Сайтқа кіру Тіркелу

Жоғалтқым келмейді екен

Жоғалтқым келмейді екен

Жоғалтқым келмейді екен,
жанымның шамшырағын.
Сол жаннан қуат алған, сан үміт, сан шыдамым.
Сәулесі ғұмыр төккен, күн сынды бір құдірет
Нұрымен оятады, мендегі жан шуағын.

Сол жаннан нәр аламын,
жап-жарық нұр төгемін.
Сол нұрдан, гүлге айналам, күн сүйген күлтелерін.
Содан соң, аспан болып, қараймын мына әлемге..
Жұлдыз боп жымың қағып, жеткізем түн дерегін.

Түн болып, сыбыр қағып,
куә боп сан қызыққа,
Әп -сәтте айналамын, ең нәзік таңғы шыққа,
Ақ таң боп аймалаймын, алғаусыз үміттерді,
Жаныммен қарсы тұрам, жалқы мұң- жалғыздыққа.

Тәңірім, байқадың ба,
Мендегі қуат қандай?!
Мөлдіреп жан сезімім, ең таза бұлақтардай,
Мен мына әлем үшін, пәктіктің өзі болам,
Осынау сезім барда, күн кешем түк ақталмай.

Ендеше, берші мұрсат,
сүйгенге, сүймегенге..
Мен мына ғалам сырын, өзіңнен үйренем де ,
Жарқырап ғұмыр кешем, ғажайып ертең үшін,
Ең ұлы үміт болам , әз жаны күйрегенге .
Ең сұлу сезім болам, сүйгенге, сүймегенге.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×