Сайтқа кіру Тіркелу

загрузка...

Жақсылық жан жадыратады

Өзiн – өзi тану сабағының жоспары

Мектеп 249 мектеп - лицей
Тақырып: Жақсылық жан жадыратады
Құндылық ішкі тыныштық Қасиеттер жақсылық жасау, мейірімділік, ізгілік
Мұғалiм Жанибек Раушан Жанибеккызы

Сабақтың мақсаты: Жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру арқылы ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
 Оқушыларға жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу, жақсылық жасау туралы білімдерін кеңейту;
 Оқушылардың мейірімділік, ізгілік жақсылық жасау қасиеттерін дамыту;
 Өз жақындарының ішкі сезімдерін түсіне білуге, адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу;
Ресурстар: оқулық, дәптер
(аудио, видео жазбалар)
Дәптер, оқулық, аңыз, тамшылар үлгісі.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару. 5Т еске түсіру
2. Жағымды күйге ену. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегін ұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте – бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
3. Үй тапсырмасын тексеру:
Тапсырма:
А. Құнабайұлының «Жиырма үшінші сөз» қара сөзі
1. Жаманға салысып жақсы бола ма? дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге және үйретуге болады?
3. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады? Ескерту:
1. 4. Дәйексөз
Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.
(Халық даналығы)
Бірінші ер балаларға, екінші қыз балаларға айтқызу.
Барлығы бірге айту. Дәйексөздің мағынасын ашу.
Дәптерге жазып алу.
5. Әңгiмелеу. «Өмір сүрудің ең жақсы жолы»

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақкөңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің дүние - мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір - бір ақшадан беремін. Осы ақшаға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айрылып қалмауды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржыды. Қалаға барып үшеуі де ақшаларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келгенде үлкен баласы:
- Досымның шаруашылығына барып, екі қап сабан сатып алдым,- деді де, қаптарды ашып, сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады. Ал екінші баласы:
- Дүкенге барып екі жастық алдым,- деді де жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады. Ал үшінші ұлы:
- Ақшаны ұсақтап, 50 сомын мешітке бердім, 20 сомын қайырымдылық қорға бердім, 20 сомын садақа ретінде тараттым. Қалған 10 сомға екі нәрсе алдым деп, қалтасынан сіріңке мен шырақты алды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді. Әкесі баласына риза болып:
- Менің жаным енді тынышталды. Мирасымды саған қалдырамын, өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы - айналаңа жарық тарату екенін білдің.

- Үшінші ұлының әрекетіне деген өзіңіздің көзқарасыңыз?
- Әкелерінің ішкі тыныштық табуына не себеп болды?
- Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сен жақсылық жасағанда қандай сезімде боласың?
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1. Жақсылық тамшысы
топтық жұмыста тамшы үлгісінде қиылған көк қағаздарды балаларға үлестіріледі. Біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті. Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға жасаған жақсылықтарымыз бен игі істерімізді жазуымыз керек.
/Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналды. Яғни әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде тыныштық орнап, адамдар бақытты өмір сүреді./
2. Белгілі бір әуенге топ болып бір шумақ қайырмасымен өлең құрастыру
7. Топпен ән айту.
«Армансыз күнім болмайды»
(немесе оқушылардың шығармашылығы)
8. Үй тапсырмасы
«Жақсылық – жан шуағы» тақырыбына эссе жазу
«Намыс» атты өлеңін оқып келу
9. Сабақтың қорытынды сәтi
Жан тыныштығына жету (Дейл Карнегидің кеңестері)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.
- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.
- Әрқашанда бір - бірімізге жақсылық жасап, өміріміз тыныштыққа толы болсын! Рахмет! Көздеріңізді аша беріңіздер!. Сабақ аяқталды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, орыс тілі, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету