Сайтқа кіру Тіркелу

Алтын жүрек анамыз

Тақырыбы: «Алтын жүрек анамыз»
Мақсаты:
Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс - шаралары, еліміздегі адамгершілік - рухани білім берудің дамуына өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасына тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: - Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біз «Өзін - өзі тану» онкүндік аясында өтетін «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысына жиналып отырмыз.
- Өзін - өзі тану әлемінің басты мақсаты – ұл - қыздарымызды жеке және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. - Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата – анасына, ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Оқушы: Сара Алпысқызы «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы». «Бөбек» қайырымдылық қорының Президенті С. Назарбаеваның жетім балалардың мүдделерін қорғау ісіне қосқан үлесі өте қомақты. Жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде тұңғыш «SOS Киндердорф» балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды.
Оқушы: «Бөбектің» анасы атанған Сара Алпысқызының көптеген игі істерге ұйтқы болды. Еліміз аумағында балалар емханаларының ашылуына, қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға бір кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық назарын аударып 1999 жылы «SOS Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медальмен, 2002 жылы ЮНИСЕФ - тің арнайы сыйлығымен марапатталған болатын.
Оқушы: Сара Назарбаева Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының И. Дограмачи атындағы және «Юнита» халықаралық сыйлығының лауреаты болып табылады.
Қазақстанның бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.
Оқушы: 2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығы тапсырылды.
2012 жылы С. А. Назарбаеваға аналар мен балаларды қорғаудағы Қазақстанның жас ұрпағына рухани - тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін «Достастық» жұлдызы сыйлығы табыс етілді.

Жүргізуші:

- Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз
Құтты болсын туған күніңіз Алтын жүрек анамыз.
"Алтын жүрек анамыз" атты Сара Алпысқызының құрметіне орай бүгінгі 5 - ші 6 - шы сынып оқушылар арасындағы мәнерлеп оқу сайысымызды бастаймыз. Сайыстың әділ - қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:
- Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек,
Адамдар бірін - бірі,
Құрметтеп, сыйлау керек,
Жастарға білім керек,
Бәрінде білу керек,
Азамат болсаң алғыр,
Анашың:"Күнім"- демек!
Сол үшін талмау керек,
Биікке самғау керек,
Бойыңда бар жақсыны,
Халқыңа арнау керек.- деп ақын жырлағандай мәнерлеп оқу сайысымыздың қатысушыларын 5 - ші сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
- 5 - ші сынып оқушыларына қошемет көрсетіп, орындарына отыруларын сұраймыз.

- Келесі - 6 - шы сыныптар атынан келіп отырған қатысушыларды шақырайық.

- Әділ - қазы алқасы әділ бағаларын қойғанша, барлығымыз "Ана туралы жыр" әнін орындайық.
- Жарастықпен Жайнатып өмір көркін,
Гүл бақшада сайраңдап өскен еркін.
Шат көңілді бақытты ел ұранымыз,
Келешекте ұлы істі меңгеретін.
Деп айтқандай мәнерлеп оқыған оқушыларымыздың бағаларын әділ - қазылардан сұраймыз.
Жүргізуші: Құрметті оқушылар, қонақтар! Ертеңгілігімізді Сара Алпысқызының ұрпақтарына деген айтқан ғибаратты тілегімен қорытындылайық.
Қымбатты балалар, мен – Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата - анаңа, айналадағы адамдарға мейрімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойыңда сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, ата - анаңа ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін».
«Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысымызды аяқталды, сау болыңыздар!

Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің
өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі
Жакупова Ляззат Ағидоллақызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жүрекке жол тапқан – мейірімді ана Сара Алпысқызы

Жүрекке жол тапқан – мейірімді ана Сара Алпысқызы

Мақсаты: Оқушыларға 12 ақпан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін айтып, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С. А....
Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Өзін - өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы

Елбасымыз туралы кітаптар, өзін - өзі тану пәні муралы қанатты сөздер, өзін - өзі тануға арналған тренинг кітаптар мен журналдыр қойылды. Оқушылардың...
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар елінде...

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар елінде...

Мақсаты: - оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету; - оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу, өзін - өзі жетілдіру арқылы...
Бұдан артық әлем болмас

Бұдан артық әлем болмас

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...
Өзін-өзі тану.

Өзін-өзі тану. "Мейірімділік - асыл қасиет" 4-сынып

Палодар облысы, Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байгалиева Сауле Сабетевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×