Сайтқа кіру Тіркелу

Дархандық емес елім, дарақылық!

Шықпаса сіздердегі оймен егіз.
Ағайын бұл сөзіме қой демеңіз.
Отыз жас, қырық жастың бәрін атап,
Не болса соны думан дей береміз.
Ол түгіл былтыр қыста қысыр қалған,
Ешкіміз егіз тапса, той береміз.

Мәз болып сонымызға мақтанамыз.
Той жасап шабылғанға шаттанамыз.
Баламыз аш - жалаңаш отырсада,
Барымызды сол тойға ап барамыз.
Сабылып рестораннан, ресторанға,
Бір күнде бірнеше той атқарамыз.
Той үшін жанұямен жанжалдасып,
Той үшін кредитке ақша аламыз.
Банкке де белшеден қарызданып,
Құдайға да күнәһар боп қаламыз.

Әйелің қуандырса бала туып.
Сүндет той жасау дұрыс дара тұрып.
Үйленсең той беруде сөкет емес,
Қолыңда бақ дәулетің бола тұрып.
Шығындап барымызды ысырапқа,
Қайтеміз күн батырып, таң атырып.
Оданда кембағалға көмек көрсет,
Құдайдың бергеніне тоба қылып.
Елу жас, алпыс жасты тойлай беру,
Дархандық емес елім, дарақылық!
Олжас Отар
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Поэзия

Поэзия

Поэзия! менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім....
Қара сөздер. Абайдың қырық бесінші қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың қырық бесінші қара сөзі

Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі,...
Қара сөздер. Абайдың отыз бесінші қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың отыз бесінші қара сөзі

Махшарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы...
Қара сөздер. Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі

Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар....
Қара сөздер. Абайдың он алтыншы қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың он алтыншы қара сөзі

Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×