Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Өнер - өмір өрнегі

Тақырыбы: Өнер - өмір өрнегі
Өзін өзі тану 8 сынып
Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттері: ізгілік, мейірімділік, тазалық, адалдық, қайырымдылық.
Сабақ мақсаты: Адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан - дүниесінің үндестігі, сезім мен ой тазалық, әсемдік, сұлулық, жан сұлулығы туралы түсініктері арқылы сүйіспеншілік құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- оқушыларға әсемдік, сұлулық арқылы риясыз сүйіспеншіліктің мәнін ұғындыру;
- Оқушыларда ізгілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту;
- Оқушыларды бүкіл адамзатқа қайырымды, адал болуға тәрбиелеу. Ресурстар:
оқулық, дәптер
(аудио, видио жазбалар)

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т
2. Тыныштық сәті. «Күннің нұры» (5 мин)
... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру:
Тапсырма: 8клас «Әнші мұраты»
Сұрақтар:

• Өнердің адам өміріне ықпалы қандай?
• Адамның өмірді жасампаздықпен қабылдауын қалай байқауға болады?
• «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп қандай адамды айтады?
• Өзара махаббат дегенді түсіндіріп беріңдер?
• Өзімшіл (эгоистическая) деген сүйіспеншіліктің мағынасын түсіндіріңдер?
• Сүйіспеншіліктің қасиеттерін атап түсіндіріп беріңдер? Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.
«Алдымен сүйіспеншілік, содан киін ғана білім беру керек»
Я. А. Коменский
Неліктен бірінші білім емес өмірде ең басты нәрсе сүйіспеншілік деп Коменский атаған?
Бәріміз қосылып айту.
2 - рет ұлдарға, 2 - рет қыздарға айтқызу.

4. Әңгiмелеу
«Тәңірісі сұлулықтың марал деген...»
Ақша қар жапқан аппақ қапталған қайқаң қағып ай мүйізді ақмарал шыға келді. Жай кемеді, секіріп билеп, орғып ойнап шыға келді. Басын әсте жерге салмай, әмәнда асқақ та тәкаппар ұстайтын кербез аң бұл жолы да маңғаз қасқайып тұра қалған. Аппақ қар бетінде бітім - болмысы, бар келбеті апанық нақышталып, сізге қасқайып қарсы қарап тұрған оғаш, жекеленген бұғыны – шаңырақтанған ақ мүйізі сан салалы бұғыны, қызықтамауыңыз, таңданбауыңыз тіпті де мүмкін емес. Бұғының осы тұрысын сіз айналайын табиғаттың жалқы туар арда аруына балар ма едіңіз, әлде шалқар әлем көгінде орнатылған табиғат ананың өз ескерткішіне теңер ме едіңіз?
Сөйтер едіңіз. Өйткені көңілінің көгі бар әрбір жанның марал десе елең етері рас.
Қазақ жұрты бұғы - маралды сұлулықтың тәңірісі санапты. Сұлу болсын деп қыз есімін Марал, Ақмарал қоятыны бұған дәлел.

Сұрақтар:
• Автор маралдың сұлулығын қалай сипаттайды?
• Сұлулық адамға ғана тән бе?
• Еліктің баласы құралайдың, түйенің баласы ботаның сұлулығы туралы не айтар едіңдер?
• Табиғат сұлулығы туралы қандай пікір білдіре аласыңдар?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
« Сұлулық сүйіспеншілік бастауы» тақырыбында өлең құрастыру тапсырылады.

6. Топпен ән айту.
«Қыз сыны»
Сөзі Қ. Қазыбековтікі
Әні М. Омаровтікі
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,
Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.
Иықтан шашың төгіліп жерге,
Күмісті шашбау жарасып белге.

Қиылған қасы, қарақат көзі,
Жүректі баурап, оятар сезім.
Тал бойың нәзік қызғалдақ гүлдей,
Дидарың нұрлы шуақты күндей.

Жаңарып қайта, жаңарып көне,
Ләззат алар көрген жан сенен.
Көркіңнен сенің айналдым, еркем,
Халқымның салтын сақтаған көркем.

7. Үй тапсырмасы.
4 - сабақ. «Қос өнерпаз»
Дәптердегі 3 - 4сабақ, тапсырманы орындап келу.
8. Соңғы тыныштық сәті.
(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкіл әлемде)
- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шығырлы ауылы
Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебі
Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі:
Ундаганова Асыл Сериковна
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету