Сайтқа кіру Тіркелу

Жақсылықтан-жақсылыққа

Тақырып: Жақсылықтан жақсылыққа
Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Н. С. Абдыманапова

Сабақ мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік - жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
дамытушылық - жақсылық жасау іскерліктерін дамыту;
тәрбиелік - имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Пайдаланылатын АКТ және көрнекіліктер Берілетін
уақыт
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2. Жағымды жағдай туғызу.
- Балалар, қане ортаға бәріміз келеміз! Жұп жұптасып тұрайық, қазір біз барлық дене мүшелерімізбен амандасамыз. Мені мұқият тыңдап, айтқандарымды орындаймыз.
- Үлкен рахмет, жарайсыңдар! Енді бәріміз орнымызға жайғасамыз. Көңілді әуен ойнайды 1 мин
2. Тыныштық сәтi.
- Бір сәт тыныштықта отырамыз. Біраз қиялға шомыламыз. Балалар, сендер өздеріңді, бір үлкен бұлттың ішінде, өмір сүретін тамшы түрінде елестетіп көріңдерші. Бұл кішкентай тамшылар, өте көңілді, әрі қуанышты. Барлығына жақсылық жасайтын, су тамшысы болған қандай жақсы. Сендердің әр қайсыларың кішкентай, сиқырлы тамшыдан, жаны жақсылыққа толы, балаларға айналып сыныпқа оралдыңдар. Жайлап көзімізді ашамыз.
- Ал, балалар көз алдарыңа не елестеді?
Ақырын сазды әуен, интербелсенді тақта, видео 1 мин
3. Топ аттарын белгілеу.
- Балалар алдарыңда қағазда әріптер берілген, сол әріптерді құрау арқылы топтарымыздың атын шығарайықшы.
Әріптер жазылған парақшалар 2мин
4. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардың жақсылық жасауға қызығушылықтарын арттыру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
Бұлақ сылдыры әңгімесі оқылады.
Балалардың пікірлері сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады.
- Шалдың әрекеті туралы не айта аласыңдар? Сендер солай жасай алар ма едіңдер?
- Шалдың жасаған жақсылығы қандай жақсылық боп оралды?
Балалардың жауаптары тыңдалды.
Оқулық, жұмыс дәптер 2мин
5. Жағымды пікір айту.
Дәйексөз
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді.
-«Ешқашан жақсылық зая кетпейді»деп үнді нақылында айтылғандай, шалдың жасаған жақсылығы зая кетпеген екен.

Интербелсенді тақта 2мин
6. Жаңа тақырыппен таныстыру.
- Балалар қалай ойлайсыңдар, бүгінгі тақырып не туралы болады. Интербелсенді тақта 2мин
7. Әңгімелеу (сұхбат)
Балаларға тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
Соңында мұғалім қорытындылайды.
Жақсылық жасау әр адамның қолынан келеді. Жылы жүрек, ақ ниет, нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды. Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа, игілікке жеткізеді. 2мин
8. Ертегі әлеміне шолу:
Қанекей балалар, тақырыпты толығырақ түсіну үшін мен сіздерге «Қарлығаш пен дәуіт» атты қызықты ертегі алып келдім. Бірге тамашалап көрейік.
- Кім айтады, бұл жерде жақсы істерге нені жатқызуға болады?
Интербелсенді тақта, видео «Қарлығаш пен дәуіт ертегісі» 5 мин
8. Шығармашылық жұмы (Постер қорғау)
Балалар сендер жақсылық пен жамандықты ажырата аласыңдар ма? Тексеріп көрейік! Топтық жұмыс(жоба қорғау) 1 - топ: Жақсы істер 2 - топ: Жаман істер. 3 - топ: Менің қолымнан келетін жақсы істер.
(парта үстіндегі суреттерді пайдаланып, жұмыс жүргізу)
Плакаттар, суреттер, маркерлер 10 мин
9. Дәптермен жұмыс.
Балалар жұмыс дәптерінде берілген тапсырманы орындайықшы.

Жұмыс дәптері 5мин
10. Топпен ән айту.
«Біз өнерпаз баламыз» әні: Ө. Тұрманжанов, сөзі: Ж. Меймандосов
Интербелсенді тақта, караоке 2 мин
11. Рефлексия:
Сабақ.... Сабақта.... Қорытынды.... Арнайы парақшалар 1мин
12. Үй тапсырмасы.
«Атаның өнегесі» әңгімесін оқу. Оқулық, күнделік 1мин
Жылы жүрек - жақсы тілек айдары. Шар, түсті қағаздар 8мин
13. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Сабақты оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып қорытындылайды. Сазды әуен 2мин
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жақсылық туралы мақал-мәтелдер

Жақсылық туралы мақал-мәтелдер

Жақсылық қылсаң өзіңе, Жамандық қылсаң өзіңе, Аспанға қарай оқ атсаң Қайтып тиер көзіңе....
Жақсылықпен жаным дос

Жақсылықпен жаным дос

Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру....
Жақсылық жолымен жүреміз

Жақсылық жолымен жүреміз

Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар,...
Жақсылықтан жақсылыққа

Жақсылықтан жақсылыққа

Сабақ міндеті: 1. Оқушыларды мейірімділікке үйрету. 2. Оқушылардың бойында адамгершілік, сыйластық қасиеттерін дамыту. 3. Оқушыларды қайырымдылыққа...
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Құндылық: сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау. Қасиеттер: сыйластық, адамгершілік, кішіпейілділік, мейірімділік, ізгілік...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×