Сайтқа кіру Тіркелу

Ойнай білу де - өнер

Тақырып: Ойнай білу де - өнер

Мақсаты: Оқушыларды достық, сыйластық құндылықтары туралы кеңейту
Міндеттері:
- шыдамдылық, сабырлық, ақылдылық адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру
- жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту
- көпшілдікке, әділдікке, кешірімділікке тәрбиелеу

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Назым мен Шынар неге ренжісіп қалды?
2. Достар ойын кезінде өздерін қалай ұстау керек деп ойлайсыңдар?
3. Апасы Назымға қандай ақыл айтты?
4. Сендерде сонда жағдай кездесті ме? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.

3. Дәйек сөз.
“Бәрінен күшті адам - өзіне - өзі ие болатын адам” Сенека.

4. Әңгiмелеу (сұхбат).
1. Сендер қандай ойын ойнағанды қалайсыңдар?
2. Ойын кезіндегі басты нәрсе не деп санайсыңдар?

Мұғалімнің сыйы: Ойын жаттығу " Ойын"
Енді біз жақсы қылықтарымызды айтып, бір - бірімізге жылы лебіздерімізді білдіреміз.

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1. Аяқталмаған ойын
Ауылдың шеті. Қарлы төбешікке су құйылып, сырғанақ жасалған. Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Олардың ішінде ағайынды Ахметовтер де бар.
Ақан мен Асан екеуі бір шанаға отырып алып, таудан төмен зымырайды. Беттері қызара бөртіп, сырғанап ойнаудан жалығар емес.
Ақан мен Асан тау басына шықты. Шананың алдына Асан отыратын. Ол абайсызда шанадан айырлып қалды. Бос шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
Алысқа барып бір - ақ тоқтады.
- Ақан, сен барып шананы алып кел,- деді інісіне Асан.
- Мен бармаймын. Шанаға ие болмаған өзің, сен бар,- деді Ақан.
- Жоқ. Сен барасың. Сен менен кішісің,- деді Асан.
- Бармаймын. Үлкенмін деп жұмсай бересің, шананы да үнемі мен сүйреймін.
- Бармасаң, сырғанақ тепкізбеймін.
Сөзі өтпеген Асан ашуланып төменге түсті. Шананы жетектеген бойы тауға емес, үйіне қарай бет алды.
Ақан не істерін білмей, тау басында аңырап тұрып қалды.
Тіл табыса алмаған Ахметовтердің ойыны осылай аяқталмай қалды.
Сендердің ойларыңша ойынды қалай аяқтауға болады?

6. Топпен өлең айту.
«Айгөлек» әнін орындаймыз.
Көлдей шалқып жас өмір
Тасып жатқан шағында
Кемерінен шалықтап,
Асып жатқан шағында
Ойын ойнап, ән салмай,
Өсер бала болар ма?
Күміскүлкі көрмей ол,
Кемеліне толар ма?
Айгөлек - ау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Айгөлек деп ән шырқап
Ел бөбегі кел бөбек.

7. Үй тапсырмасы. "Кімнің жұмысы." атты әңгімесін оқып келу.

8. Тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)
- Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Сабақ аяқталды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×