Сайтқа кіру Тіркелу

Іңкәр көңіл, нәзік сезім атты дөңгелек үстел

Тақырып: «Іңкәр көңіл, нәзік сезім» атты дөңгелек үстел
Кіріспе
Мұғалім бұл пікірталасты өзі тақырыбын ашып оқушылармен жүргізеді.
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! «Сүйе алмаған жан - өмір сүре де алмайды» деп Раймон Луллип айтқандай егер өмірде нәзік сезім болмаса өмірдің мәні болмас еді. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбын «Іңкәр көңіл, нәзік сезім» деп алдық. Осы дөңгелек үстеліміздің мақсатына тоқтала кетсек, махаббаттың жалпы адамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу болып табылады.
Мәтінмен жұмыс
Дөңгелек үстеліміздің тақырыбын ауқымды түрде ашу үшін ең алдымен бәріміз оқулықтан 98 беттегі Г. Сайынқызының «Күн ұрланған күн» әңгімесін оқып өз ойымызды айтып пікір алмасайық.
Ойланайық, пікірлесейік
Оқушылар 2 - топқа бөлінеді.
Қанеки оқушылар біреуіміз қысқа және тез өз түсінігімізді айталық.
1. Күнай өз сезімін білдіре алды ма?
2. Ол сырын кіммен бөлісті?
3. Қалай ойлайсыз сіз Күнайдың орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?
Мұғалім екі бөлінген топқа төмендегі сұрақтармен қоса бір - бір ақ парақ таратып береді. Әр оқушы өз ойларын ауызша ашық айтып білдіруге немесе жазбаша түрде жазып берулеріне де болады.

1 - қазақ қыздары тобы
1. Сырыңды кіммен бөліскен дұрыс деп ойлайсыз?
2. Нәзік сезім дегенді қалай түсінесіз?
3. Осындай сезімді басыңыздан өткіздіңіз бе?
4. Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіз?
5. Алғашқы махаббат адамға қай жаста келеді?
6. Барлық адам алғашқы махаббатын кездестіре алған ба?
7. Сезім әр кез екіжақты бола ма?
8. Қызбаланың бірінші болып өз сезімін білдіруіне қалай қарайсыз?
2 - қазақ жігіттері тобы
9. Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба? (тырысасыз ба?)
10. «Бір көргеннен ғашық болу» мүмкін бе?
11. Махаббат адам өміріне, оның айналасындағы әсер қандай?
12. «Махаббатсыз өмір бос» деген пікірмен келісесіз бе?
13. Мектеп жасында оқушылардың бір - бірін ұнатуы дұрыс па?
14. Бозбала мен бойжеткендер арасында достық болуы мүмкін бе?
15. Ғаламтор арқылы адамдардың арасында нәзік сезімнің пайда болуы мүмкін ба?
16. Өзіңе «Маған мейірім - шапағатын аямаған адамдар үшін мен не істедім?» – деген сұрақ қойып көрдің бе?

Бейне роликке назар аударайық
Бейне роликте ертедегі үлкендердің қыз баланы сыйлауы құрметтеуі мен ер жігіттеріміздің қадір қасиеттері көрсетіледі.
Қорытынды
Жаңа бейне роликте көргендеріңіздей үлкендеріміз қашанда қыздарымызды сыйлаған. Ал қыздарымыз ер жігіттеріміздің биікке қойып құрметтеген. Жасөспірімдер арасындағы достық кейде үлкен сезімге ұласады. Ұл бала мен қыз баланың арасындағы осындай ізгілікті достық және жеке ықыласты қарым - қатынасынан балауса махаббат сезімі өрістейді. Жүрегіне балауса сезім, алғашқы махаббат ұялаған жан ерекше көңіл - күйге бөленеді. Ол ұнатқан адамына аса бір сүйіспеншілікпен, іңкәр көңілмен қарап, нәзік сезімін білдіруге тырысады. Алғашқы махаббат, балауса сезім әр адамның жүрек қалауынан туындайды. Сөзімнің соңында өсіп келе жатқан жастарымызға қазағымыздың бойында бар сабырлық пен ізеттілікті, адамгершілік қасиеттерін берік ұстанса екен деп тілегімді білдіремін.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жығылмасын махаббаттың жалауы

Жығылмасын махаббаттың жалауы

Сезім сәттің айтсақ та оңай ұранын, Өмір бір күн тоса қояр сұрағын - Дедің-дағы, сол сезімнің Сен бірде Биігі мен тауы не деп сұрадың....
Қара сөздер. Абайдың қырық бесінші қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың қырық бесінші қара сөзі

Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі,...
Ей, махаббат! Ей, достық!

Ей, махаббат! Ей, достық!

Ей, махаббат! Ей, достық! Алдама, сендер жалғансың. Құр мазақтап, мәз болып, Бойды аулаққа салғансың!...
Досыма арнау

Досыма арнау

Достық, шіркін, ғасыр бойы өлмеген, Әлемді аса мейіріммен тербеген. Жан беруге дайын тұрар дос-сезім, Өлсе бірге жалғыз өлер Жерменен....
Ару-сезім қарсы алар гүл көктемін!

Ару-сезім қарсы алар гүл көктемін!

Ару-сезім қарсы алар гүл көктемін Бақыт пен арманнан қол үзбеген қыз, Сұлулықтың шырайын жүзге кіргіз. Тағы да көктеміңді қарсы алдың ба, Өмірден...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×