Сайтқа кіру Тіркелу

Салауаттылықты қолдаймыз

Тақырыбы: «Салауаттылықты қолдаймыз»
Көрнекілік: сурет салынған плакаттар.
1 - жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
2 - жүргізуші: Бармысыздар жадыраған жас достар! Бүгінгі өткізіліп жатқан «Салауаттылықты қолдаймыз» атты іс - шарамызға қош келіпсіздер!
1. Әйгілі дәрігер Боткин 57 жасында көз жұмып бара жатып «егер мен темекі тартпасам, әлі ұзақ өмір сүрер едім» деп өкініпті.
2. Ұлы ойшыл Сократқа кезінде «Адамға өмірде не қымбат, байлық па, әлде атақ па деп сұрақ қойыпты. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен» - деп келесі кезекті бейне роликке береміз.

1 - жүргізуші
Шылым шекпе, шылым шекпе,
Шіриді өкпең, денең уланып.
Аузың суланып, терің қуарып
Жанарың суалып, басың айналып.
Бармағың сарғайып, жүзіңнен нәр тайып,
Кетесің қартайып - деп келе әнге береміз.
Ән: «Қазақ жастары» орындайтын Серік Диана

2 - жүргізуші
Әуес болып шылымға
Қылыққа жаман ұрынба
Жамандық саған жабысып,
Ісің кетер құрдымға – демекші келесі кезекте арақ, насыбай, темекінің адам өміріне зиянымен салауатты өмірді қолдау мақсатындағы өлең шумақтарына береміз
1) Сәлем, достар!
Аманбысың, темекіжан, шоқ түтін
Өкпелерге өкпелеген көк түтін
Зияндысы адамның ми, басына - ай,
Аманбысың, аса сасық Насыбай!
Пайдасы жоқ зияны көп алыппын
Бір шетінде көрсетпеймін жарықтың
Мұсылманның миын жеген хараммын
Мұсылман боп мені бүгін осылай
Сендер қалай темекі мен насыбай.
2) Сәлем, достар!
Көк түтінмен аса арсыз арағым
Жамандыққа жұмысшы боп жарадым
Насыбайдан, сасығаннан бір сәлем
Тұрғынымын науқас деген қаланың
Шығу тегім тышқан деген қаладан
Міндетім тек денсаулықты кірлету
Бұл өмірде маған мұқтаж сан адам

3) Сәлем, достым!
Аманбысың пайдасы жоқ қарағым
Жамандыққа сен қашанда жарадың,
Шайтандарға бас идірген талайды.
Мәртебесіз аса арсыз арағым,
Арақ сендей шайтан деген елденмін.
Адамдардың денсаулығын ластаған,
Ия менің зияндығым аз емес
Менімен дос пенделерің мәз емес.

Осы кезде ортаға салауатты өмір салты шығады
4) Салауатты өмір салтын қолдайық.
Болашаққа жақсы қадам бастайық,
Өмірдегі басты қадам бастайық,
Бірінші байлық денсаулықты сақтайық,
Т. Рысқұлов мектебінің жастары.
Бүгін тамаша іс бастады,
Салауатты өмір салтын қолдаймыз
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

1 - жүргізуші
Уа, халайық, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық терең байлық» деген сөзді
Құр айтпаған ұлы ойшыл данамыз да» - деп кезекті мектебімізге қонаққа келген әр түрлі маман иелеріне сөз береміз.
2 - жүргізуші
Ниетің де, тілегің де, ойың да,
Сұлу болсын, таза болсын бойың да.
Адал еңбек сені алға бастасын,
Жеңіл пайда, жеңіл жолға бой ұрма - деп келесі кезекте сөз жұмбақ шешуге арнаймыз.
1 - жүргізуші
Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман әманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Су ішпеген гүлдей болып солмайық - деп келесі кезекті биге береміз.

Флэш - моп би орындалады

2 - жүргізуші
Оқушылар мен ұстаздарға
Айтарымыз бір тілек:
Берекелі заман болсын,
Балаларымыз аман болсын - деп кешімізді керемет әнмен аяқтаймыз.
Ән: «Отан» орындайтын Сақыбек Бекзат
Аман сау болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ

Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ

Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да...
Дене шынықтыру апталық бағдарламасының ашылу сценарийі

Дене шынықтыру апталық бағдарламасының ашылу сценарийі

Уа халқым, назар аудар денсаулыққа, Өмірде бақыттысың денің сауда. «Денсаулық - терең бақыт»деген сөзді Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да....
«Мен өмірді қалаймын»

«Мен өмірді қалаймын»

Есірткі деген қасірет Улайтұғын көп жастардың санасын, Ұмыттырар әке түгіл анасын. Жаман әдет, жат қылыққа үйір боп, Ей, жастарым қайда кетіп барасың?...
Салауаттылық  - өмір салты

Салауаттылық - өмір салты

Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы, Қуат Терібаев атындағы орта мектебінің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі М. Тұрсынғазы...
«АЙГӨЛЕК»  фестивалі

«АЙГӨЛЕК» фестивалі

БҚО, Орал қаласы Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі: Мукангалиева Альфия Жанатовна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×