Сайтқа кіру Тіркелу

Сол шақтар

Сол шақтар

Ойлайсың ба, менің асыл ғашығым,
Өткен шақтың отты-жалын жасынын?
Бақ-талайға жарай ма ол мәңгілік,
Баққа ораған болып келіп басы мұң.

Екі ғұмыр жасап алып бір тағдыр,
Жылаған ек ұласқанда жырға жыр.
Көзін алып қайда қашты сол шақтар,
Көзі шыққыр, неге соқыр, құрмағыр.

Ынтазарды арбағанда ыстық дем,
Алданғанбыз шын бақытты құштық деп.
Тағы бір кел, өткен шағым,
Сағындым
тәтті кезді ұрындбаған «үштікке».

Мені әке, сені ана қыла алған,
Қайда сол шақ, тұла-бойы кіл арман.
Көрінсе ғой көзіме бір оралып,
Көрмек едім көлемдірек жыр арнап.

Бізге – айғақ Ақжайыққа серікпіз,
Түнді арнап екеумізге беріп күз.
Құрыққа енді іліге ме сол шақтар,
Құр елеске бос-жолдыбай еріппіз.

Ай сәулесін толқындарға билетіп,
Алғашқы түн сезіктерді күйретті.
Сұрағым бар төте қояр сол шаққа,
Сұрқайы өмір сұрақ қою үйретті.

Екеумізде бізге ортақ болды арман,
Ғашықтықтың көз жасынан құралған.
Кімге қалай... маған ыстық сол шақтар,
Кімге баян әдірам қалғыр бұл жалған?

Қу тірліктің қызылына құмартып,
Арманды сол алғандаймыз жоғалтып.
Қуантып бір жылт етсе алдан өткен шақ,
Қу тірліктен көрер едім оны артық.

Махаббат та алып тастап маскасын,
Ұсынуда енді тіпті басқа сын.
Ұңғыт шағым – өткен шағым оралсаң,
Ұмытар ем екеумізден басқасын.

Тербелсек те толқынында Жайықтың,
Тұрмады ұзақ толысса да байып күн.
Бүгінгі емес – арман маған сол шақтар,
Бүгінгі шақ, өмірімнен тайып тұр!

Биғали Шоман
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×