Сайтқа кіру Тіркелу

Мұғалім әйел алмаңдар

Мұғалім әйел алмаңдар...

Өзгерді қазір талғамдар,
Шындықтан көп - ау жалғандар.
Естерің болса еркектер,
Мұғалім әйел алмаңдар!
Жүргеніменен наздана,
Алмайды олар мәз бола.
Мұғалім - әйел жайында,
Сөз қозғайыншы аз ғана.
Жүзінде - күлкі, көзде - мұң,
Айта алмай ішкі сөздерін.
Таяқ жеп ылғи жүреді,
Қатесі үшін өзгенің.
Сынаққа талай дес берген,
Ертерек кетіп, кеш келген.
Діңкесі құрып тұрса да,
Үйге кеп дәптер тексерген.
Ойлаумен қамын жардың да,
Көтерген жүгін нардың да.
Байғұстар шайын ішеді,
Компьютердің алдында.
Ішінде алаң - елеңнің,
Дейді де "бәрін жеңермін".
Мектепке барып түнейді,
Тексеріс келед деген күн.
Ақылдың бәрін тауысып,
Кетер ме есі ауысып.
Тек жазда ғана ерімен,
Алады қайта қауышып.
Білінбей жанның жүдеуі,
Жақсы еркек оның тіреуі.
Сағат болды деп қуанар,
Ауырып қалса біреуі.
Футболға дағы барады,
Тазартады да даланы.
Бағам деп бала - шағаны,
Жүктемені көп алады.
Болғанмен оның киесі,
Көп оның бастық, иесі.
Ағызып қойды миларын,
Жаңаша білім жүйесі.
Баладай жүрген дедектеп,
Аллаға ғана сенед тек.
Байғұстар тағы оқып жүр,
Үш тілді білу керек деп.
Қарамай ақша жоғына,
Қызыққан қымбат тоныңа.
Мұғалім әйел бақ емес,
Келеді сенің сорыңа.
Орындалсын деп армандар,
Алданып енді қалмаңдар.
Ақымақ егер болмасаң,
Мұғалім әйел алмаңдар!

Айнұр Жаппарқұлова
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×