Сайтқа кіру Тіркелу

Кедейлер

Сенің арың зарлайтыным өмірде.
Сенің арын арлайтыным өмірде.
Сен не көрсең, мен де соны көремін,
Белді бағам ауырға да, жеңілге.

Бақыт деген осыма?

Бақыт деген осыма, кім біледі?!
Сәби көрсем қуаныш мың түледі!
Баласы жоқ «қу мазар» ошағында,
Білмеймін кім масайрап, кім күледі?!

Тау барайық

Жүрші дос, тыныстайық, тау барайық,
Түтіні тас қаланың - жауға лайық.
Өкпенің сүңгілерін сылып тастап,
Біз солай қасіреттен сау қалайық.

Тандыр наны қазақтың

Тандыр наны қазақтың пешке піскен,
Елді ойлап жатқанда еске түсті.
Қаларма едім бір жасап жаным кіріп,
Малып алып қаймаққа жесем күсіп.

Бала деген бақыт

Бала деген бақыт екен ең биік,
Тәңір берсе бәрімізге тең қиып!
Өкпелетпей бөліп бізді тастамай,
Дәу ұлдарың бесікте өссе дөңкиіп.

Сен қаласың

Суға салдым, отқа да құрдасымды,
Жанда жүрген жол сілтер жолдасымды.
Жөнің бөлек мен үшін, орның бөлек,
Бөлек туған өзгеден тұлға сынды.

Қара кәлөш

Шаңыраққа шашып тұрған шуағын,
Ақ әжешім деп әмәнда ұғамын!
Кимешекпен жүргенінде ортада,
Төрден көрем ұлағаттың бұлағын.

Бір күлгені сәбидің

Бір күлгені сәбидің – мың күн несіп,
Баласы бар ата-ана шүкір десін.
Өте берсін күндерің, кете берсін,
Сәтті сәттер ішінен сүртілмесін!

Жаным менің

Жаным менің, сені іздеп кезбедім мен шалғайды,
Шалғай алыс – шартарапта, арманымды алдайды.
Мақсатым сол, байланғамда сені тауып жаныңа –
Жарқыратып келсең деп ем мен тұратын маңайды.
Артқа 1 ... 4 5 6 7 8 9 10 11 12 ... 65 Алға
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×