Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғат – тал бесігің, аялай біл!

Cвободный орта мектебі
Мұғалiм: Мұсатай Т. Ә.

Өзiн - өзi тану сабағының жоспары 8 сынып
Тақырып: Табиғат – тал бесігің, аялай біл!
Құндылық: қиянат жасамау
Қасиеттер: қоршаған ортаға қамқорлық, тіршілік иелеріне қиянат жасамау, жақсы азамат болу.

Сабақ мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялап, оны қорғауға тәрбиелей отырып, қиянат жасамау құндылығының мағынасын ашу.
1. Білімділік: қоршаған ортаға қамқорлық жасау түсініктерін кеңейту
2. Дамытушылық: тіршілік иелеріне қиянат жасамау білімдерін дамыту
3. Тәрбиелік: жақсы азамат болуға тәрбиелеу
Ресурстар: ватман қағаз, маркерлер, слайд, видео роликтер

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Қайырлы күн балалар! Осындай мейірімді, ақылды, қамқоршыл, қайырымды оқушыларымды көргеніме қуаныштымын. Сәлемдесу адамгершіліктің, инабаттылықтың, ізеттіліктің нышаны.
Тыныштық сәті.

№3 «Орманға ойша серуен»

2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Алтай» О. Бөкей
1. Алтай өлкесінің сұлулығын сезіне алдыңдар ма?
2. Табиғат тамашасын сезіну адамдарға қажет пе?
3. Табиғат сұлулығын қалай сақтап қалуға болады?
Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз. «Адам табиғатқа тәуелді болса,
Табиғатта оған тәуелді»
А. Франц (хормен қайталау)
1. Табиғат пен адам арасындағы байланысты қалай түсінесіңдер?
2. Табиғатты қалай қорғаймыз?

1. Әңгiмелеу (сұхбат).
«Қайыңның қасіреті» (әңгіме) Қ. Толыбаев
Қар кетіп жердің бері дегдей бастаған. Көктемнің жайма шуақ күні. Тау етегіндегі қалың ақ қайың орманын аралап серуендеп жүрміз. Зәулім ағаштың сала - сала бұтақтарын жапқан, жылқының жалындай жалбырап, төмен төгіле саудырап тұрған шыбықтары бұйра шашы секілді. Әр жеріндегі бітпегени жараның ауызындай қабыршықтар ағаштың сұлу сипатын бұзып тұр. Денесіне түскен зақымның зардабын жария еткендей, айғыз - айғыз. Бірден назар аударады
- Қарашы, мына жерге біреу пышақпен тіліп, «Н» әріпін жазыпты,
деп серігім қинала тұрып, қайың діңін сипалады. Келе – келе осы жарақат үлкен даққа айналады да өшпейді.
Қайың діндеріне жағалай көз жүгірттім. Шынында, ағаш дініндегі
дақтар аппақ денеге түскен жарақаттың тыртығындай шор - шор болып қарайып тұр. Кей тұстағы «М», «С» деп ойып жазған әріптер қармен, жаңбыр суына еріп, езіліп кеткендей баттия қап - қара дақ болып, жуан діңге жабысып қалған. Өмір бақи өшпейтін, айықпайтын дерт секілді.
- Обал - ай... Жарақаттанып қалған, қалпына келмес тыртық сияқты екен, - дедім, серігімді мұңнан серпілтпек ниетпен. Ол жадырай көсілді:
- Ағаш – Жер – ананың құшығындағы бөбегі. Оны бізде, адамдар да мәпелеуге міндеттіміз. Өйткені ылғи да пайдасын көріп жүрміз ғой.
- Бір ақымақтың қылығына бола, сонша күйгенің не?..
Сол ақымақтың қылығы қара шешектей жайылып кетсе, ем қонбайды....
- Асқынып, алқымдап тұрған ештеңе жоқ.
Тәрбие керек, ұрпақтарымызды кесірлінің жетігіне жібермеуге тиіспіз.
- Мектепте де, үйде де туған табиғатты қорғау мәселесіне орай
жан - жақты тәлім тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Мыналар кейбір ақпақ құлақтардың қылығы шығар, - дедім серігімді жұбатпақ ниетпен. ол сәл тыншыды да, ойын түйді:
- Атамның «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегеніндей, сол
ақпақ құлақтарды ойсыз әрекетері күйедей жұғымтал болса ше?!
- Оның істегенін қасында жүрген серігі қайталады. Рас,
жарақаттанған ағаш өлмейді, сыны ғана бұзылады. Ал мына әріптерді жазғандар бұл дүниеден әлде қашан өткенде шығар. Бірақ діңгегі дақтар өшпепті, тыртық болып қалған. Майдан кешкен жауынгердің тәніне түскен жарақат тыртығы секілді.

Мұғалімнің оқушыларға сыйы:
• Шағын видео ролик «Табиғатты аялайық»

2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Табиғат біздің анамыз, біз табиғатқа панамыз» деген тақырыбында пікірталас өткізу

3. Үй тапсырмасы.
Берілген үш тақырып бойынша жоба құрастырып келу
1. Өздерің тұратын жердің экологиясы
2. Арал теңізінің экологиялық проблемасы
3. Солтүстік Қазақстандағы киіктердің жойылу себептері

Дәптерге орындау
4. Топпен ән айту.
САРЖАЙЛАУ
Сөзі М. Мақатаевтікі
Әні Н. Тілендиевтікі

Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем

Қайырмасы:
Саумал бұлақ – балдай дәрім
Салқын самал – баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым

Армысың, ата - қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!

Қайырмасы.
Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын

Қайырмасы.

Жанымды жырға бөлеп таң атырған
Әкем едің ақ таңда жаратылған
Төліңнен айналайын жаңа туған!
Айналайын еліңнен дара тұрған!

Қайырмасы.
Соңғы тыныштық сәті:
Мұғалімнің сөзі:
- Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай ой түйдіңіздер көздеріңізді жұмым ой елегінен өткізіңіздер
(көзді жұмып өздері сабақты іштей қорытындылайды)
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×