Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Сына мені, сына тағы, сынап бақ

Хақ - тағалам, маған қатты ұнайсың!
Сұқ көзіңді менен сыртқа бұрмайсың.
Басқаларға батпай қойды бармағың,
Мені ғана, мені ғана сынайсың.

Сынбағанды үсті - үстіне «сабайсың»,
Кәпірлерді кәріңе де алмайсың.
Қадірлі ұл болғысы кеп тырысқан
Құлыңның сен қыр соңынан қалмайсың.

Сына мені, сына тағы, сынап бақ,
Қиын - қиын жұмбағы көп сұрақ тап.
Жалғанда бұл кәпір болсын сыналмас –
Ал, жәннатта – мен болайын, бірақта!

Жаңа жұма келді тағы жайраңдап –
Мен барайын, кәпір жүрсін тайраңдап.
Жұма менен құлшылығым арқылы
Жәннат - бақта маған орын сайланбақ!
Сына мені, шыдайыншы,
Төзбесем,
Ана өмірде табылады қайдан бақ?!

Биғали Шоман
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету