Сайтқа кіру Тіркелу

"Өзін өзі тану" пәнінің өзге пәндермен ықпалдастығы

Өзін - өзі тану» пәнінің өзге пәндермен ықпалдастығы
Жоспары:
Ғылымдағы ұлы ғалымдардың, ойшылдардың өмірінен мәліметтер.
Қазіргі жаңа білімдегі ықпалдастыру жолдары.
Сыртқы әлемнің ішкі әлеммен өзара байланысы.
Рухани – адамгершіліктің немесе жалпы адамзаттық құндылықтардың басқа пәндермен ықпалдасуы туралы.
Адам және оны қоршаған әлем туралы жүйелі түсініктің күшеюімен, ғылым мен ғылыми бағыттардың өсуімен, адамның рухани - адамгершілік дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды танып - білуге байланысты бізге жаңа адами - ғылыми әдіснама қажеттігі қазіргі уақытта қатты байқалуда. Бұндай әдіснама философия, педагогика және психология ғылымдарының ықпалдастығынан туындаған мета пән «Өзін - өзі тану» пәні болып отыр. «Өзін - өзі тану» пәні тек жоғарыда аталған ғылымдардың ықпалдастығын ғана емес, ол адамзат өркендеуі үшін қолданылып отырған ғылымдардың ешқайсысын назардан тыс қалдырмайды, олардың барлығын да қамтиды.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»
Әл - Фараби 870 - 950
«Ізгілік ғылымын түсінбегендерге - кез келген ғылым әрдайым зиян әкеледі»
Мишель Монтень
«Төбеміздегі жұлдызды аспан және ішкі жан дүниеміздегі моральдық заң бізді таң қалдыратын және жоғарғы сезімталды ақылмен толтырады.»
И. Кант

“Біздегі барлық адамгершілік, шындық, мейрімділік – бәрі нұр, ізгілік білім. Тәрбиесіз берілген білім – бос.”
Николай Пирагов 1810 - 1881

“Білім берудің – тек ақпараттық емес, ойлау қабілетін дамыта отырып мінезін қалыптастыру маңызды болып келеді”
Сергей Рубинштейн /1889 - 1960/

“Адамға қандайда болса көмек келтіретін ой мен іс ізгілік әкеледі. Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе”
Мағжан Жұмабаев 1893 - 1938

Қазіргі білім үдерісін рухани адамгершілік және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы мейлінше ізгілендіруіміз қажет болуда.
М. Монтень: «Ізгілік ғылымын түсінбегендерге кез келген ғылым әрдайым зиян әкеледі» - деп айтып өткен. Білім тек қана адамның қажетін өтеу үшін емес, өмір сүру үшін қажет. Ол үшін білім берудің екі аспектісін үйлесімді дамыту жолдарын анықтауымызға тура келеді.
Білім берудің екі аспектісінің үйлесімді дамуы:

Білім берудің екі аспектісі
Интеллектуалды білім (сыртқы білім ақыл үшін.)
Рухани – адамгершілік (ішкі білім, жүрек үшін)
Сыртқы ықпалдас у ( өзін - өзі тану пәнінің әдістерін қолдану)
Ішкі ықпалдасу ( дүниетанымды, мәнді, мағыналы)
Әрбір пәннің мазмұнына рухани – адамгершілік тәрбиенің мазмұнын енгізуі берілген білімді ізгілендіруге мұғалімнің қосатын үлесі мол. Өзін - өзі тану мен рухани – адамгершілік білім беруді ықпалдастыру ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани байлығын кеңейту болып табылады.
Интеграция ұғымының жалпы ғылыми мәнін және оның басқа философиялық ұғымдармен өзара байланысында қарастырылады. Интеграция ( лат. integratio – восстановление, восполнение, integer – целый) жекелеген дифференцияланған бөліктердің тұтаспен байланыс күйін әрі осы байланысқа алып келетін үдерісті білдіретін жүйе теориясының ұғымы.
Қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар:
- Рухани – адамгершілік білімді, құндылықтарды, кез келген пәнді оқыту мазмұнына енгізу.
Адам баласы жаратылысынан табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.
Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өзін - өзі құртып алуы мүмкін. «Табиғат тазалығы – адамзат амандығы екенін естен шығармау керек.
Адамзаттың басты міндеті – табиғат қуат көздерін орнымен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу».
Табиғат адамның асыраушысы, панасы, сондықтанда оны таза ұстау, мейірімділік қарым - қатынас жасау парызымыз екенін ұмытпайық.
Сыртқы білім:
Сыртқы интеллектуалды
Сыртқы дүниені зерттеу
Кітаби білім (тәжірибесіз)
Қалауларды оятады
Дүниеде күнкөріс үшін
Интеллектті дамытады
Ақыл мен тәнге қарасты
Ақпарат беру
Интернет
Аллергия пайда болады
Ішкі білім:
Ішкі рухани – адамгершілік
Ішкі дүниені зерттеу
Практикалық білім (тек тәжірибе арқылы)
Әр адамың жүрегіндегі жалпы адамзаттық құндылық
Өмірлік мақсаттармен байланысты
Интуицияны дамытады
Жүрекке қарасты
Сананы ояту
Иннернет
Күш – қуат болады
Білім табыс үшін емес,
өмір сүру үшін қажет
«Балалар білімді аңсайды, бірақ олар жансыз білім емес, жанды білімді аңсайды»
жанды білім
жансыз білім
Рухани – адамгершіліктің немесе жалпы адамзаттық құндылықтардың басқа пәндермен ықпалдасуы туралы
Биология пәнін оқыту барысында: Бағзы замандарда ата – бабамыз қызғалдақ гүлін жұлмағандығы туралы әңгімелейміз. Себебі, оларда қызғалдақты дұшпанға қарсы соғысқан батыр бабаларымыздың жерге тамған қанынан пайда болған гүл деседі. Сондай - ақ, «қызғалдақ» - қызыл + қан – дақ деген үш сөзден құралған ата. Уақыт өте келе бұл атау қысқарып қызғалдақ деп аталып кеткен деседі. Биологтардың айтуынша қызғалдақтың лас ауаны тазалайтын қасиеті бар, яғни жан дүниесі таза, рухы биік адамдар іспеттес. Расында адам қызғалдақ гүлінің арасын аралап бірнеше сағат жүрсе, бойында ерекше қуат пайда болып серпіп қалатынын сезінеді. Жапон ғалымдары арнайы микротолқын қабылдайтын аппаратпен барлық өсімдікті зерттей отырып, олардың жаны, рухы бар деген тұжырымға келді. Құтыда өсіп тұрған қызғалдақты қайшымен қырқып тастамақ болғанда, әлгі аппаратқа: Маған қауіп төніп келеді! Қауіп жақындады! Төнді! Өлдім! – деген жазу басылып шыққан. Ғалымдар гүлдің діріл қаққанын аңғарған.
Физика. Магнит өрісі
Балалардың күнделікті ойнайтын үрмелі шарларын қолымызға қолғабымызды киіп, үйкелегеннен кейін қолымызды алшақтататын болсақ, шарымыз ешқайда ұшып кетпей алақанымызға келіп жабысады. Кез – келген заттарды бір – біріне үйкелеп, соңынан бір - бірінен алшақтататын болсақ, бәрі бір - біріне тартылады.
Яғни бұдан шығатын қортынды: Рухани жақын адамдар бір – біріне ренжісіп көңілі қалып жатса да, кейіннен түсінісіп сыйластықта бола алады.
Ауаның құрамы туралы. Әр тыныс алған сайын жұтатын ауамыздың құрамын ойланып көрейік! Ауаның құрамында 21% оттегі, 78% азот, 1% басқа газдардың қосындысы бар. Ауаның құрамындағы 21% оттегінің мөлшері кішкене көбірек болғанда күн сәулелері арқылы келетін радиациялар салдарынан Жер беті тұтанып, лаулаған отқа айналып, ал аталмыш мөлшерден кішкене азырақ болғанда, оттегінің аздығынан тыныс ала алмай, бұл дүниемен қош айтысып кетер едік.
Атмосферадағы ауа үздіксіз алма – кезек табиғи жолмен тазаланып, адамның игілігіне айналады.
Жылыту эффектісі.
Толықтай жанатын өнім – фотосинтез арқылы табиғатты толықтыратын көмір қышқыл газ СО2, түзіледі. Толық жанбау өте улы газ СО тудырады. Улардың барлығында көптеген көміртегілер болады. Планетамыз адам іс - әрекетінің өнімімен және улы газдармен, адам – дұрыс емес өмір сүргенімен, зиянды дағдылар, ойлар және әрекеттер нәтижесінде көміртектердің толық жанбауынан ағзада құрылатын токсиндермен уланған.
Себеп – адамның дұрыс емес өмір сүруі, салдар – барлық планета климатын өзгеруі. Толық жалынмен жана ма немесе планетамен бірге өле ма таңдау – адамның өзінде
География пәні: Сулар мен таулар
Бұл дегеніміз судың бір - бірімен араласпайтындығы туралы айтамын. Судың адам өміріндегі тазалық символы екендігі, адамды рухани - адамгершілік тұрғыдан су арқылы жуып - тазалауға болатынын көруге болады. Данияның Скаген қаласындағы Балтық теңізі мен Солтүстік теңіздің бір – бірімен қосылған сәттегі суларының араласпайтыны туралы сурет және Құраннан дәлелдер келтіріп кетемін.
Бұл ғалымдардың ашқан соңғы жаңалықтарының бірі болып табылады.

Таулар
таудың біздің табиғатымыздағы өздерінің рөлін айтып кетеміз және “Өзін - өзі тану” пәнімен байланыстыра отырып адам мен таудың рухани - адамгершілік ұқсастығын айтамыз
Осы жоғарыда келтірілген мысалдарға байланысты қазіргі ғалымдар мынадай қорытындыға келіп отыр: Бүкіл әлемнің зердесі бар, бүкіл әлемдегі әрбір атом бөлшегінің өзіндік сана - сезімі бар. Адам ғана сана - сезімнің иесі емес, әлемдегі табиғаттың, яғни жан – жануарлар, өсімдіктер мен материяның бәрінің де сана – сезімі бар екендігі даусыз.

Қорытынды:
Қазіргі уақытта қоршаған ортаның ластанғаны, жоғалып – құру жағдайында екендігі жиі айтылады. Әйтсе де мұны жою немесе түзету оңай шаруа емес екендігі де белгілі. Егер де ғылымда табиғатты тазалауға арналған құрал ойлап табылса да, мұның өзі сыртқы тазалықты сақтау болып қалмақ. Ал адамдарды улап жатқан газ, түтін, улы заттар адамзаттың рухани әлеміне де өз кесірін тигізуде. Адамдардың көпшілігі түрлі ауруға ұшырауда, бұл тек ауа, су, тамақтың ластануынан ғана болып жатқан жоқ. Егер адам баласының рухани әлемі мұншама ластанбаған болса, адамдар барлық сыртқы уларды жоя алатын еді. Бірақ ауру ішкі ластанудан, яғни ойдың, сөздің, істің ластануынан басталады. Осы ішкі ластану сырттай көрініс табады. Нағыз сыртқы өзгеріс ішкі өзгерістен соң пайда болады. Демек, сыртқы әлем рухани әлемнің нақты және материалдық бейнесі. Сондықтан ауырмай, таза болу үшін адам ішкі тазалығына мән беруі керек, яғни ойы, сезімі, тілегі, мұраты таза болғанда ғана, сыртқы әлеммен үйлесімділік болады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қоғамның рухани құндылықтары

Қоғамның рухани құндылықтары

Білімділік: Адамзаттың руханилық қасиеті жайлы ақпарат беру. Дамытушылық: Оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту....
Рухани-адамгершілік тәрбиесі

Рухани-адамгершілік тәрбиесі

«Өзін - өзі тану» пәнінің басты мақсаты - рухани - адамгершілік құндылықтарды негізге алатын, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын нағыз мінезді...
Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары ...

Өзін – өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары ...

Өзін өзі тану пәні бойынша әдістемелік бірлестігінің жылдық жұмыс жоспары 2017 - 2018 оқу жылы...
Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы

Рухани - адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен...
Оқушылардың рухани - адамгершілік дамуына « Өзін - өзі тану» сабағының ықпа ...

Оқушылардың рухани - адамгершілік дамуына « Өзін - өзі тану» сабағының ықпа ...

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Үсенғазы Жанна Үсенғазықызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×