Сайтқа кіру Тіркелу

Бауырмалдылық және кеңпейілділік

Тақырып: Бауырмалдылық және кеңпейілділік
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: сыйластық, бауырмалдылық, татулық, кеңпейілділік

Сабақтың мақсаты: оқушылардың жалпыадамзаттық сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінігін кеңейту
Міндеттері:
Оқушылардың бір - бірін жақсы көру, бауырмалдылық татулық түсініктерін кеңейту;
• Жомарттық және кішіпейілділік, кеңпейілділік сапаларын дамыту;
• Ізгілікке, аянбай қызмет етуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық.

1. Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин)
Сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, 5 жұмыс құралын түгендеу: күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.

2. Тыныштық сәті. (3 - 5 мин)
Баяусазды әуен үнімен үшке дейін санап, нұрға бөленуді ұсынамын:
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяғыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызға болады.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңіз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.

1. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
2. 43 - 46 беттер аралығындағы М. Мағауиндің «Бір атаның балалары» повестінен үзінді оқу.

 Әңгіменің басты мағынасы, мәні неде?
 Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңыздар?
 Сендердің ойларыңша Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?
 Зигфридтің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар?

3. Дәйексөз. (5 мин)
Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ - жүректен шығады. Шәкәрім. Құдайбердиев
 Жекелей
 Топқа бөліп
 Дәптерге жаздырамыз.

1. Әңгімелеу. (9 мин).«Кеңпейілділік» сөзін естігенде сендерге қандай ой түседі?
Бауырмалдық дегенді қалай түсінеміз?
Кеңпейілділік, бауырмалдық қасиеттерінен қандай ұқсастық байқайсыңдар?

Мұғалім сыйы
«Бейнебаян» Алма ағашы
1) Бейнебаянда не туралыбаяндалған?
2) Бауырмалдылықты қалай түсінесіңдер?
3) Өздеріңнің бауырмалдылық, кеңпейілділік танытқан кездеріңдіестеріңетүсіріп, мысалменайтыпберіңіздерші.

Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Батыс Қазақстан обылысы Бөкей Орда ауданы Хан ордасы ауылы
Жәңгір хан атындағы ЖОББ мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Аманғкалиева Тәттігүл Болатқызы

Бауырмалдылық және кеңпейілділік жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×