілген суреттер арқылы отбасына байланысты мақал - мәтел құрастырып отбасы коллажын құрап шығару.

2 топ: Жағдаяттарды талдау.
1) Саят өз ата – анасын басқа балалардың ата - аналарымен көп салыстырады. Кейде Саятқа өз ата - анасы басқалардікіндей емес сияқты болып, оларға ренішпен қарайтын болды.
Саяттың іс - әрекеті дұрыс па?
Саятқа қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
2) Сыныптағы досыңның анасы қатты ауырып қалды, ал сендер болсаңдар, қала сыртына саяхатқа билет алып қойғансыңдар. Не істер едіңдер?
Саяхаттан бас тартасыңдар ма?
Достарына қандай көмек ұсынасыңдар?

3 топ: Суреттегі бейнелердің қайсысың өз отбасы мүшелеріне теңер едіңдер?
А3парақтарына суреттерді жапсырып, не себепті сол бейнеге теңегендеріңді әңгімелеп беріңдер

4 топ: отбасы туралы мақал - мәтел аяқтау;
1. Ата.............................
Бала............................
2. Ағасы бардың........................
Інісі бардың............................
3. Әкесін.......................................,
Баласы.......................................
4. Ананың......................................,
Атаның..........................................
5. Аға...............................................,
Апа...............................................
6. Жас............................................
Жас............................................

Рефлексия кері байланыс
Сабақтың тақырыбын бекіту мақсатында алма ағашын жасаймыз, алма ағашы бос тұр ол ағашты алмалармен толтырып өсіреміз. Алмаларға отбасындағы құндылықтарды жазып шығамыз. Мінекей, оқушылар ағаш қалай алмаларын қып қызыл қылып өсіреді күтеді, бізде сол сияқты бақытты отбасымыздың құндылықтарын сақтайық.

Ыстық микрофон әдісі
Оқушылар бүгінгі сабақтан өзімізге көп кеңестер алдық. Сонымен отбасы жарастығы ол - отбасының татулығы, сыйластығы бірлігі екен осы сәтті пайдалана отырып өзіміздің отбасымызға, ата - анамызға микрофон арқылы жүрегімізден шыққан тілектерді жолдайықшы.

Топпен ән
Қ. Нұртас. «Жанұям»
Аман болсын ата - анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін бауырымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату - тәтті болсын менің жанұям.
Жанұяның бір қызығы арадағы бала,
Онсыз үйде болған емес құт - береке сірә.
Жастайымнан еркелетіп өсірген,
Аман болшы теңдесі жоқ Атаменен Ана!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×