Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Бұл дүниенің мысалы

Бұл дүниенің мысалы
Ұшып өткен құспен тең.
Өмірде көрген жақсылық
Ұйықтап өткен түспен тең.
Атадан мирас ақылың,
Түзік айтқан мақұлың
Ләзім болған іспен тең.
Үлкеннен көрген зорлығың,
Ойлап тұрсаң, бозбала,
Дұшпаннан көрген күшпен тең.
Ағайының көп болса,
Бірлігі оның бек болса,
Жамандық жер кез келсе,
Бір - біріне сеп болса,
Бүтін тұрған бұзылмай
Отыз екі тіспен тең.
Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең,
Шешен жігіт дүрмен тең,
Иманды көңіл кірмен тең,
Ақылы жоқ надандар,
Іс бітірмес жамандар,
Жүз болса да бірмен тең.
Мектептен сабақ алсаңыз,
Алуан шекер балмен тең.
Саясы жоқ бәйтерек
Сазға біткен талмен тең.
Жаман туса балаңыз,
Бұғып өскен тазбен тең.
Қайғы ойлаған жігіттің
Кең дүниесі тармен тең.
Уайымшыл адамның
Алды тұйық жармен тең.
Жетесі жаман боз бала
Тоқмандағы шалмен тең.
Жақсының айтқан ақылы
Қазулы сара жолмен тең.
Жаманға айтқан ақылың
Ағып кеткен селмен тең.
Қас жаманның орны бар
Кесек те болса көрмен тең.
Жомарттық қылған жігіттің
Ықыласын байқасаң,
Толқып соққан көлмен тең.
Жақындап келген кәрілік
Жайып қойған тормен тең.
Жақсы қатын алсаңыз
Жақсылығын білдірер,
Ерін жөнге көндірер,
Анық осы, боз бала,
Жұмақтан шыққан хормен тең.
Алғаның жаман жолықса
Жамандығын білдірер,
Ер қадірін кетірер,
Оның өзі, боз бала,
Маңдайға біткен сормен тең.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет

Барлық тегтерді көрсету