Сайтқа кіру Тіркелу

Жеңіс күні

Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата - бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата - бабам намыс бермей айқасқан

Балуан Шолақ Баймурзин

 

Балуан Шолақ (шын аты Нұрмұхамбет, кейде Нұрмағамбет деп те атайды) Баймурзин қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туған. Әкесі кедей шаруа болған.

 

Балуан Шолақ Біржан бастаған әнші-ақындар дәстүрін ұстап, әннің әуенін де, сөзін де қатар шығарған және оны өзі орындаған. Бұл тұрғыдан алғанда ол

 

Арқада әншілік өнерін дамытуға көп үлес қосқан әнші де. Сонымен бірге Балуан-Шолақ спортпен жіті шұғылданып күреске түскен, ат үстінде саналуан ойындар көрсеткен.

Балуан-Шолақ өзінің шығармаларында халық мұңын мұңдап, қазақтың би-болыстары мен байларының әділетсіздіктеріне, сондай-ақ патша үкіметінің озбыр Чиновниктерінің зорлық-зомбылығына қарсы күреседі.

Мұсабек Байзақұлы

 

Молда Мұса (шын аты Мұсабек) Байзақов қазіргі Шымкент облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туған. Әкесі Байзақ сөзге шешен, елге беделді, ауқатты адам болған. Бірақ талапты жас әкім болып ел билеуді немесе кәсіп іздеп мал жинауды қызық етпей, өнерпаздық жолын қалайды. Сөйтіп замандастары Мәделі қожа, Майлы қожа, Құлыншақ сияқты ақындардың үлгісін өзіне өнеге тұтып, ақындық жолын қуған. Болашақ ақын әуелі әкесі ұстаған молдадан хат таниды, кейін өсе келе Қарнақ қыстағындағы молда Қозы деген кісі ашқан дін мектебіне түсіп оқиды. Бірақ, ол схоластикалық дін оқуын қанағат тұтпай, кетіп қалады да, өз бетінше білім алуға кіріседі. Шағатай, араб, парсы, түркі тілдес туысқан елдердің әдебиетімен танысады, олардан үлгі алады.

загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету