Сайтқа кіру Тіркелу

Соғыстан қайтқан солдаттар

Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар
Көрдің бе үлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Кетерде солдат жарының
Ішінде қалған ана жыл.
Көкемді айтпай танырмын
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетесің
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Қаралы қағаз жіберіп,
Қаншама қайғы салды оқтар.
Барады үнсіз түнеріп,
Соғыстан қайтқан солдаттар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Соғысты көрген тағдырлар

Соғысты көрген тағдырлар

Қиындық кезең сындары Ерліктің отын маздаттың. Соғыстың сұрапыл жылдары Тағдыры талай боздақтың....

"Қос қайың"

1 көрініс. Сүгір, Досан және анасы. Сүгір күй шертіп отырады. Исатай: Еске алсақ сұм сұрапыл соғыс жылын, Жүрегін жұлып кеткен қанша мыңның. Ұлын,...
Жеңіс күніне арналған өлеңдер

Жеңіс күніне арналған өлеңдер

Ұлы жеңістің 77 жылдық мерекесі жақын қалды. Осыған орай мектептерде түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Бұл өлеңдер сол кезде қажет боп қалар деп ойлаймын...
Өткенін білмеу – болашаққа қиянат

Өткенін білмеу – болашаққа қиянат

Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің химия - биология пәндерінің мұғалімдері Наурызбаева Гульназ Чапетқызы...
Біз Жеңістің ұрпақтарымыз

Біз Жеңістің ұрпақтарымыз

Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 кәсіптік лицейінің экономика пәні оқытушысы Бәйімбетова Алтынай Амангелдіқызы Ашық тәрбие сағатының жоспары...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×