Сайтқа кіру Тіркелу

Жақсылықтан жақсылыққа

Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы,
«Кантемир негізгі мектебі» КММ
Өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Жумабаева Асемгуль Рапагатовна

Өзін-өзі тану 4 сынып
Түрі: Ашық сабақ
Тақырып: Жақсылықтан жақсылыққа
Құндылықтар: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік, сыйластық, адамгершілік, қайырымдылық
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Сүйіспеншілік құндылығын мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық қасиеттері арқылы ашу.
Міндеттері:
1. Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2. Оқушылардың бойында мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылық, сыйластық қасиеттерін дамыту.
3. Оқушыларды бір - біріне сүйіспеншілік көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. Жағымды күйге ену.
(Үнтаспадан баяу әуен естіліп тұрады).
«Нұрға бөлену»
Балалар ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен).
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды, тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ойша осы нұрды қолдарыңызға бағыттаңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі.
Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі Нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.
Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз.
Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұр менің ішімде...
Мен - Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Ойша нұрға бөленгеннен кейін жайымен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!

- Балаларға сұрақтар қойылады.
1. Қазір қандай көңіл – күйде болып отырсыңдар?
2. Жүрегіңізде қандай сезім туды?
3. Нені елестете алдыңыз?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Мен ақылды баламын» тақырыбына эссе жазып әкелу. Балалардың үй тапсырмасын тексеру.

3. Дәйексөз.
«Ешқандай жақсылық зая кетпейді».
Үнді нақылы

- Осы дәйексөзді қалай түсінесіңдер? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау.)
Дәйексөздің мәнін ашу, түсіндіру
Осы дәйексөзді дәптерге жазып алу.

4. Ертегі (Мұғалімнің сыйы)
Ертегі қуыршақ театры арқылы көрсетіледі.
«Қоян, түлкі және әтеш» ертегісі
Бір күні қоян ұйықтап жатады, түнде ұйықтап жатқанда біреу есікті тарсылдатады. Тук, тук, тук.
Қоян: - Бұл кім?- дейді.
- Бұл мен түлкімін, мен бір түн сенде қонайыншы.
Қоян: - Өз үйінде неге қонбайсың, сенің үйіне не болды?- дейді
Түлкі:- Менің үйім күйіп кетті - дейді түлкі.
Қоян: Жарайды, баспанасыз қалдың ғой кіргізейін - депті қоян. Сөйтіп түлкі қоянның үйінде қалды. Келісі күні қоян орманға қорек іздеуге кетті. Біраздан кейін үйге оралып келді. Есікті тарсылдатса түлкі ашпайды екен. Қоян: - Түлкі аш есікті бұл мен қоянмын дейді. Түлкі есікті ашпай қояды. Сөйтіп қоян үйсіз қалып, жылап, орманға кетеді. Орманда жылап отырған кезде аюды кездестіреді.
Аю: - Не болды? Неге жылап отырсын дейді.
Қоян: - Жыламағанда қалай, мен үйсіз қалдым ғой! Түлкі мені өз үйімнен қуып шықты. Мен оны аяп түнде үйге кіргіздім ғой – дейді қоян. Ол алды да мені келесі күні үйден қуып шықты.
Аю:- Жүр мен саған көмектесейін түлкіні үйден қуып шығарам дейді.
Екеуі қоянның үйіне барады. Сонда аю келіп айқайлайды: - Әй, Түлкі шық үйден, шықпасаң өзім үйге кіріп сені шығарам.
Түлкі: Байқап сөйле аю, мен шықсам сенің жүніңді жұлып тастаймын дейді. Аю түлкіден қорқып қашып кетеді. Қоян үйіне кіре алмай, өзі жалғыз орманда жылап отырады.
Сөйтсе, жылап отырғанда қасқыр келеді.
Қасқыр: - Не болды? Неге жылап отырсын дейді.
Қоян: - Жыламағанда қалай, мен үйсіз қалдым ғой! Түлкі мені өз үйімнен қуып шықты. Мен оны аяп түнде үйге кіргіздім ғой – дейді қоян. Ол алды да мені келесі күні үйден қуып шықты.
Қасқыр:- Жүр мен саған көмектесейін түлкіні үйден қуып шығарам дейді.
Екеуі қоянның үйіне барады. Сонда қасқыр келіп айқайлайды: - Әй, Түлкі шық үйден, шықпасаң өзім үйге кіріп сені шығарам.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×