Сайтқа кіру Тіркелу

Дұғалар, мені сүйер қорғанымсың

Жалғыздың – жары Алла – жабыққанға –
қасыңда, қаймыққанда, қамыққанда.
Күш бітіп кетеді екен Хақ қолдаса,
Тас батып табаныңа тарыққанда.

Аллаға жоламаймын құралақан,
Азансыз атпайды енді бір ала таң.
Құлшылық, Құранымдай құралымсың,
Бес мезгіл сәжде құшып құлап жатам.

Дұғалар, мені сүйер қорғанымсың,
Сүрелер, ықтасынсың, орманымсың.
Аяттың тиіп жатыр көп көмегі,
Басында солқылдақ күй болғаны шын.

Алладан енді қайтіп ажыраман,
Алламен дүр сілкінді мажыра маң.
Алдымды ойлаймын мен...
Ертең кіммін,
Есен - сау тұрғаныммен қазір аман?!...

Келгесін Жұма тағы өрлеп төрге,
Берейін еркін алып жыр - кептерге.
Сәждеге мешіт барып жығылмасам,
Ниетім, құлшылығым құр кетпей ме...

Биғали Шоман
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×