Сайтқа кіру Тіркелу

Жарық. Жарық көзі.

1. Физика 8 сынып
Жарық. Жарық көзі.
1. Жарық туралы түсінік беремін
Сендер алдағы уақытта әр адамға қажетті, өте қызықты, өте пайдалы құбылыстармен танысасыңдар. Бұл жарық құбылыстары. Жарық және жарық құбылыстары туралы физиканың оптика деп аталатын тарауында айтылады.

2. Жарықтың адамның өмірі мен іс-әрекетіндегі рөлі.
Біздің планетамыздағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны ерекше. Жарық табиғатты танудағы маңызды құрал болып табылады. Қоршаған ортаны көру деп, ал көру мүшесі көз деп аталады. Бізді қоршаған дүние туралы мәліметтің 90 пайызын біздің көру мүшеміз береді, ал оның тасымалдаушысы жарық болып табылады.

3. Жарық көзі бола алатын денелермен таныстыру.
Жарық көздері –жарық шығаратын денелер. Оларды екі топқа бөлуге болады. Дербес жарық көздері және шағылған жарық көздері. Дербес жарық көздерін жылулық, люминесценциялық және плазмалық болып 3 топқа бөлінеді. Әлемдік кеңістіктегі жарықты да, жылуды да өздері шығаратын денелердің мысалдарына Күн мен жұлдыздарды алуға болады. Жарықтың люминесценциялық көздеріне мысалдар. Люминесценттік шамдар, теледидар, тамырдың шіріндері, жарық қоңыздары, радиоактивті заттар. Плазмалық жарық көздеріне өздері арқылы электр тогын өткізе алатын газдар жатады.Жарық ағынында молекулаларда, атомдар да, электр бөлшектері де, заттың қандай да бір басқа бөлшектері де жоқ. Жарық заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағынын білдіреді. Жарық бөлшектері фотондар деп аталады. Оларда масса мен энергия толқындық қасиеттер бар және олар қозғалыста ғана өмір сүре алады.

4. Жарықтың энергия берілудің бір түрі сәулеленумен байланысына тоқталу.
Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталынған денелерге алып барады. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп атайды. Сәуле шығару толық вакуумде болуы мүмкін. Барлық денелер өздерінің азды-көпті ішкі энергиясын сәулелену арқылы сыртқа шығарады.

5. Жарық жылдамдығы жайында мағлұмат беру.
Жекелеген фотондардың массасы мен энергиясы әртүрлі болғанымен, олардың вакуумдегі жылдамдығы бірдей. Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Бұндай жылдамдықпен бірде-бір дене қозғала алмайды. Вакуумдегі жарық жылдамдығы-табиғаттағы мүмкін болатын ең үлкен жылдамдық. 3*108 м/с, ауадағы-299711 км/с, суда-225000 км/с, шыныда-200000 км/с.

6. Күн-жұлдыз туралы түсінік беру.
Күн-өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі. Бұл сәуле шығару күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді. Шар тәріздес Күн бізге жарқыраған дөңгелек болып көрінеді. Радиусы Күннің радиусы болып саналатын Күннің көрінетін беті фотосфера деп аталады. Ол радиус Жердің 109 радиусына тең. Күннің көлемі Жердің көлемінен 1300000 есе артық. Күннің еркін түсу үдеуі 274 м/с2. Оның бетіндегі екінші ғарыштық жылдамлық uІІ=618 км/с, орташа тығыздығы ρ0=1410 кг/м3. Күннің сәуле шығару қуаты 4*1023 кВт, температурасы 6000 К.
Жарықтың физикалық қасиеті: жарық әсерінен денелер қызады,металдардың электрондары ұшып шығады,осының нәтижесінде металдар электрленеді.
Жарықтың химиялық қасиеті: жарық химиялық реакция тудырады.Маталардың бояуы өңеді,фотопластинкалар қараяды.
Жарықтың биологиялық қасиеті: Өсімдік жапырақтарында жарық әсерінен хлорофиль түзіледі
Өзін-өзі танумен байланысы:
Жарық пен көлеңке. Біз жарыққа қарай жүрсек, көлеңке артымызда болады. Жарық көп болған сайын көлеңке азаяды. Жарыққа арқамызды қаратып жүрсек, онда көлеңке алдымызда болады. Жарық – бұл біздің бойымыздағы жалпыадамзаттық құндылықтар, көлеңке – бұл біздің теріс жақтарымыз. Көлеңке бұл жарықтың жоқтығы. Жарық бар жерде көлеңке жоқ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×