Сайтқа кіру Тіркелу

Жанашыр дос

Жанашыр дос

Бұрмаса да бір мойнын маған несіп,
Әр таңда үйдің сыртынан жабам есік.
Ақ қарды айырып келатсам көше кезіп,
Ала күшік қалмайды маған ілесіп.

Үрмейді де, тістерін ақситпайды,
(Отырмын мен сіздерге жақсы итті айтып)
Құтқармақшы мені ол жалғыздықтан,
(Иттің досы адамдай қасқитпайды)

«Досты» көріп кеткендей мұңым қашып,
«Демейді» ол сүрінсем қырын басып.
Жанашырлық танытты бұралқы ит,
Адамдармен жүргенде ырылдасып.

Тұрғанымда барарға жерім бітіп,
Тартады аула үміттің желі кілкіп.
Жымырып ап құлағын, сәл майысып,
Отырады күшігім мені күтіп.

... Бар сырымды ақтардым... түсінді ме...
Бұлғаңдатты құйрығын күрсінді де...
Адамдардан көңілім қалғасын ба,
Бар үмітім ендігі күшігімде...

Биғали Шоман
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×