Сайтқа кіру Тіркелу

Құйылған тегін ақша құт болмайды

Құйылған тегін ақша құт болмайды,
Ешқашан еңбекшіл қол сұқ болмайды.
Тер төккен адал істе ер басынан
құт таймайды...
үйінде жұт болмайды!

Бір тиын тегін тисе, місінге бер,
Қимасаң қиындық бар – ішің кебер.
Алған қол разы боп дұға қылса,
Құт келіп, Құдай қолдап,, ісің жүрер.

Бергеннің бермегеннен несі артық?
Екі есе несібелі үлесі артық!
Осы бір ғибратты түсіндірген,
Құранның құдіретті сүресі артық!

Сенбесең алла үйі – мешітке бар,
Азаннан Жұмадағы кешікпей бар.
Иланып басыңды ұрсаң құлшылыққа
Иман мен сауап құяар несіп пен ар!
Кешікпей бар!

Биғали Шоман
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×