Сайтқа кіру Тіркелу

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Тақырып: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Құндылық: сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау.
Қасиеттер: сыйластық, адамгершілік, кішіпейілділік, мейірімділік, ізгілік

Сабақ мақсаты: Бірлесе отырып жұмыс істеу арқылы бір - біріне деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға қиянат жасамау, дұрыс әрекет құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
Адамгершілік пен сыйластық адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Жақсылық жасай білу іскерліктерін дамыту;
Кішіпейілділікке, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу;
Ресурстар: презентация, ертегілер жазылған карточкалар, суреттер.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Түсіне қарай дөңгелектерді таңдау арқылы оқушыларды топтарға бөлу.
Тыныштық сәті. «Орманға саяхат»
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Жақсы деген немене, жаман деген немене?» түсініп оқу
Түйін: Жақсы адамды айналасындағылар жақсы көреді, сыйлайды. Оның достары көп болады. Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.
«Жақсы болу – өз қолыңда»
Халық даналығы
1) Не туралы айтылған?
2) Неліктен «жақсы болу - өз қолыңда» деп айтылған? Қалай түсінесің?
3) Жақсы адам болу үшін не істеу керек деп ойлайсың?
4) Қандай мысал келтіре аласын?
Түйін: әр адам жақсы бола алады.
4. Әңгімелеу
1) Әңгімеде кім туралы айтылған? Бұл бала не істеді?
2) Баланың әрекеттері туралы не айта аласыңдар? Неліктен әйнек адам түнеріп кетіпті?
3) Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?
4) Баланың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Түйін:
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Әр топқа тапсырма беру.
1 топ: Ертегіні оқып, ары қарай жалғастырып көріңдер.
Қарлығаш пен дәуіт
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды
көріп қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді...

2 топ: Ертегіні оқып, ары қарай жалғастырып, көрініс көрсетіңдер.
Арыстан мен тышқан
Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды:«Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын», - дейді ол. Арыстан тышқанның «жақсылық жасармын» деген сөзіне күліп, оны босатып жібереді...

3 топ: «Жақсылық жасай білейік» Суреттер салу.

Әр топтың тапсырмасы бойынша сұрақтар қою.
1 топ: 1) Ертегіде не туралы айтылған?
2) Қарлығаш не істеді?
3) Оған не көмектесті?
4) Дәуіт туралы не айта аласын? Ол қандай екен?
5) Дәуіттің орнында болсаң не істер едің? Қарлығаштың ше?

2 топ: 1) Ертегіде не туралы айтылған?
2) Арыстан, тышқан не істеді?
3) Арыстанға тышқан қалай көмектесті?
4) Тышқанның қандай жақсы қасиеттерін айта аласыңдар? Арыстанның?
4) Тышқанның орнында болсаң не істер едің? Арыстанның ше?

6. Топпен ән айту.
Біз өмірдің гүліміз
сөзі: Ә. Дүйсенбиевтікі
Әні: Б. Ғизатовті
Зеңгір көктен
Нұрын төккен
Ортақ біздің күніміз.
Жайдары өскен,

Біз өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз,
Тыныштықта,
Нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз!

Сабақты қорытындылау
Түйін:
Жақсы болу өзіңнен
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла!
А. Асылбеков
7. Үй тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс. Сурет бойынша «жақсы», «жаман» сөздерін қатыстырып әңгіме құрастырыңдар.
8. Соңғы тыныштық сәті.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×